Жаңа сабақтар

Байбатырова Карлыгаш Сарсенбаевна

Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылы

№11 жалпы білім беретін шағын орталығы бар орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Байбатырова Карлыгаш Сарсенбаевна

16.5 жыл стаж

«Әдебиет әлемі » пәні бойынша ашық сабақ жоспары

4 сынып

Фариза Оңғарсынова «Жылу»

Сабақтың тақырыбы: Жылу Фариза Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың ана — сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру.
Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту.
Анаға сый — құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс — тәсілі: сұрақ — жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау.

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка

Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта, видео ролик

суреттер, «Ана» моделі

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Жылу сыйлайық»
II. Үй тапсырмасын сұрау
1 — топ. Қабуснама – деген не? Қайқаус кім?
2 — топ. «Ата — ананы құрметтеу туралы» мәтінінің бөліктерінің шегін тауып оқу.
3 — топ. Үйге берілген «Ата — ананы құрметтеу»тақырыбына жазған
шығармаларын оқу.
— Міне, өздеріңнің ата — аналарыңа деген ізет, құрметтеріңнің қандай екенін жазған шығармаларыңнан білдік. Әрдайым ата — анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
— Ата — ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар.

III. Жаңа сабақ.
1. Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат.
Мейірімді — апаң қымбат…
— Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
— Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашыр — лық сезімдерің кімге арналады?
2. — Балалар, кімнің суретін көріп отырмыз? (Фариза Оңғарсынованың суреті көрсетіледі).
— Фариза Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?(«Білім керек бәріне»).
Фариза Оңғарсынова. «Жылу» өлеңі
3. Фариза Оңғарсынова — Атырау облысында Новобогат ауданында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы. (мәлімет беру)
4. Өлеңді мәнерлеп оқу.
5. Өлеңді талдау. (Сұрақ — жауап).
Өлең кім туралы айтылған?
Ана құшағы
Ана жанары
Ана сүті
Ана жылуы
6. Жалғастыра оқу.
(Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап, тізбектей)
7. Сөздік жұмыс. (Дәптерге жазу).
Өң — бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр — өмір.

  1. Суретпен жұмыс. (Сұрақ — жауап).
    Күн, Ана

(Суреттегі байланысты анықтау).
— Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
— Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
— Ана мейірімі туралы не дейсің?
— Ана сүті туралы ше?
— Ананың алақаны қандай?

  1. Сергіту сәті

— Ана менен баланың айырмасы,
Ана — ән, бала оның қайырмасы,- деген тамаша сөз бар. «Алтын ана» әнінің қайырмасымен бойымызды сергітіп алайық.
10. Топтық жұмыс:
І топ. «Менің анам» тақырыбына ойтолғау.
ІІ топ. «Өлең ұйқастыру»стратегиясы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.