Жаңа сабақтар

Жасұланқызы Айгерім

Батыс Казакстан облысы Бөрлі ауданы Аксай каласы «Шаңырақ»

Тәрбиеші Жасұланқызы Айгерім

Тақырыбы: «Ананың біз гүліміз, ана біздің күніміз!

Мақсаты: балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеушіз еңбегін бағалай білуге, ананы сүюге баулып, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейрімінен тарайтынын ұғындыру.

Көрнекіліктер:

  • Ертенгілікке қажетті музыкалар
  • Әр балаға гүлдер
  • Қыздар биіне қолдарына рамашка гүлдері (2-2ден)
  • Ұлдар биіне қолдарына: тазик, сүлгі, алжапқыш, бастарына косынка
  • Көрініс: құдық, атаның киімдері, доп немесе гирь, ән, шелектер, тас т.б
  • Аналарға арналған сыйлықтар
  • Атрибуттар: күн, бұлт, гүлдер, құстар, құлын, жаңбыр
  • Видео-фильм.

1.Бала: -Ерасыл сен білесін бе, бүгін аналар мерекесі.

2.Бала: Ия, білемін, бүгін 8 наурыз.

Екеуі бірге: Не сыйласақ екен?

3.Бала: жүгіріп келіп: Мен ойлап таптым. Концерт ұйымдастырайық!

Барлығы: Ақыл, йэс! Кеттік достарымызды шақырайық!

Әуен: Топ балалары оң қолдарына гүл ұстап, кіреді.

Әуенге сай қимылмен билейді.

Орындарына отырады.

Тәрбиеші: Аяулы біздің аналар мен әжелер, Сіздерді бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің сәбилеріміздің сіздерге аналарға деген ыстық лебіздерімен шексіз махабаттарын ән мен тақпақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші: Армысыздар, аяулы аналар,

Армысыздар, әжелер мен апалар!

Мерекеңмен құттықтайды сіздерді,

Шашу шашып, өнерімен балалар!

Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Тәрбиеші:-Сонда бүгін қандай мереке?

Олай болса мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ата-аналар!

4.Бала: Көктем келді жадырап,

Күн нұрымен таласып.

Жайнай берші жарқырап,

Жаны жайсаң анашым!

5.Бала: Көктем келді алақай!

Көктеп жатыр даламыз.

Біз бақытты балақай,

Мәңгі жүрсе анамыз!

6.Бала: Көктем келді балалар!

Асыр салып ойнайық,

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Анамызды сыйлайық!

Аманжол: Көктем келді, балалар

Жердің беті жанарар

Ақ сүт беріп өсірген

Аман болсын аналар!

7.Бала: Менің анам аппақ,

Кәмпит берсе тәтті-ақ

Күні бойы тынбастан

Үйретеді тақпақ

8.Бала: Менің анам ақылды

Тарап берді шашымды

Қалтасы бар әдемі

Шалбарды да сатып әперді

9.Бала: Анашым, ақ таным

Ақ сүтін ақтаймын

Жүректе атыңды

Тұмардай сақтаймын

10.Бала: Анашым жүрегім,

Өмірлік тірегім

Аман боп жүрші тек,

Алладан тіледім

Тәрбиеші: Келесі балалардың орындауында ән : «Ақ мамам».

Амиржан:Балалар-ау, балалар!

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып!

11.Бала: Көктем келді балалар!

Ән айтайық , би билеп,

Мейрамында аналар

Қабылдасын сый қылып.

Би: «Шоқ қыздар».

Орындайды: О. Рамазан және қыздар тобы.

Ән: «Нұрын төккен маған»

12.Бала: Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.

Айсұлу: Анашым, анам

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылшы болам

Көрініс: «Үш ұл».

13.Бала: Мерекесі бүгін

Алтын анамның

Сыйлайыншы гүлін,

Жарқын даламның.

14.Бала: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз!

Ұлдар тобы: «Елім анам»

Би: « Ромашка»

Орындайтын: Қыздар тобы.

Ән: «Әжем»

15.Бала: Менің әжем әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне

16.Бала: Әжем менің қымбатты,

Бәрінен де сымбатты.

17.Бала: Мамочке и бабушке

Я стишок дарю,

Милые, хорошие

Больше всех я вас люблю

Би: «Стирка» орындайтын ұлдар тобы.

18.Бала: «Көктем келді».

-Күн, сен неге күркірейсің?

-Көктем келді, көктем келді.

-Жаңбыр, неге сіркірейсің?

  • Көктем келді, көктем келді

-Бұлақ, сен неге сылдырлайсың?

-Көктем келді, көктем келді.

-Құлын, неге құлдырайсың?

-Көктем келді, көктем келді

-Гүлдер, неге жайнайсыңдар?

-Көктем келді, көктем келді

-Құстар неге сайрайсыңдар?

  • Көктем келді, көктем келді!

Барлығы айтады: Көктем келді, көктем келді!

Осы кезде: Көктем қонаққа келеді.

Көңілді әуенмен билеп, шебер бойымен айналып тұрады. Сөзін айтады.

Тәрбиеші: Ару көктем, сұлу көктем,

Келіп қапсың күлімдеп сен

Келгеніне қуанамын

Қандай ғажап нұрың, көктем!

Тәрбиеші: Ару көктем, сұлу көктем!

Бір ғанибет емес пе өзі

Аналарды қуантқаның.

Тәрбиеші: Балалардың тілектеріне назар аударайық.

Видео-фильм: анашыма

Көктем ойын ойнатады: «Кім мені шақырды?».

Хормен ән: «Балабақшам менің!»

Балалар өз сыйлықтарын аналарына береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.