Жаңа сабақтар

Женсикбаева Гульжан Макатовна

Атырау облысы Жылыой ауданы

Құлсары қаласы «Өркен»бөбекжай бақшасы

Женсикбаева Гульжан Макатовна

Эссе

« Тәрбиеші бала жанының бағбаны»

Эссені жаза отырып осы тақырыпқа тоқталатын болсақ, балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек деген сөзден бастағым келеді. Ал, ата-ана үшін бала-бақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы абзал.

Мен өзімнің тобымдағы бүлдіршіндеріме бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналдыруға жұмыстанамын.

Мен қызмет ететін «Өркен» балабақшасы «Балапан» бағдарламасы бойынша ашылып, «Үлгілік оқу» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тәрбиеші болып жүріп күннен-күнге білімімді жетілдіріп отырумен қатар, өмірлік тәжірибелерді де белсене араласа жүремін. Қазіргі таңда баланың санасы мен зейініне тікелей әсер етіп, баланың тез арада қызығушылығын арттыратын нәрсе техника екені ешкімге де таңсық емес. Тіпті, бақша жасындағы бүлдіршіндер емес, кішкентай айлық сәбилердің көзі түрлі-түсті теледидарға түсіп, түрлі мультсериалдардың кейіпкерлері мен дыбыстарына ерекше назар аударады. Демек, қызығады, қарайды, әуестенеді. Әр күн сайын жаңашылдықты лебімен жұмыс жасауға ұмтыламын.

Біздің балабақшадағы тәрбиешілер өздерінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра отырып, егемен еліміздің саналы да сапалы ертеңін тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікке бастау алуда. «Баланы бастан…» деп айтылған халықтық қағиданың бала болашағына ықпалы зор екеніне ешкімнің дауы жоқ.Сондықтан өз үйінде еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да балабақша.Менің өзімнің ортаңғы топта балаларыммен қызғылықты сәттерді көп өткіземін.

Себебі ата-ана бала бақша тек балаларына білмегенді үйретіп, жақсыны беріп, жаманнан жирендіретін, білімді де білікті мамандардың ордасы деп білуі керек. Сонымен бірге балаларын өздерінен де асқан жауапкершілікпен бала тәрбиесіне мән беретін –сенімді тұлғалардың мекені деп те баға беретіндей дәрежеге жеткізуіміз керек.

Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналдыруымыз керек,ал тәрбиеші ол бағбан деген түсінік қалыптасу керек. Мен тәрбиешімін… Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады.

Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып,күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды.Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты.Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды.Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп,еліміздің мақтанышына айналса — міне,нәтиже. Жақсы тәрбиеші болғанымды және өзімнің осы тобымдағы балаларымның мені ешқашан ұмытпағанын қалар едім.Осы тәрбиеленушілерімді биыл мен мектепке шығарып саламын,өз бойымда осыларға деген қимастық сезімім де бар.Олармен кездесе қалсам, маған ұмтылған сағынышқа толы жанарларын көремін деп ойлаймын. Сол кезде балабақшадағы қызықты қылықтары, бұзықтықтары есіме түседі. Бірін ұмытпайды екенсің…

Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш әкелсе,менің жұмысымда маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен болсам, гүлдің әсем дағы- балалар,ал күлтелері – менің міндеттерім мен әдістерімді теңеймін.Мен тобымды үнемі гүл сияқты жайнап тұруға ұмтыламын.

Жүргізуші:Салематсыздар ма?Құрметті ұстаздар ,әріптестер ! Тілімізге деген құрметімізді арттыра түспек мақсатпен тәрбиешілер арасындағы қызықты ,әрі мағыналы «Ойлан -тап»интеллектуалды ойынын ұйымдастырып отырмыз.Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген,білім нәрімен сусындатып қана қоймай ,бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін тәрбиешілеріміз сайысқа түскелі отыр.Сайыскерлерге сәттілік тілеп әділқазыларымызды сайлап алайық.

Сайысқа 3топ қатысады.Сайысымызды бастау үшін қоржындағы асықты таңдау арқылы 3-топқа ажыратыламыз.

Бәйгеге түсіп жарыспай ,

Жуйріктің бағы жанарма?

Біліммен өнер жарысып ,

Тәрбие ,тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда ,-дегендей ,бүгінгі интеллектуалды ойынымызды сайыс түрінде өтеді.

Сайыста бақ сыналар бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі ,тапқыр алар

Кім өнерлі ,кім тапқыр шешу қиын

Қазылар алқасымен нық сыналар.-дегендей осы сайыстың ара жігін ажырататын ,әділдігін айтып ,тура шешімін шығарар әділқазылар алқасы істеріңізге сәттілік.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1.Таныстыру.(топқа ат қойып ,топты қорғап шығу)

2.Бәйге:(сұрақ -жауап )

3.Полиглот:(Мақалдар жалғасын тауып оны 3тілге аудару.)

