Жаңа сабақтар

Нұртай Меруерт Арысбекқызы

Нұртай Меруерт Арысбекқызы

Түркістан облысы Отырар ауданы Ақтөбе ауылы.

« Қатира-Ана» балабақшасы МКҚКМ

Балабақша меңгерушісі.

А бөлімі

Перспективалық және циклаграммаға енгізілетін өзгерістердің түсіндірме

Қолданыстағы перспективалық жоспарымды зерделей отырып, ондағы мақсаттарымның жүйелі құрылмағанын аңғардым. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын негізге ала отырып, өтпелі тақырыпты ашу мақсатында күтілетін нәтижелерді бес білім саласына сәйкестендіріп алдым. Ондағы мақсатым мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын дұрыс қалыптастыру. Осылайша мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, спираль қағидатының негізінде алдыңғы алған білімдерінің біртіндеп күрделенуіне жағдай жасаймын деген ойдамын.

Жоспарымдағы өтпелі тақырыпқа сай құрылған ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптарын мақсаттармен толықтырдым. Мақсат қол жетімді болу үшін бағдарламаның түйінді идеяларына сүйендім. Мақсаттарымды нақты, өлшемді етіп смарттап алдым. Смарт мақсат арқылы балалардың білімін одан әрі дамуына қолдау көрсетуім тиімді болатындығына сенемін.

Білім беру үрдісін ұйымдастыру мазмұны мен әдістерінің негізі болып табылатын дидактикалық немесе басқа да ойын түрлерін апталық жоспарымда негізгі үш ойын түрінде қарастырдым. Және де осы үш ойын түрлері менің танымдық оқиғаны жазуыма өз әсерін тигізді. Ойын арқылы мен бақылау мен оқыту стратегияларын нақты түсіне алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметтерімде ойынның тиімді және тиімсіз тұстарын анықтай алдым. Мен үшін ойынды мен оқыту құралы ретінде қолдануым тиімді болды. Ойын түрлерін қолдануым балалардың дербестігін, қызығушылығын, олардың арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына қолайлы болады деген ойдамын. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде көрсетілген мақсаттарға жетуде құрылымдалған ойын арқылы баланың қажеттілігін ескеріп, қажетті ресурстарды ұсынғаным баланың нұсқауға сүйене отырып өз бетінше әрекет жасауына септігін тигізеді деген ойдамын. Еркін ойында баланың үнін ескере отырып қажетті ресурстармен қамтамасыз етуім баланың ой қиялының өсуіне шығармашылық қабілеттерінің дамуына жетелейді. Мен тиімді оқытуда осы ойын түрлерін қолдануым тиімді деп шештім. Алдағы тәжірибемде де мен ойын арқылы мен балалардың бойында 4К моделінің дағдыларын дамытамын деген ойдамын. Командада жұмыс істеуде бала үнін ескеріп ойын тұрлерін әдіс ретінде қолданамын.

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР

«Балдәурен» 4-5 жас

2019 жыл қыркүйек айы

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Мақсаты: балаларда әлеуметтік дағдыларды,мектепке дейінгі ұйымға, топқа, балалар мен ересектерге сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамытуға бағытталған.

Күтілетін нәтиже Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіреді, қол мен аяқ қимылын үйлестіреді Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады ,

шағын әңгімелер мен ертегілерді және түрлі интонацияларды дыбыстайды

Санай алады, сандарды ретімен атайды, салыстырады.

Құрылыс бөлшектерін атайды,оларды пайдаланады.

Қарапайым тәжірибеге қызығушылық танытады.

Түрлі пішіндегі заттарды мүсіндеу және бейнелеу арқылы шығармашылығы дамиды Қүтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі. Адамгершілік мінез-құлық нормаларын орындай алады
Тақырыпша

І- апта

«Балабақша»

Денсаулық-3

Дене шынықтыру-3

Коммуникация-2,5

Сөйлеуді дамыту-1

Көркем әдебиет-0,5

Драма-0,5

Орыс тілі-0,5

Таным-2,5

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру-1

Құрастыру-0,5

Жаратылыстану1

Шығармашылық-3,5

Музыка-1,5

Сурет-1

Мүсіндеу-0,5

Аппликация-0,5

Әлеумет-0,5

Қоршаған орта-0,25

Экология негіздері-0,25

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша.

Дене шынықтыру маманжоспары бойынша.

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Балабақша үйіміз».

