Жаңа сабақтар

Мұстафаева Эльмира Әлімбайқызы

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті

«Балдәурен бөбекжай-санаторлық» балабақшасының

тәрбиешісі Мұстафаева Эльмира Әлімбайқызы

Жүргізуші: Қымбатты аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі — 8 Наурыз, халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз. Елімізге амандық, дендеріңізге саулық және де әлемдегі барлық жақсылықты тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті аналар!

Инабат: Ақ жаулықты анамды

Күн нұрына теңедім
Мейірімі таусылмас

Күн нұрына теңедім
Керей: Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөзі баланың

Анаға айтар лебізі

Қайсар: Сыйлаймын гүлді

Теріп алған даладан

Мерекеңіз бүгінгі

Құтты болсын,анажан
Шұғұла: Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

Ән: « Ақ мамам»

Аделя: Менің әжем,жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем

Дарина: Ақ анам-ау,ақ анам

Мені өсірген баптаған

Сені атасам мақтанам

Сені атасам шаттанам

Әмірхан: Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын жақсы адам

Нұрай: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!

Би. «Көбелектер»
Осы кезде есік қағылады.
Тәрбиеші: Балалар, бұл кім болды екен? Барып көрейік, есікті аша алмаған шығар.(Есіктен көктем кіріп келеді)
Көктем:
Сәлеметсіздер ме, қонақтар,
Сәлеметсіздер ме, балалар,
Асыр салып қуанып,
Көптен күткен Көктеммін.
Сендер айтқан өлеңмен
Алып-ұшып жеткенмін.
Тәрбиеші:
Ару көктем, сұлу көктем,
Келіп қапсың күлімдеп сен.
Келгеніңе қуанамын,
Қандай ғажап нұрың, көктем.
— Ару Көктем, біздің бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыз.

Ән: « Көктем»

Би. «Полька»

Арман
Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймыз.

Еркебұлан

Өссек егер ертерек

Анам менің сүйіктім

Жандос

Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Әділ

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек

Айдос

Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Дастан

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.

Сапартілеу Ерасыл

Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Ән: «Би билегім келеді»
Ойын: «Сиқырлы гүлдер»

Бекарыс

Анашым анам,
Ризамын саған.
Сағынтаев Ерасыл

Тіліңді алам,
Ақылды болам.

Кәусар

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Тайр

Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Анида

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді

Адия

Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Олжас

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Нұрасыл

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Ән: «Апам үшін»

Құдірет

Анам, анам ақ анам

Менде өзіңдей ақ балаң

Айтқан тілді аламын
Жұмсағанға барамын

Әсем:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әженіде ардақтап

Әдеппен бас иеміз

Сұлтан

Анашым анам,
Ризамын саған.

Іңкәр

Тіліңді алам,
Ақылды болам.

Тәрбиеші: Ару Көктем, ал сіздің осы мерекеге қандай сыйыңыз бар?
Көктем: Сұрағыңыз орынды, менің ойын ойнатқым келіп тұр.
Ойын: Балапандарыңды тап» (аналар арасында )
Шарты: аналар өз балаларын қолдарынан сипап тану.
Тәрбиеші: Құрметті аналар, әжелер сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз

Тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды»

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой — өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.

Өтілу барысы: ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады. «Әнұран»

1 — жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2 — жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1 — жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс. Қирады талай арман көңілге алған Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік) (Сахнадада күй ойналады. Халық, бейбіт өмір көрінісі жүреді) Радио: — Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. Соғыс басталды. (Халық бір- біріне үрейлене қарады. « Слава Отечественной Войне» әні жаймен ойналады.) Халық арасынан — Соғыс! Соғыс! Соғыс! (Дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау) Қария : — Балаларым, қырандарым! Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған, Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген. Отан үшін аттан, атттан, аттан! (Осы кезде « Қасиетті соғыс» әні ойналады. Сахна сыртында жүргізушілер)

1 — жүргізуші: «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941 жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді. (Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)

Бала: — Алақай! АлақаЙ! Алақай! Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! Көкем келеді, алақай! Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.

1 — жүргізуші : — Енді бір мезет экранға назар аударайық. (Бір минут үнсіздік. Сахнада Қария) Қария:- Айналайын халқым! Ұрпақтарым. Біздің еренді еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп, қошеметтеп, жыл сайынғы елде жасап жатқан жақсылықтары бізді қуантып, марқайтады. Елбасымыз өз жолдауында халықтың жағдайын жасаумен бірге ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор көңіл бөлгеніне ризашылығымызды білдіреміз.

