Жаңа сабақтар

Альханова Айгуль Тулеутаевна

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Пән мұғалімі: Альханова Айгуль Тулеутаевна

Сыныбы: 4 «В»

Пәні: Дүниетану (Б.Тұрмашева, С.Салиш, В.Пугач – Алматы «Атамұра», 2019)

Сабақ тақырыбы: Менің өлкемнің ауылшаруашылығы
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.3.1 — өз өңіріндегі және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі адамдардың шаруашылық қызметтерін табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланыстырып талдау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды.Түсініктерін жазбаша эссе, ой-толғау түрінде көрсетеді.

Көптеген оқушылар: өздерінің жауаптарын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықта берілген ақпараттарды қолданады.

Кейбір оқушылар: Глобус пен карталардың қолдану аясын талқылап, олардан негізгі нысандарды көрсетуді үйренеді. Меридиан, параллель ұғымдарын түсініп, глобустан таба білу дағдылары қалыптасады.

Бағалау критерийлері: -адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды;

-табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды,

-глобус, параллель, меридиан туралы түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:

-адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талдайды;

-табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;

-нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды,

Пәнге тән лексика мен терминология

-шаруашылық іс-әрекет;

-табиғи апаттар;

-нысандар, бағдарлау;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жасанды ортадағы қауәіп-қатерден қалай қорғану керек?

Құндылықтарды дарыту Оқушы бойында отбасылық құндылықты қалыптастыру
Пәнаралық байланыстар Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа

қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар Оқулық, үлестірме қағаздар
Алдыңғы оқу Оқушылар қоршаған орта туралы біршама түсініктермен 4- сыныптың «Табиғи құбылыстар» тарауында оқып танысқан.Табиғи жағдайлар,климат, жер бедері ерекшеліктері, олардың адамның шаруашылығындағы маңызы туралы біледі. Картамен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан. Жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтап, бағалай алады.
Саралау тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.
Бағалау Бір-бірінің жұмысын дискриптор арқылы бағалайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
Басталуы Психологиялық дайындық:
Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-бірлеріне сəттілік тілейді.

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күн біз үшін

Сəттілікке толсын!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Допты қағып ал» тәсілі бойынша сыныпқа сұрақтар қоямын.

-Қауіпті жағдайға ұрынбас үшін балаларға қандай кеңес бересіңдер?

-Ол қандай қауіп-қатерлер деп ойлайсың?

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Ортасы (Ұ) Оқулықпен жұмыс.

Менің өлкемнің ауылшаруашылығы

ДЖИГСО әдісі арқылы мәтінді оқу

Қазір ауылда жеке қожалықтар-фермалар пайда болды .ферманың

қожайыны-фермер ,Оның қарамағындағы жер телімі,техникасы, малдары бар.

Қандай шаруашылығымен немесе дақыл өсірумен айналысатын

фермердің өзі шешеді.Ол жиналған өнімнің көп бөлігін сатады да,қалған

бөлігін өзіне қалдырады.

Дескриптор

-адамдардың шаруашылық іс-әрекеттерін талқылайды:

ҚБ: мадақтау сөздер арқылы

Жұптық жұмыс

Жұбыңмен мына сұрақтарды талқылы:

-Фермер қандай шаруашылықпен айланысады?

-Фермер болу үшін оның бойында қандай қабілеттер болуы керек?

-Шаруашылықты жүргізу үшін фермер қандай техникаларды пайдаланады?

Дескриптор

-шаруашылық түрлерін атай алады;

-фермерге тиісті қабілеттерді атайды:

-шаруашылық техникаларын ажырата алады:

ҚБ: мадақтау сөздер арқылы

Сұрақта бойынша постер құрау.

-Өлкелеріңде қандай мәдени дақылдар өсіріледі?

-Төрт түліктің қандай түрлері бар?

Дескриптор

-әр жағдайға өз пікірін айта алады:

ҚБ: Түрлі-түсті қарындаштар арқылы

Дәптермен жұмыс

ҚБ: Тамаша. Жақсы. Мұқият бол

Аяқталуы

5 минут

Үй тапсырмасы. 90-92 бет

Рефлексия

«Бас бармақ» кері байланыс.

