NIS

ЖАС ЗИЯТКЕРЛЕР ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы бірдей Республикалық қашықтан өткен олимпиаданың жеңімпазы атанды.
Білім орданың 7 сынып оқушысы Самал Сырым физикадан 1 орынды ие болса, математикадан сыныптасы Алихан Мизанбай топ жарып шықты. Оқушылар карантин уақытын тиімді пайдаланып, физика, математикаға аса көңіл аударғанын айтады.

  • Терең дайындалғанның арқасында осы нәтижеге қол жеткіздім,- деді Самал.
  • Зияткерлік мектепке түсу дайындығының пайдалығына бүгін білім бәйгесінде көз жеткіздім. Осы жылы маған жетекшілік еткен математика пәні мұғалімі Әсет Насихат ағайға алғыс білдіремін ,- деді Алихан.
    Жас зияткерлер келешекте де олимпиадаға қатысатын ниеттері бар екенін білдірді.
    Өткен жылы Алихан мен Самал конкурстық іріктеуде ең жоғары балл алып, Зияткерлік мектептің оқушылары атанған болатын, арада бір жыл тастап армандаған білім ордасында алғашқы оқу жылдарын қашықта оқыту жағдайында тәмәмдап қалды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.