Жаңа сабақтар

Нурбекова Бибигул Уалиовна

Алматы облысы, Панфилов ауданы Кішішыған ауылы

«Шамшырақ» балабақшасы МҚКҚК

Тәрбиеші Нурбекова Бибигул Уалиовна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Көктем өрнегі» Ермек Өтетілеуұлы

Мақсаты: Көктем өрнегі өлеңі өлеңі жайлы түсінік беру.

Білімділік: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер.

Сөздік жұмыс: көктем өрнегі

Билингвалды көктем-весна

Ұйымдастыру кезеңі

«Көктем келді» өлеңі қойылады бейне роликтен тыңдату

Кіріспе бөлім

-Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Ендеше бүгін біз Ермек Өтетілеуұлының «Көктем өрнегі» өлеңімен танысып, жаттаймыз

Көктем өрнегі өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Көктем өрнегі

Қар еріді, су ақты,

Күндеркелді шуақты.

Байтақ дала келбетті

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды.

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды

Өрнегіндей көктемнің.

Сұрақ-жауап

-Көктеи мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

-Жаңбыр жауады,күн күркірейді

-Ең алғаш қандай гүлдер шығады?

-Бәйшешек,

-Көктемде қандай жұмыстар атқарылады ?

-Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?

Суретпен жұмыс:Мына суреттен жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?

-Балалар көктем екенін қалай білдіңдер

-Балалар жауабы

Көктемде неше ай бар?

-Үш ай бар наурыз,сәуірі мамыр

«Гүлдерді ата» ойыны

Мақсаты:көктем мезгіліндегі гүлдердің түрлерін ажырату

Қорытындылау:

-Бұл қай кезде болады? Өлеңімен аяқтау

Күн шуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?

-Көктемде

-Жарайсыңдар балалар сендер бүгін өте ақылды бала болдыңдар сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын деп мен сендергебәйшешек гүлін сыйлаймын.

Тақырыбы: «Асыл анам» Тәрбие сағаты

Мақсаты: Балаларға «Ана» деген асыл сөзді ұғындыру, анаға деген махаббатын ояту, түсіндіру.

Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын және анадан артық ешкім жоқ екенін түсіндіру.

Баланың бойына ананы сыйлау ,құрметтеу, қадірлеу сезімдерін тәрбиелеу.

О,аналар осындайсың бәріңде,

Осындайсың жасың дағы, кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет .

Сыйынар ем ана деген тәңірге,-деп ана есімін ауызға алмаййтын адам жоқ шығар.

Құрметті әжелер, аналар, сұлу қыздар бүгінгі 8-наурыз аналар мерекесімен сіздерді шын жүректен құтықтаймыз. 8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Асыл анам » атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер!

Ән: «Әжемнің шайы»

Тақпақтар:

Айбын: Әжеміздің мейрамы

Анамыздың мейрамы

Әлемдегі ақ,сары,

Қара қыздың мейрамы.

Мадияр: Құтықтаймын гүл беріп

Өзімнің туған анамды

Адамдар қыз,ұл болып,

Аналардан жаралды

Айару:Айтатын көп әңгімем

Тыңдасаңыз бар енді:

Бұл күні мен алдымен

Құтықтаймын әжемді

Ақжан:Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып

Күтеді ылғи асығып

Ұрсады апам, жатса егер

Ойыншығым шашылып

Аяулым: Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым, күнім!» дейтін

Айсұлтан:Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін, әндерін

Біздің үйде осындай ,

Әжетайым бар менің

Асылбек:Әлемдегі ақылды адам

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам

Би:Заманауи биі

Айсұлу:Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтанқылып

Ақ мамамды мен әрқашан

Жүрсем деймін шаттандырып

Рамазан: Таусылмайтын өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

Аяжан:Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайды да құмаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Апашымды сыйлаймын

Ән: «Менің әжем»

Кәусар: «Бал, бала, бала!» деп

Түнде шошып ойанған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Али:Сыйлық әкеп әжеме

Таң қалдырам бар елді

Өте жақсы көремін

Өйткені мен әжемді

Нұртөре:Тақпақ айтып жатқа енді

Құтықтаймын әпкемді

Ол мен үшін қолдағы

Бір алманы қақ бөлді

Аяна:Менің әжем досымдай

Мені жақмы көреді

Менің әжем осындай

Ертегі айтып береді

Мирас:Сегізінші наурыз

Әйелдер күні әлемдік

Бұл күнді бірге тойлаймыз

Бәрімізде құп алып

Аяла:Бізде дәрігер ,мұғалім

Әйелдер көп деп ұғамын

Бәрін де жырмен құтықтап,

Сәлем жолдап шығамын

Ш.Айзере Өткізбес менсіз бір күнді

Құтықтаймын құрбымды

Аялап сақтап сырымды

Адалдық әркез білдірді

Ойын:Қыздарды сәндейміз:

Би: Вальс:

С.Айзере: Ананың біз гүліміз

Ана біздің күніміз

Біздер үшін ана жан

Ұзақ өмір сүріңіз

А. Шадияр: Іш ауырса ,тіс ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық бала,барлық ана

Оны жақсы көреді

А.Мадияр :Ай қабақты анашым,

Күн сәлелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым

Айсұлу:М Мақатайев « Шеше»

Хор: «Нет дороже мамочки»

Құрметті аналар!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің лайым жақсылығында, қуанышында,бақытты өмір сүре берулеріңізге тілектеспіз.

Көп-көп рахмет!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.