Қосымша ақпарат
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Допты қағып ал

2: Таңдау таяқшалары

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Фишбоун

2: Табысты ағаш

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Көбірек ашық сұрақтарды дайындау

Пән мұғалімі: Альханова Айгуль Тулеутаевна

Сыныбы: 3 «В»

Пәні: Әдебиеттік оқу (Б.Т.Қабатай, Ү.К.Зейнетоллина, В.А.Қалиева – Алматы «Атамұра» 2018)

Сабақтың тақырыбы Ауыл күзі
Оқу бағдарла-

масына сілтеме

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекше- ліктерін анықтау.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады.

Көптеген оқушылар: негізгі ойды анықтайды.

Кейбір оқушылар: өлең құрастырып, баталардың қолданысын айтады.

Құндылық Көркем сөйлеуге талпыну
Пәнаралық

байланыстар

Дүниетану. Математика
АКТ-ны қолдану

дағдылары

Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім М. Дулатов. «Күз»
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру. Ойсергек:

Көңіл күйлерің қалай?

  • Керемет! (Қолдарын көтереді)
  • Сабаққа дайындықтарың қалай?
  • Тамаша! (Қолдарын шапалақтайды)
  • Ынталарың ше?
  • Ғажап! (Қолдарын көтереді)
  • Ендеше бастайық!
  • О-о-о! (Бас бармақтарын көрсетеді) Топ басшыларын сайлатады.

«Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау.

Сабақтың ортасы Мағынаны ажырату.

Ойқозғау. Сабақтың тақырыбын айту. Күтілетін

нәтижені айқындау. Бағалау критерийімен таныстыру. 1-тапсырма. Түсініп оқы. «Қарасөзді мәтін» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай ырғақпен оқылады?

Тақырыпты болжау.

Мақсатқа сәйкес оқушыларға бағалау критерийін шығарту.

Түсіну.

Оқылым. 2-тапсырма. Өлеңді түсініп оқы. «Ауыл күзі» Қолдану.

Автор айдарымен танысу. Т. Жароков

Топтық жұмыс.

3-тапсырма. Өлеңді жазған кім? Оқулықта берілген анықтаманы пайдаланып, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Жұптық жұмыс. Жұптастыру.

4-тапсырма. Өлеңдегі көркемсөздерді теріп жаз. Эпитет немесе теңеу екенін анықта.

Ауыл күзінің суреттері Автордың портреті Түрлі түсті қағаздар
Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Қызыл түс пен сары түсті көтергендер не үшін көтергендерін түсіндіріп, ұсыныс, ескертулерін айтады.

Бағалау критерийі.

Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады.

Бағалау: БК бойынша бағаланады. Сергіту сәті. «333 жаттығуы» Жұптық жұмыс.

5-тапсырма. Мақал-мәтелдерге сәйкес өлең шумақтарын тап.

Мақал-мәтелдер Осы ойға сәйкес келетін өлең шумақтары
1.Нөсер алдыңда найзағай ойнайды Көтеріле аспандай,

Көкте сұрша бұлт көшіп.

Жерге інжу шашқандай,

Күміс моншақ шық түсіп.

2.Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен …..
3.Көктемде түскен бір дән,

Күзде мың дән болады

…..

Бағалау критерийі. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтай алады.

Бағалау. БК бойынша бағаланады.

6-тапсырма. Сен осы мәтіндер бойынша қандай сурет салар едің? Ашық түсті бояулар қай мәтінге сәйкес келеді деп ойлайсың? Күңгірт түсті ше? Неліктен?

Жеке жұмыс. 7-тапсырма. Екі мәтінді салыстыр. ҚБ ретінде: дәптердегі 1-тапсырма. Өлең мен қарасөздің айырмашылығы қандай? Ерекшеліктерін кестеге жаз.

Топтық жұмыс.

8-тапсырма. «Жұмбақ жеміс» ойыны. Топқа бөлініп, бір топ екінші топқа жұмбақ жемістің сипатын айтады. Қарсы

топ оның атауын табуы тиіс.

Бағалау парағы

Интербелсенді тақта

Бағалау парағы

Түрлі түсті қарындаштар мен бояулар

Ойтолғау. Жазылым.