(сурет бойынша әңгімелеу)

Мақсаты:

Балабақша туралы түсінікке ие, сурет бойынша әңгіме құрастырады. Байланыстырып сөйлей алады.

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Ф. Оңғарсынованың «Үй жақсы ма, бақша жақсы ма?» өлеңі.

Мақсаты: өлеңінің мазмұнын айтады және есте сақтай алады.Әңгіме құрап айта алады.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Біздің бақшада»

Мақсаты:Балабақшадағы бір және көп сандарды салыстыру

Құрастыру

Тақырыбы: «Балабақша ғимараты» (құрылыс материалдарынан құрастыру)

Мақсаты:«іргетас» ұғымын біледі, балабақша ғимаратын құрылыс материалдарынан құрастырады.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Балабақша ауласына саяхат»

Мақсаты:Балабақша ауласындағы ағаштар мен жеміс ағаштарын ажырата алады.

Музыка

Мұғалімнің жоспары бойынша

Сурет салу

Тақырыбы: «Балабақшадағы түрлі түсті шарлар»

Мақсаты: Дөңгелек және сопақша пішіндерді бейнелей алады. Түстерді ажырата алады.

Мүсіндеу

Тақырыбы: «Доптар»

Мақсаты:

Ермексазды алақанда домалақтап доптың мүсінін жасай алады.

ІІ апта

«Менің достарым»

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Үйшік» ертегісі

Мақсаты:«Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсінеді. Ертегідегі желісі бойынша әңгіме құрай алады.

Драма

Тақырыбы:«Үйшік»

ертегісі

Мақсаты: «Үйшік» ертегісін сюжеті бойынша драмалайды, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстай алады.

Орыс тілі

Мұғалімнің жоспары бойынша

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:«Достарымның ойыншықтары»

Мақсаты: ойыншықтарды атайды және топтастырады.

Құрастыру

Тақырыбы:«Досымның үйі»

Мақсаты: құрылыс материалдарын пайдалана алады. Үйдің бейнесін құрастырады. бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.

Жаратылыстану

Тақырыбы:«Менің жасыл достарым»

Мақсаты:Бөлме өсімдіктері туралы біледі, аттарын атайды.

Музыка

Мұғалімнің жоспары бойынша

Сурет

Тақырыбы: «Үйдің суретін саламыз»

Мақсаты: Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе біледі. Сурет салу техникасын түсіне алады.

Аппликация

Тақырыбы: «Досымның үйі»

Мақсаты: Қайшыны дұрыс ұстай және пайдалана біледі.

Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдейді.

ІІІ апта

«Менің сүйікті ойыншықтарым»

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Ойыншықтар дүкені.

Мақсаты:Ойыншықтар туралы түсінікке ие; Ойыншықтар туралы шағын əңгіме құрастырады.

Көркем әдебиет Тақырыбы:Ойыншықтар достығы (Т.Благовещенская)

Мақсаты : Ертегінің мазмұнын түсінеді. Ертегідегі кейіпкерлердің мінезін сипаттайды.

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:«Сөредегі ойыншықтар»

Мақсаты:ойыншықтарды атайды. Оларды өзара топтастырады «барлығы қанша?» ұғымын түсінеді.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Ойын алаңына саяхат»

Мақсаты: маусымдық өзгерістер туралы түсінікке ие. Ауа райын анықтай алады.

Музыка

Мұғалімнің жоспары бойынша

Музыка

Мұғалімнің жоспары бойынша

Сурет

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты:Доптың суретін сала алады. Ирек сызықпен әшекейлейді.

Мүсіндеу

Тақырыбы:«Пирамида»

Мақсаты: Пирамида мүсінін жасауда әртүрлі тәсілдерін пайдаланады,

ұқыпты жұмыс жасай алады.

Қоршаған орта

Тақырыбы:

«Ойыншықтар»

Мақсаты:Мақсаты: Ойыншықтарды атайды.Материал арасындағы байланысты ажырата алады

ІVапта

«ЖиҺаздар»

Дене шынықтыру

Маман жоспары бойынша

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Үй жиһаздары.

(байланыстырып сөйлеу)

Мақсаты:үй жиһаздары туралы біледі. Қажеттілігін атай алады.

Драма

Тақырыбы:

«Үш аю» ертегісі

Мақсаты: «Үш аю» ертесі мазмұнын біледі.Ертегіні драмалайды.

Орыс тілі

Мұғалімнің жоспары бойынша

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Үйді жабдықтау

Мақсаты:үй жабдықтарын атап, санын атайды, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап бере алады.

