Жаңа сабақтар

Абай атаға арнау…

Ақтөбе қаласы № 53 ОМ КММ
8 сынып оқушысы Косниязова Меруерт Талгатовна
Жетекшісі: Уразова Бакыт Сарсенбаевна


Абай ақын қазағымның дарасы,
Абай ақын қазағымның данасы.
Өлеңменен,қара сөзбен рух беріп,
Оятқанды қазағымның санасын.

Расымен өз қазағын ойлады,
Өлеңдері жүрекке терең бойлады,
Жалпақ жұртқа қаламымен танылған,
Қалың елі туған күнін тойлаған.

Өнерімен өзге елді қаратты,
Шет тілдерден өз тіліне аударды.
Қарап қалмай заманның ағымына,
Балаларды біліммен сусындатты.

Қазір ата өзіңізді сағынамыз,
Әр өлеңнің мағынасын ұғынамыз.
Жыр-өлеңнің патшасы — Абай ата
Сізге арнап әлі талай жыр жазамыз!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.