2 — жүргізуші : — Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер ата, әжем еріміз ортамызда. ( Ардагерлерге сөз беріледі.)

1 — жүргізуші: — Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер» (Монтаждан кейін Жас ұрпақтар ардагерлерге галстук тағады.) Жас ұландар: — Ардагерлерге мың тағзым! Ән «Алия» орындайтын А.Қарлыбай.

2 — жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

1-оқушы: «Майдангерлер»

2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол»

3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!»

4-оқушы: «Соғыс»

5- оқушы: «Жеңіс күні»

6-оқушы. «Болмасын соғыс»

7-оқушы: «Сен құрметте оны»

2 — жүргізуші: Жабады дала төсін нала, қайғы, Шын қайғы жөн кәріге қарамайды, Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған Аққулар қанатымен сабалайды Би: «Катюша»

1 — жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын, Отан үшін жан пида болды үлкен сын. Ер азамат жауменен арпалысса, Әйелдер терін төкті майдан үшін Аналар қоштасқанда асылымен, Арулар қош айтысты ғашығымен Балалықтың базарын ерте жауып, Талай жұмыс істеді бала өркен. Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды, Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды, Кемпір шал, әйел бала ауылдағы, Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды. Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді. Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»

2 — жүргізуші: Соғыс… Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1 — жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады Жыр болып жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

2 — жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 80 жылдығында кездесейік.

1 — жүргізуші: Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.

2 — жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!

1 — жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!

2 — жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!

1 — жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман — сау болыңыздар!

Сабақ тақырыбы: «Өмірімізді сақтайтын- бағдаршам»
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер. Теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету. Түрлі –түсті қарандаш, ақ бет, т.б.
Әдіс- тәсілдер: Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың- Алтын Кун
Армысың – Көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос
Жарқырасын күніміз.
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың күз мезгілі
-Күз айларын кім айтады?
-Қыркүйек, қазан, қараша.
-Ал қазір күздің қай айы?
-Қазір қыркүйек айы.
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Күн суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Үш көзі бар қаз- қатар
Кезек –кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрлі нұр шашады.
-ол бағдаршам.
-Өте дұрыс жауап.
Осы кезде бағдаршам есік қағып кіреді, балалармен амандасады.
— Балалар бұл не?
— Бұл бағдаршам.
— Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер?
— Көліктер өтетін жолдан көреміз.
— Бағдаршамның қызметі қандай?
— Жол тәртібін реттеуші.
— Қай жолмен жүреміз?
— Жиек жолмен жүреміз.
— Жиек жол болмағанда ше?
— Жер асты жолымен жүреміз.
— Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
— Аялдамадан отырамыз.
— Бағдаршам туралы тақпақтарымызды айтайық.
Диас:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта, сақтан, жол ашық
Жүрме жолға таласын
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Әсем:
Қызыл жанды тоқтағын
Көрдің жұрттың тосқанын
Сары жанды дайындал
Айналаңа қарап ал
Жасыл жанды тыңдағын
Жолың ашық тұрмағын
Аңсаған:
Мен көшеде өтерде
Бағдаршамға қараймын
Қоймағанғой бекерге
Жәрдемшісі ол талайдың.
— Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электірлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
-Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. «Қай топ данышпан». Ол үшін үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз.
Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
4. Қандай түстер? (балалардың жауабы)
Сары түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?
2. Көлік аттарын атаңдар?
3. Бағдаршамның қызметі қандай?
4. Адамдар қай жолмен жүру керек?
Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Алғашқы бағдаршам қайда орналасқан?
3. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма?
4. Біздің ауданымызда бағдаршам барма?
Сергіту сәті:
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.)
— Өте жақсы балалар, сендер данышпансындар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Жолда жүру ережелерімен таныстыңдар. Бағдаршамның адамға көмегі бар екенін түсіндіңдер. Алғашқы пайда болған бағдаршамның екі түсті, қазіргі уақыттағы бағдаршамның үш түсті көзі бар екенін білдіңдер. Ендігі болашақта қандай бағдаршам болса деген өз қиялындағы ойларыңды ақ қағаз бетіне түрлі- түсті қарандашпен бағдаршамның суретін салыңдар.
Әр бала салған суреттерін әңгімелеп береді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Білім беру саласы: шығармашылық, таным