4.Жорға (1- минутта бірнеше сұраққа жауап беру)

5.Көнерген сөздің мағынасын ашу.

6.Материалдармен жұмыс.

Сайыскерлер дайын болса сайыскерлерге сәттілік тілеп бастаймыз.

Білім қуып сайыскерлер өтер димін,

Бір басына білімі жетер деймін.

Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп ,

Таныстырып өздерін өтсе деймін-деп

I-ші кезек таныстыруда.Ақылдасып топқа ат қойып оны тіл шеберліктеріңізбен жеткізу.

1топ

2топ

3топ

ІІ-кезең.Бәйге.

Мұнда сұрақтар беріледі.Берілген сұраққа тез,шапшаң жауап беру керек белгі картасын бірінші көтерген топ жауап беру мүмкіндігіне ие.Әр дұрыс жауап 10ұпайдан.

1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады ? Түркі тілдер тобы

2.Көп тілді білетін адам кім?Полиглот

3.Әке-шеше сөзіне синоним? Ата-ана

4.Орфография нені зерттейді? Дұрыс жазылуын.

5.Қазақ әліп-биінің авторы кім?А.Байтұрсынов.

6.Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат ? Стандарт

7.Жуыну,тамақтану,үстел жасау,асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс қалай аталады?Тәртіптік кезең.

8.Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімнен тұрады?5сала бөлімі

9.»Құрастыру» бөлімі қай саладан?Таным

10.Балабақшадағы 2-3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс жасайды? Алғашқы қадам

ІІІ-кезең «Полиглот»Мақал-мәтелдерді жалғастырып тапқан сөзді 3-тілде айту.

1.Адам басшысы …..(ақыл,ум,intellegent)

2.Ана сүті бой өсіреді,….ой өсіреді. (Ана тілі,родной язык,language)

3.Тазалық……кепілі.( денсаулық)

4.Ештен ….жақсы.(кеш,поздно,late)

5.Өнер алды-….тіл.(қызыл,красный,red)

6.Жердің сәні егін,ердің сәні …..(білім,знание, knowledge)

7.Кітап –ең жақын …(дос,друг,Friend)

8.Тыңдаусыз қалған …..жетім (Сөз,слов,word)

ІV кезең .Көнерген сөздердің мағынасын ашу.Әр топқа 2-сөзден көнерген сөз беріледі.Берілген сөздің мағынасын топ болып бірлесе ақылдасу.

І-ші топ «Отарба,дүрия» сөзінің мағынасын табу.

Отарба-пойыз

Дүрия-ертедегі жібек мата

ІІ-ші топ «Асадал,түмен»

Асадал-ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық.

Түмен-өте көп.

ІІІ-ші топ «Айбалта ,Ергенек»

Айбалта-қару –жарақ

Ергенек-киіз үйдің есігінің алдына қойылатын тосқауыл

V-кезең.Материалдармен жұ

«Менің мамандығым тәрбиеші.(Эссе)

Тәрбиеші болу — бақыт
Мен бүгін
Ерекше бір сезіммен ояндым,
Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,
Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған,
Өмірімнің мәніне айналған,
Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!
Мынау менің балабақшам… Мынау менің кішкентай бөбектерім… Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін… Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар…

Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді. Ал құс көктемде ұя салып, күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді. Ал тәрбиеші ше? Күздің қоңыраулатқан күніне де, қыстың қаһарына да, көктемнің лайсаңына қарамай табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды. Бір қарағанда, тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен, табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты. Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды. Көп жылдар өте, кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса — міне, нәтиже

Мен балаларды жанымдай жақсы көрем… Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы.
Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді… Әр бала өзінше бір әлем… Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл… Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс — бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?!
Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек… Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.
Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін.Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін… Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс — әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?..
Әрине әрбір оқу іс – әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.