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Жиһаз фабрикасына саяхат»

Мақсаты: «Жиһаз» туралы түсінеді. Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылықтарын, зейіндерін дамыту.

Музыка

Мұғалімнің жоспары бойынша

Сурет

Тақырыбы: «Үй жиһаздары» ( Сандық) (Сәндік сурет салу)

Мақсаты: Сандықтың бейнесін сала алады. қазақ оюларының элементтерімен әшекейлей алады.

Аппликация

Тақырыбы: «Сандықты әшекейлеу»

Мақсаты:Геометриялық пішіндерден ою-өрнектерді құрастырады. Сандықты оюлармен әшекелей алады.

Экология негіздері

Тақырыбы: «Топ жиһаздары»

Мақсаты: Топ бөлмелеріндегі жиһаздарды дұрыс атайды. Материал арасындағы байланысты ажырата алады.

Бірінші аптаға (16.09-20.09қыркүйек2019ж.)

Өтпелі тақырып «Менің балабақшам» Апталық тақырып: «Менің сүйікті ойыншықтарым»

Күн тәртібі Уақыты Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
«Коммуникация»

«Денсаулық»

«Таным»

«Коммуникация»

«Денсаулық»

«Коммуникация»

«шығармашылық»

«Шығармашылық»

«Әлеумет»

«Таным»

«Денсаулық»

Балаларды

қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

8.00-8.30 Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: бақша туралы жеке әңгімелеседі, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастырады. Жағымды жағдай орнатады.
Еркін ойын.

Үстел үстіндегі ойын: мазайкадан суреттер құрайды.

құрылымдалған ойын

Құрастырмақтардан үй жасайды.

Еркін ойын:

Асықпен қанталапай ойынын ойнайды

Құрымдалған ойын:

Кубиктерден үйлер жасайды.

Еркін ойын.

Үстел үсті ойыны даминомен ойнайды.

Жаттығулар кешені№1
Таңғы ас 8.30 9.00 Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтауға баулу
Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық 9.00-9:10 Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар
Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: Қай жерде тұрады?» Құрылымдалған ойын:

Бақшадағы ойыншықтарды санау»

Құрылымдалған ойын:

Менің үстелім

Педагог жетекшілігімен ойналатын ойын:

«Бақша ауласын құрастыр»

Құрылымдалған ойын:

Қимылын көрсет

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері 9:10

10:35

Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені.»

мақсаты:

Ойыншықтар туралы түсінікке ие; Ойыншықтар туралы шағын əңгіме құрастырады.

Ресурстар: суреттер, ойыншықтар, әңгімелесу,

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын.

Ширату

Музыкаға сәйкес қимылдар жасайды.

1.тапсырма

Ашық сұрақтар, АКТ.

Креативті ойланады.

2.тапсырма

Педагогтың жетекшілігімен: «Қуыршақты серуенге киіндірейік» Мақсаты: Қуыршақты киіндіре алады. Киімнің түстерін ажыратады. Рефлексия: мадақтау.

Бақылау критерилері. Балалар қуыршақты киіндіре біледі. Рефлексия:

Алақаннан алақанға.

3. Дене шынықтыру

Маман жоспары

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: «Сөредегі ойыншықтар» Мақсаты: Ойыншықтарды атайды. Оларды өзара топтастырады «барлығы қанша?» ұғымын түсінеді.

Ресурстар: ойыншық.Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,ойын

Ширату: Арайлап тап таң атты. Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз. Жайнай түсін қаламыз 1.тапсырма.

-Сөредегі қандай зат? –Олар қанттыма, жұмсақпа?- Түрлеріне қарап атайықшы? –Көппе, азба?Әңгімелеседі, сыни ойлайды. Диоалогты қарым -қатынас түседі.. 2.тапсырма.Педагогтың жетекшілігімен ойын: «Ойлан тап»

Мақсаты: сөресіндегі заттармен танысадыойыншықтарды атап, ажыратады. Ресурстар: Муляж, ойыншықтар.

Екі топқа бөлінген балалаларды нұсқаушы орындаушы әдісімен ойыншықтарды сипап сезу, арқылы ойын ұйымдастыру. Баланың сезімталдығын есте сақтау қаблетін арттыру.

