Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Мектеп бiтiрушi түлектер арасында қашықтан педагогикалық олимпиада өтті

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде биылғы жылғы мектеп түлектері арасында «Мен педагог мамандығын таңдаймын!» атты қашықтан Республикалық педагогикалық олимпиада ұйымдастырылды.

Онлайн түрде ɵткен олимпиадаға еліміздің түкпiрiнен 67 үміткерден өтініш түсті. Барлық кезең бойынша сүрінбей өткен үмiткерлер арасынан «ТарМПУ білім гранты-2020» жеңімпаздары анықталды. Комиссия шешімі бойынша Тараз қаласының А. Пушкин атындағы № 41 мектеп-гимназиясының түлектері Байсултанова Анастасия мен Жолдыбекова Дина, Жамбыл ауданының Амангелді атындағы орта мектебінің түлегі Жанұзақ Айгерім, Тараз қаласының № 15 мектеп-гимназиясының түлегі Гаффар Наргиза мен Төле би атындағы № 8 мектеп-гимназиясының түлегі Асқарбек Ақбота Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің тегін оқу гранттарына ие болды.

«Заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға өзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Сондықтан педагог мамандығына талантты әрі дарынды түлектерді тартып, өз ізбасарларымызды дайындауымыз керек» – деді өз құттықтау сөзінде университет ректоры Ержан Әмірбекұлы.

Айта кетейік, бұл олимпиаданы ұйымдастыру ЖОО студенттерін әлеуметтік қолдау бастамаларының бірі болып табылады

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.