Жаңа сабақтар

Кадрлық менеджменттің нәтижелілігі

БҚО, «Орал жоғарғы көпсалалы Болашақ колледжі»

Арнайы пәндер оқытушысы Акерке Азербаева

Пәні: Кадрлық менеджмент

Сабақтың тақырыбы: Кадрлық менеджменттің нәтижелілігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың оқу қабілеттерін ынталарын арттыра

отырып,менеджменттің негізгі мақсатын ұйымдастырудың механизмі және

оның негізгі принциптерін түсіндіру және білімін арттыру

2.Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ой өрісін дамыта отырып,

топ менеджменттің негізгі ерекшеліктерін меңгерту, білімін дамыту

3.Тәрбиелілік:тОқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу .

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың түрі: тәжірибелік

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру, талдау,

лекция жаздыру

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Сәлемдесу

2) Түгелдеу

3) Сабаққа даярлық

II. Үй тапсырмасын тексеру: Ұйымдастыру мәдениетінің түрлері

Жоспары:

1.Мәдениет туралы ғылым

2.Мәдениеттану саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарында түрлі

әлеуметтік топтар

3.Таным формалары1. Тест тапсырмалары

1) Менеджерге қойылатын талаптарды көрсетіңіз?

А) білім мен дағды

В) жан-жақты болу

С) лидер болу

D) дипломат, білімді тұлға

Е) ақпаратты өңдеуші

2) Менеджмент ғылым ретінде қай ғасырларда пайда болды?

А) ХІХ-ХVІІІ

В) ХV-VІІІ

С) ХV-VІІ

D) ХІХ-ХХ

Е) ХVІІ-ХІХ

3) Х-ХІІ ғасырдың басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі

А)Абу Насыр Әл-Фараби

В) Фредерик Тейлор

С) Абрахам Маслоу

D) Лилия Гилберт

Е) Арджирис Майкерт

4) Өндіріс тиімділігін жоғарлату мен пайданы дамыту мақсатында қолданылатын

принциптер мен әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы

А) басқару

В) менеджмент

С) маркетинг

D) стратегиялық менеджмент

Е) басқару менеджменті

5) Ұйымның қызметшілерін іріктеу мен бөлу дамыту басқарудың қай түріне

жатады?

А) оперативті басқару

В) технологиялық жетекшілік

С) экономикалық жетекшілік

D) ортақ жетекшілік

Е) қызметшілерді басқару

6) Басқарудың жоғары буыны

А) ловер менеджмент

В) лидер менеджмент

С) топ менеджмент

D) менеджер

Е) менеджмент

7) Басқарудың басқарылатын бөлігі бұл жағдайы ойланған нәтижеге әкелетін

басқару жүйесінің бөлігі

А) басқару объектісі

В) басқару субъектісіС) ұйымдық құрылым

D) кәсіпқой менеджер

Е) басқару менеджмент

8) Екі немесе одан да көп адамдар арасындағы ақпарат алмасу

А) мультипликация

В) монополия

С) нулификация

D) коммуникация

Е) дивиденд

9)Ақпарат алмасу кезеңінде жіберуші және алушының арасында өзара байланыста

негізгі қанша кезеңнен өтеді?

А) 3 кезең

В) 2 кезең

С) 6 кезең

D) 5 кезең

Е) 4 кезең

10) Кез келген басқару функциясын орындауға қажетті байланыс процесі

А) ұйым шешімі

В) шешім қабылдау

С) басқару шешімі

D) үкімді шешім

Е) интуициялық шешім

11) Бюджеттің құрылу кезеңдері нешеге бөлінеді?

А) 4

В) 3

С) 6

D) 5

Е) 2

12) Менеджменттің басты мақсаты

А) фирма қызметінің нәтижелілігін арттыру

В) қажеттілікті қанағаттандыру

С) өнім бірлігін өндіруге кеткен шығындардың саны

D) болжау, ұйымдастыру, жоспарлау

Е) адамдар арасында ақпарат алмасу процесі

III.Жаңа сабақ түсіндіру:

Жоспары:

1.Қазіргі кезеңдегі менеджментті жоспарлау

  1. Топ менеджменті1.Қазіргі кезеңдегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының

өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың

ойындағыдай іс-әрекетімен, басқарумен, -дамыған теориясымен және

маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын

жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. В. Хайер өзінің «Европада бизнес

қалай жасалады?» кітабында былай деп жазады: «Менеджмент — бұл жұмыс

істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы. Егер батыста кез

келгең кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы

бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек

басшылар».

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы — бұл басшылық. Кәсіпорындар

тек өз органдары, яғни басшылар немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете

алады.

Жеке кәсіпорыдардың өздерінің құқықтық формаларына қарамастан, тиісті

басшылығы болуы керек. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсіпорын

менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның

басқару міндеті, тауар өндіру немесе қызмет көрсету әрекеттері болуы,

басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу немесе рынок арқылы

әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруы. Өндірістік кәсіпорындағы

менеджменттің басқа ұйымдардан озгешілігі, олар өзінің барлық

шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір

сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижелілігімен негізделеді.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда

менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін

экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез-келген әрекет, кез-келген

шешім — бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің

тиімділігі және менеджерлердің іс-әрекеттерінің экономикалық

табыстылығын экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.Менеджменттегі басты нәрсе — менеджердің өзіне кәсіпорын мүддесіне

жауап беретін мақсаттар қоюы («алдын-ала мақсат қойған менеджмент»). Ескі

стильдегі кәсіпорын басшылығынан менеджердің түбегейлі өзгешілігі де

осында.

Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне

жататыны — қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді

кәсіпорын құру. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағалы бір шама арзан тауарларды

шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда тәуір қызмет көрсете алуы

тиіс.

Қазіргі мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайында

экономикалық және ұйымдық-басқару процесінің күрделенуі

монополияньщ басқару аппараты санын сөзсіз арттырады.

АҚШ-та 1935 жылы өнеркәсіп өндірісінде істейтіндердің оннан

бірі инженер-техник қызметкерлері мен қызметшілері болса, қазіргі

кезде бұл басқару қызметкерлерін 3 категорияға бөлуге болады.

2.Топ менеджменті — басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы

анықтамалық басқармада бұған директорлар кеңесінің төрағасын,

президентті, аға вице-президенттерді, фирмалардың вице-

президенттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен қазынашыларды

жатқызады. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы

стратегиясын жасаумен, болжаумен және ұзақ мерзімдік

жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешумен, сыртқы

кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады. Осы деңгейде

өнім ассортиментінің өзгеруі, өтім рыногы, өндіріс қуатын ұлғайту,

шетелдерде бөлімшелер ұйымдастыру т.б. мәселелермен

шұғылданады.

Мугеле менеджменті — өндіріс бөлімшелері мен функциялық

қызметтің ортаңғы меңгеруші басшылары, завод директорлары,

олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылымизерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге,

есеп және бақылауды жолға қоюға, кадр саясатын жүзеге асыруға

Кәсіпорын — ең алдымен адамдар. Осыдан келіп терминнің 3-ші

анықтамасы шығады: менеджмент — бұл адамдардың, қызметкерлердің

жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындағы адамдар өндірістік процестің ең

маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорынды құрарда, жаңа

инвестицияны жұзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды капиталдар

рыногынан алуға болады. Ал, өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу

күрделі іс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне, жаңа рыноктарды

игеруіне негіз болып жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер

кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны

жұмысшыларды емес, басшыларды ауыстырады. Сонымен, менеджмент

дегеніміз — ұжым жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын

ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық

қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін

арттыруды көздеу қажет.

Сонымен менеджменттің 2 ұғымы бар.

1 Менеджмент — бұл басқару, басшылық ету органы.

2 Менеджмент — бұл адамдарды басқару (әрекет).

К. Маркс «Капиталда» былай деп жазды. Капиталистің жеке меншігіндегі

кәсіпорынды арнайы мамандар басқарады, оларға еңбек ақы төленеді. Бұл

менеджерлер деп жазды К. Маркс, капиталистік кәсіпорында сол кәсіпорын

біршама іріленгенде, мұндай басқарушының жұмысы өзін-өзі ақтағанда пайда

болды. Өндірісті басқарғанда жалдамалы қызметшілерді пайдалану, әрине

капиталистік формацияларға дейін де болған. Маркс Аристотельге сүйене

отырып құл иеленуші басқару функциясын басқа адамға жүктеп, өзіне

ауыртпалықты түсірмейтінін атап көрсетті: «Бұл мырзалар мынадай

ауыртпалықты (яғни басшылықты) қаламаған жағдайда, бұл міндеттің бір

бөлігін бақылаушыға жүктейді де, олардың өзі мемлекеттік іспен немесе

философиямен шұғылданады.Ловер менеджменті — басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар —

цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі

секторлар мен топтардың басшылары, — жұмысшыларға тікелей басшылық

етеді.

2.Менеджер іс әрекеттерінің бағыттары

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген бір нәрсені реттеу,

меңгеру, басшылық ету деген ұғымды білдіреді. Мәселен, тек ғылыми

ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, ол зерттеуді

ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине менеджер. Ауруды тек емдеп

қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер — ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл басқарумен, экономикамен

шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам.

Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да

менеджер.

Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен,

американдықтардың түсінігінде, мұндай адамдар қатарына өзіне бағынатын

белгілі бір қызметкерлердің нактылы жұмыстарын ұйымдастырумен

айналысатындар жатқызылады.

Европалықтардың түсінігінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшьілыққа

ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

IV.Бекіту: Жаңа тақырып бойынша қосымша сұрақтар арқылы бекіту.

1.Менеджментті жоспарлау дегеніміз не?

2.Менеджменттегі факторларын ата?

3.Менеджерлердің жоспарын қалай түсінесің

4.Менеджер іс әрекеттерінің бағыттары қандай?

V.Үйге тапсырма: Менеджмент функциялары

VI. Бағалау: Үй тапсырмасын сұрау, бағаларын естірту.

VII. Пайдаланылған әдебиеттер:1. А.Д.Үмбеталиев «Кәсіпорын экономикасы», Алматы-2010 ж.

  1. Б.Мырзалиев,С.Ыдырысов,Ғ.Оспанова, С.Қалтаева «Экономикалық

теория негіздері» Түркістан-2006ж.

Оқытушының қолы:__________Азербаева А.С.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.