Бақылау критерилері ойыншықтарды көлеміне, түр-түсіне қарап сұрап үйренеді. Рефлексия:нәтижені мадақтау

2. Орыс тілі

Маман жоспары

  1. Көркем әдебиет

Тақырыбы: Ойыншықтар достығы (Т.Благовещенская)

Ертегінің мазмұнын түсінеді. Ертегідегі кейіпкерлердің мінезін сипаттайды. Ресурстар: суреттер, шығармашылық құрал жабдықтар.Әдіс-тәсілдер, Ойын, сурет, интерактивті тақтамен жұмыс.Ширату:Жүректен шыққан тілек.1.тапсырма диалог, әңгімелесу 4Какоммукативті дағды қалыптасады. 2.тапсырма.Құрылымдалған ойын: «Менің ойыншықтарым» Мақсаты: Ойыншықтарды атап, түрлерін ажырата алады.Бақылау критерилері. Ойыншықтарды атап, түрлерін ажыратып алады.

2. Дене шынықтыру

Маман жоспары

3.Мүсіндеу

Тақырыбы: «Сүйікті ойыншығым» Мақсаты: оыншықтардың түр-түсін біледі. ойын арқылы қызығушылығы артады. Әдіс-тәсілдер әңгімелесу, сұрақ-жауап Ресурстар ойыншықтар, 2.тапсырма

Құрылымдалған ойын: « Перамида»

Мақсаты: Ермексазды алақан арасында домалақтап, перамида мүсінін жасауда әртүрлі тәсілдерін пайдаланады,ұқыпты жұмыс жасай алады.

Әдіс-тәсілдер: әгімелесу, сұрақ-жауап

Ресурстар: үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, үлестірмелі материалдар. Ширату

Көңілденіп, күлемін,

Бақытты боп жүремін.

Бәрін біліп алатын

Мен ақылды баламын

Іс-әрекет кезеңі.балалар пирамидаға мұқият қараңдаршы. пирамиданың сақиналарын біртіндеп шешіп кейін орнына қайтып орналастырамыз.- Балалар қараңдаршы қандай әдемі! Сендер осы пирамидамен ойнағыларың келеме? Балаларға түрлі ресурстарды бердім.Сендер перамиданы өз қолдарыңмен жасайсыңдар.Ермексаздың түрлі-түстілерін пайдаланып, ширату арқылы жасайды. Жасалынған пирамиданы

  1. Сурет салу

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»)

Мақсаты:Доптың суретін сала алады. Ирек сызықпен әшекейлейді. Ресурстар: шығармашылық құралдары, түрлі-түсті қаламдар, бояулар Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ- жауап.Ширату Музыкалық әуенге дене қимылдарын жасайды.1.тапсырма сурет,ашық сұрақтар 2.тапсырма Педагогтың жетекшілігімен «жоғары төмен» Мақсаты: доптың не екенін біледі.ойыншықты орналастыра алады.

Қоршаған ортамен танысу

«Ойыншықтар әлемі»

Мақсаты: Ойыншықтарды атайды.Материал арасындағы байланысты ажырата алады. Әдіс тәсілдер.Әгімелесу, сұрақ –жауап. АКТ.

1.тапсырма Бейне ролик, ашық сұрақ, әңгімелеу. 2.тапсырма.Тәрбиешінің жетекшілігімен : «Балақанда алақан»мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.бақылау критерилері..

1.Құрастыру

Тақырыбы: «Қуыршақтың үйі»

. Ресурстар: пробель тайақшалары,кубиктер

Әдіс-тәсілдер: дамытушы орта Ширату Мына аспан астында

Жақсы дос көп табылар

Мен де соның бірімін,

Сыйлығымды ал!

Мақсаты: Текшелер мен кубиктерді пайдалана алады. қуыршақтың үйін құрастыра алады. Бақылау китрериі Балалар текшелермен кубиктерді пайдаланады..

2. Дене шынықтыру

Маман жоспары

Серуенге дайындық 10.35 Киіну: реттілік, серуенге шығу
Серуен: 10.35 №3 Күнді бақылау №6 Түскен сары жапырақтар №7 Ұшатын құстар №9 Топыраққа бақылау №9 Ауа райын бақылау
Серуеннен оралу 12.30 Балалардың реттілікпен киімдерін шешіп, жинастырады, қолдарын жуады .
Түскі ас 12.30-13.00 Балалардың назарын тағамға аударады; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.
Ұйқы 13.00-15.10 Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасайды. Ертегілер оқу
Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары 15.10-15.40 Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

Білімді кеңейту және мәдени-гигеналық дағдыларды орындау.

Ойын- жаттығу : Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаңсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.