Бөлімі: жапсыру

Тақырыбы: «Төрт мезгіл»

Мақсаты: жыл мезгілдері туралы түсініктерінкеңейту; табиғат құбылыстары туралы түсінігін кеңейту; қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін дамыту; саусақ қимылдарын жетілдіру; заттарды дұрыс орналастыруға үйрету; қол қимылдарын арттыру; табиғатты сүюге, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: қайшы, желім, жұқа қағаз, қағаз табақ, кеспе сурет, төрт мезгілдің суреті

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: бала санына қарай төрт мезгілге арналған түрлі түсті жұқа қағаз бен тарелка таратып төрт мезгілдің бейнесін жұптап даярлау.

Сөздік жұмыс: . сайларға толады, пішін ору

Билингвальды компонент: Қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларға өлең оқиды.

Алақай, алақай!

Қуанды балақай:

Күз ауды,

Қар жауды.

Құс кетті,

Қыс кепті.

Айдала бақшалар,

Айнала ақша қар.

Шығамыз топ бала,

Соғамыз аққала!

Енді аз күнде,

Жаңбыр да, жауады.

Жыл құстар да келеді,

Айнала гүлденді,

Одан аз күнде,

Көбелектер келеді,

Көбелекпен бірге

Жазда келіп жетеді,

Осылайша бізге енді

Төрт мезгілде келеді

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге көңілді қимылдап қайталайды.

-Күз мезгілі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші балаларға әртүрлі төрт мезгіл туралы жұмбақ жасырады.

Жұмбақ

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Күз айларын атаңдаршы.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар келесі жұмбағымды жасырамын

Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады?

Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Қыс айларын атап беріңдерші.

Күн ұзарып,

Қар еріп,

Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?

Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Көктем айларын атап беріңдерші.

Күнде ысып,

Жеміс,жидек пісіп,

Ел пішінін орады

Бұл қай кезде болады?

Жаз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Жаз айларын атап беріңдерші.

Тәрбиеші балалар шешкен әр жұмбақтарының жауабының суреттерін тақтаға іледі.

Ал жарайсыңдар балалар енді, осы жауабымыз бойынша сендерді төрт топқа бөлемін, және төрт топқа бөлінген балаларға төрт мезгілдің аты беріледі, және төрт мезгілдің бейнесін жасаймыз.

Балалардың назарын үлгіге аудару. Жеке жұмыс барысында кеспе бойынша берілген ағашты желім табаққа орналастырып төрт мезгілдің бейнесін шығарып әсемдейміз.

Тәрбиеші жұмыс барысында жекелеген балаларға көмектеседі, сондай ақ сақтық шараларын еске салып, бірлесе жұмыс істеуде тату болуды ескертеді.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Бойымызды созайық

Белімізді жазайық

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бір шынығып алайық.

Билингвальды компонент: Қыс-зима, көктем-весна, жаз-лето, күз-осень.

Қане балалар, қай топ мезгілдерінің бейнесін жылдам жасап шығарады көрейік.

Балалар мұқият тыңдайды.

-Күз мезгілі.

Балалар жауабы.

қыркүйек, қазан, қараша.

Қыс мезгілі

Күн суытады, қар жауады, т.б

Желтооқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем

Күн жылынады, құстар ұшып келеді, айнала жасарады.

Наурыз, сәуір, мамыр

Жаз мезгілінде

Күн ыстық болады, суға шомыламыз т.б

Маусым, шілде, тамыз.

Балалар куана жұмысқа кіріседі.

Тәрбиешінің ескертпелерін мұқият тыңдап, жұмысты бастайды.

Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар қайталайды.

Балалар қуана шапшан қимылдап, жұмыстарын аяқтауға тырысады.

Рефлексиялық-түзетушілік Жұмыстарын аяқтаған балаларды тәрбиеші мадақтап, әр жұпқа өз жұмыстары бойынша әңгіме құрастыру тапсырылады. Аяқталған жұмыстарды бағалап, мадақтайды. Әр жұп өз жұмыстарын тақтаға іліп, сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: мезгілдердің бейнесін шығара алуды;

Түінеді: жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктерін;

Қолданады: кеңістікте орналастыруды, салыстыруды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.