Жаңа сабақтар

Адилова Сабина Абдирашидовна

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылы Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің жанынан ашылған «Ботақан» шағын орталығы

Тәрбиеші: Адилова Сабина Абдирашидовна

Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

ертеңгілігі «Балауса» ортаңғы тобы

«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»

Мақсаты : Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату.

Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.

Зал мерекеге сай безендірілген

Бауырсақ ертегісін сахналау:

Автор сөзі: Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Шал көктемде жер жыртып бидайдың дәнін сеуіп оны күтіп баптап өсіріпті .Күндер өтіп айлар өтіп күз мезгілі келіпті. Күз мезгілінде бидай пісіп шал бидайды орып дерменге апарып ұн тартқызып алып келеді.

Шал: Кемпір мен ұн алып келдім маған бауырсақ пісіріп берші

Кемпір: жарайды мен саған тәтті бауырсақ пісіріп беремін.

Бауырсақ: Әже, Алтын күз мерекесі болады деп еді ғой, мен мына жерде отырғанша «Балауса» тобының балаларын мерекеге шақырып келейін

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бауырсақ : балалар сендерге бұл жер ұнадыма

Балалар: ия

Жүргізуші:Бауырсақ біз бұл мерекеге құр қол келген жоқпыз біз ән, би, тақпақтар алып келдік , сен біздің балалардың өнерін тамашала

Бауырсақ : жарайды

Жүргізуші: балалар қараңдаршы бір дыбыс шығып тұрған сияқты

Қоян: бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ : мені жемеші , оданда менің достарым саған ән айтып берсін . Біз бен бірге Алтын күз мерекесін тойла

Ән: Алтын күз

Жүргізуші: қоян сен біз бен бірге алтын күз мерекесін тойла біздің балалардың тақпақ ән билерін тамашала

Қоян: жарайды

Жүргізуші:балалар бізге тағыда біреу келе жатқан сияқты қорбандап келе жатқан кім екен?

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Меніжемеші бүгін, Алтын күз мерекесі балалар саған тақпақ айтып берсін

Қасқыр: жарайды тыңдайын балалардың тақпақтарын

Жүргізуші:балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар

Еркеназ: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Алтынай: Сап-сарығып даланы

Бояпты ғой күз деген

Құстар қанат қағады

Қоштасқандай бізбенен

Шырын: Жемісті мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Бибінұр : Берекесін жинауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Милана: Падают, падают листья

В нашем саду листопад

Желтые, красные листья

По ветру вьются, лететь!

Жүргізуші:балалар бізге қорбандап аю кележатыр

Аю: : Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!
Бауырсақ: Мені жемеші, Аю сенің күшің көп қой, оданда сен бізбен ойын ойна.

Аю: Ия менің күшім көп жарайды ойнайын

Жүргізуші: Ойын «Қарбыз жару»

Жүргізуші: балалар бізге қу түлкі келіпті

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін! Қандай әдемісің

Бауырсақ:түлкі мені жемеші, сен би жақсы көресің ғой менің достарымның биін тамашала.

Түлкі:жарайды

Жүргізуші: Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

Би: Вальс

Жүргізуші: түлкі сен бізбен бірге Алтын күз мерекесін тойла. Балалар біздің мерекеге бір кісі жетпейтін сияқты ол кім?

Балалар: Күз ханшайымы

Жүргізуші: Әне балалар өзде келе жатыр екен кәне Күз ханшасын қарсы алайық

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым!

Жүргізуші: сіз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз

Күз ханшайымы: Жарайды

Жүргізуші: Тақпақтар

Қасымхан: Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз

Нурдәулет: Қамба толы астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз

Амина: Сау-сау етіп жапырақ

Сабағынан үзілді

Қоңыр тартып атырап

Көк құстар тізілді

Меруерт: Мен торғаймын, торғаймын

Суықтанда тоңбаймын

Құрт-құмырсқа жәндіктен

Бау-бақшаны қорғаймын

София: Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Лилия: О, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ

Али: Гүл жайнаған даланың

Жапырағы солыпты

Таңырқадым қарадым

Танымастай болыпты

Жүргізуші: келесі кезекте ән

ӘН: Күз тамаша

Жүргізуші:тақпақтар

Мирас: Сарғайып алқап

Жемістер піседі

Сары алтын жапырақ

Сарғайып түседі

Райана: Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ

Күрең қызыл шіркінай

Менің атым құлпынай

Аяжан: Мынау өрік күнім

Ерте ашар гүлін

Қара өрік, сары өрік

Ектім екі түрін

Рамазан: Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Юсуф: Көрсең егер бақшада

Доп екен деп қалма

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп алма

Мейірім : Сарғайып алқап

Жемістер піседі

Сары-алтын жапырақ

Сарғайып түседі

Нурмухамед: Апорт деге алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның Отаны

Жүргізуші: Келесі кезекте би

БИ:Жапырақтар биі

Жүргізуші: тақпақтар

Темірлан: Көптен күткен күз келді

Жеміс жидек піседі

Жапырақтар сарғайып

Ағаштардан түседі

Арнат: Ағаштардан жапырақ

Ұшып ұшып түседі

Тырау тырау тырналар

Туған жерден ұзайды

Сырым: Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Еділ: Күздің сыйын алайық

Қызығына тоймайық

Күзге арнап бәріміз

Әнімізді салайық

Илияс: Мынау шие шырағым

Қып-қызыл болып піседі

Тезірек жинап алмасақ

Ұрлыққа торғай түседі

Күз ханшайымы: өте тамаша өнерлі екенсіңдер мен сендерге ойын алып келдым ойын ойнайық

Ойын: Жемістер мен көкністер жинау

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» — атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.