Бесін ас 15.40-16.00 Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс
Вариативтік компонент

Ойындар, дербес әрекет

16.00-16.30 Еркін ойын

Бақшадағы қуыршақтар

Құрылымдалған ойын:

Кептер

Педагогтың жетекшілігімен ойналатын ойын:

кім жылдам?

Құрылымдалған ойын: Кімнің заттары? Құрылымдалған ойын: Қуыршықты жуындыр
Баланың жеке даму картасына сәйкеғс жеке жұмыс 16.00-16.30 Бөлме өсімдіктерінің күтімі жайлы әңгімелесу Топ бөлмедегі заттарды ажырату Өлеңді жаттату Түстерді ажырату бақша бөлмелерін ажырату
Серуенге дайындық 16.30 Киіну: серуенге шығу.
Серуен 18.00 Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Күн мен жаңбыр» Құрылымдалған ойын: «Қолшатыр» Педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін ойын:

«Допты қуып жет»

Еркін ойын: «Кім бірінші отырады?» Құрылымдалған ойын:

«Түлкі мен Қоян»

Балалардың үйге қайтуы 18.00-18.30 Ата-аналарға кеңес:

«Үйде ойын бұрышын ұйымдастыру».

Психологтің кеңесі: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет. Балалар отбасында өздері не істей алатындары туралы әңгімелесу. Кеңес:

«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».

Жобаны таныстыру.

«Менің бақшам тақырыбында көрме ұйымдастыру.

В бөлімі

Түсіндірме

Менің осы танымдық оқиғаны жазуыма Қалжанның инелікке деген қызығушылығын байқауым түрткі болды. Бақылау жасау барысындаҚалжан мен диалогтік қарым-қатынасқа түстім. Қалжанның ойлау қабілетін әрі қарай дамыту үшін ашық сұрақтар қойдым. Ашық сұрақтарыма жауап беруде Қалжан сыни ойланып жауап берді. Менімен қарым қатынасқа түсіп,оның коммуникативті дағдысының қалыптасуына мүмкіндік туғызды. Қалжанның инелікке қызығушылын одан әрі дамыту үшін инелік пен тік ұшақтың ұқсастығын анықтауда инеліктің қанаттарына қарап ұқсастығын анықтай алды. Қалжанда инеліктің суретін салуда, түстерді дұрыс таңдап, қолдана білу дағдысы қалыптасты. Мен бала үніне құлақ түріп, қажеттіліктерін ескеріп, өздерінің қалауындағы түстерді қолдануларына ерік бердім. Балалар мен командада бірігіп жұмыс жасады.

АКТ –дан «Инелік пен Құмырсқа» мультфилімін көрсетуім балалардың зейінін шоғырландыруға жетеледі. Бейнені көру арқылы мазмұнындағы іс әрекеттердің негізінде еңбек сүйгіштік сезімдері қалыптасты. «Стоп кадр» әдісін пайдалану арқылы балаларда бейне мазмұнының жүйелі есте сақталуына ықпалын тигізеді. Мультфильм желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы балаларды оқытуда саралау стратегиясының диалог түрі іске асты. Бағдарламаның түйінді идеяларының бірі бала үнін ескере отырып, балалар екі топқа бірікті.

Бірі ермексазды пайдаланып инеліктің мүсінін жасауды, ал екінші топ инелікті қиып жапсырды. Берілген тапсырмаларды орындау арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері артты. Балалардың мұқияттылығын анықтау мақсатында, «Қанатынан таны» тақырыбында ойынын ұйымдастыруым тапсырманы креативті шешуіне бағыттап алдым. Қалжан инелікті жақсы танитынын көрсетіп, қанатын тез,және дұрыс таба білді. Баланың сыни ойлауын, креативті шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастырдым. Осы жерде мен ширату қағидатының қолдандым. Қалжанның алдыңғы алған білімі қарай жетілуі мен ілгерілеуіне жетелегенін анықтадым. Қалжанның ары қарай қызығушылығын арттыру мақсатында суреттеп салған жұмыстарынан көрме ұйымдастырдым. Көрме ұйымдастыруым ата-аналарды оқу үдерісіне қатыстыру болатын. Осылайша мен Қалжанның ата-анасына баласымен бірге түрлі жәндіктердің суретін салуды тапсырдым. Балаларды оқытуда ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасау менің кәсіби білімімнің нәтижелі болуына өз септігін тигізері анық деп ойлаймын. Алдағы кезеңдерде демен бағдарламаның түйінді идеяларына сүйене отырып ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасаймын деп жоспарлаймын.

