NIS

Онлайн-вебинар

«ATL дағдылары арқылы кураторлық сағаттарды түрлендірудің
7 құпиясы» тақырыбындағы онлайн-вебинар

Еліміздегі мектептердің білім алушылары қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқытуға көшкен сәттен бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектепте педагог-ұйымдастырушы-кураторлар қауымы үшін оқыту вебинарларын жүйелі негізде өткізу бастамасы қолға алынды.

2020 жылдың 17 сәуірінде Халықаралық мектептің іс-шаралар координаторы Акбар Тусупбаев пен аға педагог-ұйымдастырушы-куратор Қайырбек Сабырханов «ATL дағдылары арқылы кураторлық сағаттарды түрлендірудің 7 құпиясы» тақырыбындағы онлайн вебинар өткізді.

Ауқымды вебинарға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Агадилова, сондай-ақ, еліміздің әр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушы-кураторлар мен мұғалімдер қатысты. Вебинардың онлайн-трансляциясы Microsoft Teams платформасында жүргізілді.

Вебинарда іс-шаралар координаторы Акбар Тусупбаев Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқушы бейінін дамытудағы ATL дағдыларының маңызы мен рөлі туралы пікір білдірді.

  • Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқушының моделі он бейіннен тұрады. Сол бейіндерді дамыту үшін біз ATL дағдыларын негізгі қару ретінде пайдалануымыз қажет. Мәселен, сабақ барысында идеялардың немесе объектілердің арасында күтпеген яки ерекше байланыс жасап, шығармалардың, оқиғалардың, кез-келген жағдайдың кульминациясын өзгерту арқылы нәтижесін салыстыруға болады», — дейді ұйымдастырушы өкіл.

Акбар Тусупбаев ATL дағдыларын оқушыны бойында қалыптастырудың, одан соң сол дағдыларды дамытудың тәжірибесімен бөлісті. Ол өз кезегінде, аталған дағдыларды негізге ала отырып кураторлық сағаттарды өзгеше реңк пен формада өткізудің тәртібін егжей-тегжейлі баяндап берді.

Сонымен қатар, Халықаралық мектептің аға педагог-ұйымдастырушы-кураторы Қайырбек Сабырханов вебинар барысында өткізілу форматы жетістікке жеткен танымал тұлғалармен кездесуге негізделген «Аффективтік дағдылар: жеңіс пен жеңіліс» тақырыбындағы куратор сағатын үлгі ретінде ұсынды. Ол үлгілік сабақ барысында мұндай форматтағы кездесулер арқылы ATL дағдыларды қалай және қандай жолдармен дамытуға болатынын тілге тиек етті. Вебинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

Сандуғаш Кожина,
«Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп»
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім
беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.