Әрбір оқу әрекеттерім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.
Жас өспірімдерді тәрбиелеудеерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу іс — әрекетіне аударту, баламен оқу іс — әрекеті үстіндегі әрбір қарым — қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе жұмысымның негізгі

бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы, «Әуенді шапалақ», «Банан, банан, кокос» тренингтерінде тәрбиеленушілерім ерекше көңіл күйге бөленеді. Ал мерекелік іс — шараларда « Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін, бірде Ақшақар, бірде шалқан, бірде сайқымазаққа айналғанда балапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл — күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балаларды өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс — әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады
Тәрбие – отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата — ана, жанұясымен жете танысып, үнемі қарым қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Ол біздің ортақ баламыз екендігін сезінуге үйретуге тырысамын. Бірде кезекті ата — аналар жиналысының бірінде әңгімені былай бастадым:
Бір бала анасына келіп:
— Ана, сен мені жақсы көресің бе? – депті.
— Әрине, сен жақсы болсаң ғана жақсы көрем,–деп жауап қайтарыпты анасы.
— Ал, мен сені үнемі жақсы көрем, — деген екен сонда баласы.
Сол кезде аналарымның көздеріне жас келгенін байқадым. Енді олар балаларына басқаша қарайтынын сезіндім. Кез — келген бала – дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын қимылдасын – бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп, мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме сенемін. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек, мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерсек, тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Балабақшада дұрыс тәлім — тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді — әділдікке үйрету, дәрігерлерді – жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды — нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Сондықтан да өз бойымызда әділдік те, мейірімділік те, жауапкершілік те болу қажет. Тәрбиеші жұмысы – оңай жұмыс емес. Бірақ абыройлы сыйлы. Жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды. Оған мысал, көктемде ғана қимастықпен мектепке дейінгі даярлық тобына шығарып салған тәрбиеленушілерім. Олармен кездесе қалсам, маған ұмтылған сағынышқа толы жанарларын көремін.Сол кезде балабақшадағы қызықты қылықтары, бұзықтықтары есіме түседі Бірін ұмытпайды екенсің…
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
«Білерім — бір тоғыз, білмейтінім — тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсесің. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда. Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Білімдіешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін — зердесі кең, алыстан қарасаң — кербез, жақыннан қарасаң — кішіпейіл. Жүзіне үңілсең — мейірімді, жанына үңілсең – шуақты көрінбек.
Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді,шуақты тәрбиеші атансам — адами парызымның орындалғаны болар.

Тақырыбы:Зере әженің ізімен

Мақсаты:Ұлы Абайдың әжесі Зере бейнесі арқылы ұрпақ тәрбиесіндегі әжелердің рөлін арттыру арқылы балалардың бойындағы дарындылықты ,шығармашылық қабілеттерді және ұлттық құндылықтарды дамыту.

Жүру барысы:Салематсыздарма құрметті ұстаздар, жиылған қауым.Бүгінгі Зере әженің ізімен атты сайысымызға қош келдіңіздер.Сайысымызды таныстырып өтсем 5-бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру.

2.Сен білесіңбе? (Сұрақ-жауап )

3.Салт дәстүрмен танысайық.

4.Әжемнің ертегісі

5.Көркем сөздер патшасы.

Жүргізуші: Кімдер күшті,кім алып,

Әділқазы көріңіз

Қара қылды қақ жарар

Әділ баға беріңіз-дей отырып, бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Жүргізуші: Балғын жүзі албырап,

Қанатын жаңа қаққан

Қарсы алайық әжелерді

Сайысқа дайын тұрған.

Өнердің нәр береді шапағаты

Әркімнің өнерге бар махаббаты

Талпынып сайыскерлер шықты қане,

Көрермен қошеметтеп қол соғады.Бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балаларымен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

1.Таныстыру.

Әжемен немересі келді ортамызға

Сыпырды томағасын осы дұға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен, ізетпенен танысуға,-дей келе әр әжемен немере ортаға шығып өздерін таныстырып өтсе.

2. Сен білесіңбе? (Сұрақ-жауап )

1.Ат мінгізіп шаран жабу дегенімізді қалай түсінесіз?

2.Жылу жинау.

3.Қонақасы.
4.Қонақкәде.

5.Туған жерге аунату.

6.Ашаматайға отырғызу.

7.Бастаңғы.

3.Салт дәстүрмен танысайық.Әжелерімізді қандай салт-дәстүрді бізге таныстырып көрстеді екен. Өнер қуып,арулар өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген аналар кезектесіп,

Өз өнерін көрсетіп өтсе дейміз,- сайысымыз .

Осы кезеңде Әжемен немересі өз бойындағы өнерлерін көрсетеді.

4. Әжемнің ертегісі.

Әжелеріміздің немерелеріне айтатын ертегілерімен таныс болайық.

5.Көркем сөздер патшасы. Әжелеріміз көркем сөзді немерелерімен бірге мәнерлеп оқып жарысады.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Көріскенше қош,аман бол ағайын

Аман болсақсіз бар,біз бар дегендей

Өткізерміз сайыстың да талайын

Келді міне бүгін сын алуға

Сын алып үлкендерден үлгі алуға

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға

Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Қорытынды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.