Танымдық оқиға

Тәрбиеші : Нұртай Меруерт Арысбекқызы

Топтың атауы : ересектер

Аты-жөні: Ауелбай Қалжан

Жас кезеңі 4-5жас

Таза ауадағы жағдаят.

Біз балабақшадағы балалармен бірге таза ауаға серуенге шықтық. Қалжан, гүлдерге қонып тұрған инеліктерді қызықтап тамашалап қарап тұрды. Мен Қалжанның қасына келіп бақылау жасадым. Қалжанға ашық сұрақтар қоя отырып әңгімеге тарттым..

  • Қалжан бұл не ?
  • Инелік
  • Инелік қалай ұшады?
  • Инелік тік ұшады.
  • Инеліктің көздері қандай?
  • Дөңгелек
  • Олар немен қоректенеді?
  • Шыбын- шіркей масалармен.
  • Инелік неге ұқсайды?
  • Тікұшаққа
  • Несімен тікұшаққа ұқсайды?
  • Себебі олар екеуі де бір орыннан тік ұша алады?

Осы кезде инелік басқа жаққа ұша жөнелді. Қалжан инеліктің арқасынан жүгіре жөнелді. Қалжан қайтып келіп инелікке жете алмағандығын айтты. Мен одан сен неге оны қуа жүгірдің деген сұрағыма ол апай мен оның қанаттарын санамақшы едім деп жауап берді. Саған инелік несімен ұнайды дегенімде себебі инелік жәндіктердің ішіндегі ең әдемісі деді. Мен осылайша Қалжанның бойындағы инелікке деген қызығушылығын байқадым.

Әрі қарай оқыту:

Мен Қалжанның қызығушылығын арттыру үшін инеліктің суретін асфальт үстіне салуды ұсындым. Ондағы мақсатым, инеліктің бейнесін салуда басқа да балалардың топтасып жұмыс жасауын ұйымдастыру болатын. Топқа оралған соң, балаларға «инелік пен құмырсқа» мультфилімін көрсеттім. Мультфилім арқылы балаларға инеліктің сұлулығын, қанатының әсемдігін құмырсақаның еңбек сүйгіш жәндіктер екенін әңгімеледім. Бұл мультфилімде құмырсқаның өз азығын қысқа дайындап, инеліктің тек ән салып, би билеп гүлдердің тәттісін теріп жүре беретіндігі туралы көсетілген. Балалар бізде құмырсқа сияқты еңбекқор болуымыз керек екенін әңгімелеп жеткіздім. Мультфильм арқылы инелік пен құмырсқаның тіршілігін анықтау болды.

Екінші күні ұйымдастырылған оқу қызметі барысында инеліктің бейнесін ермесаздың көмегімен мүсіндеуді жоспарладым. Инеліктің дене құрылысын мүсіндеуде басқа да материалдарды қолдануға болатынын ескерттім. Келесі шығармашылық оқу қызметі барысында инеліктің бейнесін түрлі-түсті тұздармен бейнеледі. «Бастыру » әдісін пайдаланып, инеліктің бейнесін сомдады.

Ойын түрлерін оқыту құралы ретінде пайдаланып балалармен «Қанатынан таны» тақырыбында ойын ұйымдастырып, баланың сыни ойлану, креативті шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыруыма қолайлы болады. Мен түрлі жәндіктердің суреттерінен көрме ұйымдастырайық деген ұсыныс жасадым. Балаларға ұсынысым қатты ұнады. Келесі күні үйлерінде өздері салған суреттерді ала келетіндігін айтты. Кешкісін балалар осы ұсынысты ата-аналарына жеткізді. Ата-аналарда ұсынысқа қарсылық танытпай керісінше қызығушылықтарын білдірді. Мен осы әдісім баланың іс-әрекетіндегі дағдылардың қалай қалыптасып жатқанына ата-аналарды қатыстыруға қолайлы деп санадым. Балаларды оқытуда ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау менің кәсіби білімінің нәтижелі болуына өз септігін тигізері анық деп ойлаймын.

