Жаңалықтар

ТАРМПУ-ДА ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ДЕКАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қашықтан білім беріп қана қоймай, студенттердің рухани қорын молайту ісін жандандырған Ұстаздық оқытушылар өз мамандықтары бойынша студенттермен бірлесе өткізетін вебинарлар мен семинарлардың қатары қалың.

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде Әл-Фараби мен Абай мұраларына негізделген онлайн танымдық сағаттар ұйымдастырылмақ.

«Көңілдегі көрікті ой, ауыздан шыққанда өңі қашады» – деп, Абай Құнанбайұлы тілге тиек еткендей, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсетін онлайн семинарларды профессорлық оқытушы құрамы мен студенттер назарына ұсынбақпыз. Ұлттық руханияттың айнымас діңгегіне айналған ұлы дала есімдерінің шығармаларына талдау жүргізілетін шаралар әрбір мамандық бойынша жүзеге асырылады. Ұлттық код: рухани құндылықтарымыздың бүгінгі күнгі құны турасында мазмұнды онлайн семинардың куәсі болуға шақырамыз» — деді университет басшысы Ержан Әмірбекұлы.

Таным таразысындағы рухани құндылықтар білім майданында буырқанған бүгінгі күн студенттер үшін де, оқытушылар үшін де жоғары маңызға ие болды. Қазақ руханиятындағы шоғыры биік қос тұлғаның танымдық ойларын ортаға салып, насихаттау мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы күндері де өз жалғасын табатын онлайн шараларға Ұстаздық оқытушылар мен студенттер сақадай сай.

Айта кетерлік жайт, өміршең шығармалардағы өзекті ойды өз биігінде өрбітетін вебинарлар жайлы ақпараттар университеттің ресми парақшаларында берілген.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.