С бөлімі

Тәбиелеу мен оқыту тәжрибесіне өзгеріс және ол өзгерістерді

басқару туралы рефлексия

«Таным» білім беру саласы бойынша, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде, «Сөредегі ойыншықтар» тақырыбы бойынша педагогтың жетекшілігімен жүргізілетін «Ойлан, тап» ойынын ойнаттым. Осы ойынды ойнатудағы мақсатым балаларға сөредегі ойыншықтарды таныстырып, тақырыпты әрі қарай аша түсу болды. Балалардың көздерін байлап, ойыншықты сипап сезу арқылы ажыратады. Балаларды жұптасу арқылы «Нұсқаушы, орындаушы» әдісі бойынша ойнаттым. Нұсқаушы «бұл қандай ойыншық?», «көлемі қандай?» -деген сұрақтар қойып, орындаушыға бағыт -бағдар бердім. Сұрақтар қоя отырып, ойыншықтың қандай заттардан жасалғандығы туралы түсінді. Ойын арқылы балалар ойыншықтың қандай екенін, пішінін тауып атады. Ойын aрқылы бaлaлaр сыни ойлaнa отырып, білуге деген құмарлығы артып, бaлaлaрдың қaблеті нaқтыланды. Ойын кезінде көздеген нәтижеге жету үшін осы әдіс-тәсілдерім тиімді болды. «Санамақ» әдісі бойынша баланы ойынға шақырып отырдым. Көзі байлаулы бала сөредегі ойыншықты сипап, сезіп атын атады. Балалар оқу қызметінде белсене атсалысып, қызығушылық танытты . Уақыт тым аз болғандықтан ойынның жалғасын күннің екінші жартысында ойнауды ұсындым. Балалар сұрақтарға жауап беруде 4К моделінің коммуникативті, дағдылары қалыптасты, сыни ойлау көрініс тапты. Ойын ойнауда балаларды сырттай бақылап отырдым. Бақылау барысында саралау стратегиясының уақыт, жылдамдық, орын алды. Ойын ойнауда балалар сөредегі ойыншықтарды атауда тиімсіз тұстары болды. Ойыншықтарды дұрыс айта алмаған балаларға кері байланыс бере отырып нәтижеге қол жеткіздім. Балаларды саралап оқыту стратегиясының ресурстарды саралау түрі орын алды.

«Шығармашылық». Білім беру саласы бойынша, мүсіндеу ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізу барысында «Сүйікті ойыншығым». Құрылымдалған ойын «Пирамида» тақырыбында балаларға бағыт- бағдар көрсете отырып, қол жетімді материалдармен қамтамасыз еттім. Балалар мен ойын ойнату барысында балалардың кейбіріне қолдау көрсетіп, ойынға қатысып отырдым. Ашық сұрақтар қоя отырып, балаларды жан-жақты дамыттым.

  • Пирамиданы қалай жасаған?
  • Ол неше бөліктен тұрады?

-Түстері қандай?

  • Қалай орналастырылған?
  • Ол неге ұқсайды?

  • Сендер ермексаздан пирамида жасай аласыңдарма? Балалар өздеріне ұнаған ойыншықтарын таңдау арқылы екі топқа бірікті.

  • Бірінші топ ермексаздан пирмиданы мүсіндеді. Екінші топ пирамиданы жапсырды. Саралап оқытудың топтарға бөлу, қызығушылық, ресурстық стратегиялары көрініс тапты. Пирамиданы мүсіндеу барысында «Ширату» әдісін қолдандым. Бұл әдіс арқылы балалардың ойлау қабілеті артып, ұсақ қол моторикасы дамыды. Әртүрлі сақиналар жасау арқылы түстер үйлесімділігін білді. Ойын барысында «Бала үнін» ескеру, балалардың белсенділігін артты. Құрылымдалған ойында өзара қарым –қатынасқа түсіп, басқа балалардың пікірімен санасты. Пирaмиданы құрастыру немесе жaпсыру бaрысындa істей aлмaй жатқан бaлaлaрғa өзaрa көмектесіп, жaқын aрaдағы дaму aймaғы орын aлды. Мaлика есімді қызым ойында алғыр, топпен тығыз байланыста болып, көшбасшылық танытты. Ойын бaрысындa біршамa қиындықтaр болды. Ойында кейбір балаларның мінездері тұйық балалармен қарым –қатынаста болып, олар өздерінің басқа қырларын ашты. Сонымен бірге ойынды ойнауда балалардың іс-әрекеті шынайы болды. Осы ойында бағдарламаның түйінді идеяларының бірі 4К моделі бойынша, сыни ойлаулары, коммуникативтік креативтілікті және командада жұмыс істеу дағдылары қалыптасты. Осы ойын ойнату барысында балалар әр түрлі әдіс-тәсілдерді меңгерді.

    «Таным» білім беру саласы құрастыру оқу қызметінде еркін ойынды таңдадым. Ойын ойнатуға қажетті ресурстарды дайындадым. Ресурстар: пребель таяқшаларын және геометриялық пішіндерді алдарына бердім. Балалар таяқшалардан өздерінің қалаған заттарын жасайды. Олар таяқшалардан қуыршақтың үйін құрастырды, үшбұрышты пішіндерден шырша, дөңгелек пішіндерден машинаның дөңгелегін жасады. Бұл кезде балалрдың танымдық қаблеті дамыды. Өздеріне ұнаған пішіндерден сюжетті бейнелер құрастырды. Балалар бір-бірімен қатынасқа түсе отырып, коммуниктивтік дағдысы дамыды. «Бала үні » ескеріліп, өздеріне ұнаған түстерін алып ойнады. Балалар өздері төрт- бес баладан бірігіп алып қарым қатынасқа түсті. 4Кмодулі бойынша командаға бөлініп ойын ойнады. Шеңберлерден гүл жасауды да меңгерді. Еркін ойын ойнау барысында балалар бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, сыйластық, достық сізімдері қалыптасты. Ойын барысында балаларға ойыншықтың жеткілікті болуын қадағаладым. Ойын ойнауда балалардың таным бесенділіктері арта түсті. Ойын ойнау кезінде Айзере есімді қызым өз тобындағы қыздарды ұйымдастырып, барлығы бірге ойнады. Ойынды ойнатудағы мақсатым ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып, ойын өз нәтижесін тапты. Келешекте осы түйінді идеяларды өз тәжрибемде іске асырамын деген ойдамын. Балалар сыни ойлана алады. Өз ойларын еркін айтады.

    Қортынды : тәжрибемді қортындылай келе, құрылымдалған ойын, педагогтың жетекшілігімен, еркін ойындарды сапалы түрде балалардың коммуникативті дағдыларын, креативтілігін, командада жұмыс істей алатын балаларды тәрбиелейміз деп ойлаймын.

    Түркістан обл. Отырар ауданы

    Ақтөбе ауылы

    «Қатира-Ана» балабақшасы

    Эссе. «Ойын арқылы оқыту техналаогиясы»

    Білім беру мaзмұнын жaңaрту білім берудің қaзіргі зaманғы үрдістерін және қaзaқстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бaғыттaлғaн. Білім беру мазмұнын жaңaрту шеңберінде оқу бaғдaрлaмaлaрын әзірлеу кезінде қaзaқстaндық педагог –прaктиктердің және ғaлымдaрдың ұсыныстaры ескеріліп жaсалды. Бұл бағдарламаның негізгі идеяларын түсініп , оны өз тәжрибемде қолдана аламын. Қолданыстағы перспективалық жоспарымды зерделей отырып, ондағы мақсаттарымның жүйелі құрылмағанын аңғардым. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын негізге ала отырып, өтпелі тақырыпты ашу мақсатында күтілетін нәтижелерді бес білім саласына сәйкестендіріп алдым. Ондағы мақсатым мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын дұрыс қалыптастыру. Осылайша мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, спираль қағидатының негізінде алдыңғы алған білімдерінің біртіндеп күрделенуіне . Білім беру үрдісін ұйымдастыру мазмұны мен әдістерінің негізі болып табылатын дидактикалық немесе басқа да ойын түрлерін апталық жоспарымда негізгі үш ойын түрінде қарастырдым. Және де осы үш ойын түрлері менің танымдық оқиғаны жазуыма өз әсерін тигізді. Ойын арқылы мен бақылау мен оқыту стратегияларын нақты түсіне алдым. Ұйымдастырылған оқу қызметтерімде ойынның тиімді және тиімсіз тұстарын анықтай алдым. Мен үшін ойынды мен оқыту құралы ретінде қолдануым тиімді болды. Ойын түрлерін қолдануым балалардың дербестігін, қызығушылығын, олардың арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына қолайлы болады деген ойдамын. Жаңартылған білімді болашақта балалардың ойнау арқылы оқып, үйренуіне ықпал етемін. Ықшам сабақты жоспарлауда курста алған білімім, әріптестермен тренердің ұсынған кері байланыстары қажеттілігіме жарады. Ойын барысында тапсырмаларды нақты тұжырымдап, өлшемді, қол жетімді етіп жасауды үрендім. Балалар мен тәрбиешілер арасында кері байланыс арқылы нәтижеге жетемін. Ойын ойнату арқылы балаларды бағалау мен саралауды үйрендім. Осы курстан алған білімдерімді алдағы уақытта өз жеке тәжрибемде қолданамын.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.