Ұйқасты тап. «Ауыл күзі» өлеңінің ұйқасы оқулықтағы сызбаның қайсысына сәйкес келеді? Осы өлеңнің ұйқасы төмендегі қай сызбаға сәйкес келеді?

Сызбаға сай «Күз» тақырыбына өлең құрастырып көр.

… күркіреп, □

… сіркіреп. □

… албырап, ○

… дамылдап. ○

Сызбалар
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы. ҚБ ретінде: дәптердегі 2-тапсырма. Суреттер топтамасына қарап, «Ауыл күзі» тақырыбына мәтін құрастыру.

Кері байланыс. Ауызша.

Рефлексиялық эссе.

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді.

Тазалық

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Бүгін оқушылар «Аул күзі» деген тақырыптан көп мағлұматтар алды. Бұл тақырыпта шын мәнінде онда терең көрегендік мағына жатқанын ашты. Жоспарлаған әдіс-тәсілдерім тиімді болды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Жариялау» әдісі

2: кері байланыс «Білім ағашы»

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Әнді жалғастыр!»

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? ашық сұрақтар дайындау

Пән мұғалімі: Альханова Айгуль Тулеутаевна

Сыныбы: 3 «В»

Пәні: Қазақ тілі (Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас, Алматы «Атамұра» 2018)

Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім

Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім Мұраттың бастауы
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.2.2.1тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу,сөйлеу барысында қолдану;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:
  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіндірме сөздік көмегімен ажырата біледі,сөйлеу барысында қолданады;
  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
Оқушылардыңкөбі:
  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын контексте ажыратады,сөйлеу барысында қолданады;
  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;
Оқушылардыңкейбірі:
  • тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын

ажыратады,сөйлеу барысында орынды қолданады;

  • мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған

сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап

береді;

  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Бағалау критерийлері — тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу барысында қолданады;

— мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастыра алады, жауап береді;

— жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Тірек сөздер Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

— Мәтін не себепті «Мұраттың бастауы» деп аталған?

-Бұл мәтінге тағы қандай ат қояр едің?

-Неліктен бастаудың суы салқын әрі мөлдір болады?

— Бастау сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады?

Құндылықтар Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру
Пәнаралық байланыс әдебиеттік оқу, дүниетану
Алдыңғы меңгерілген білім Сөз таптары
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады.

«Иә, жоқ»

  • Су мөлдір (иә)
  • Сусыз өмір жоқ (иә)
  • Сусыз тазалық болады (жоқ)
  • Су- біздің байлығымыз ( иә)
  • Сусыз да тамақ піседі ( жоқ)
  • Су айналыста болады (иә)
  • Судың дәмі бар (жоқ)
  • Су табиғатта үш күйде кездеседі (иә)
  • Ауада да су болады (иә)

Сұрақтарға оқушылар жылдам жауап береді.

ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Слайд -1

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.2.3.1, 3.2.2.1 (МК; Ө; Ұ)

Мәтінді тыңдау.Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді анықтау.

Мұраттың бастауы

3.2.2.1 (МК, Ө) Көркем жазу.

Сс Сс Сс

Су- тіршілік көзі

  • Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады.

Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз.

Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен.

Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, — деді.

Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады.

  • Қарамен берілген қолымыз, бастау сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелдейді.

Жұпта жазба жұмысын тексеруді ұйымдастыру.«Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз», «Не тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, — деді.» сөйлеміндегі «қолымыз», «бастау» сөзінің ауыспалы мағынада, «Қолында күрегі, жанына кішкене балаларды ерткен», «Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады» сөйлеміндегі «қолында» , «бастады» сөзінің тура мағынада тұрғанын топта дәлелдейді. Өзара бағаланады.

Дескриптор:

  • сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
  • оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;
  • сөйлеу барысында қолдана алады;
  • қатесіз көшіріп жазады;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады,сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушыларға бағыт беріп тұрады.

1 2 2 1 3 4 4 3

Ықтимал жауаптар:

— Мәтін не себепті «Мұраттың бастауы» деп аталған?

-Бұл мәтінге тағы қандай ат қояр едің?

-Неліктен бастаудың суы салқын әрі мөлдір болады?

— Бастау сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады? Т.б

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Дескриптор:

  • мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
  • мәтіндегі сұрақтарға жауап береді;
  • сөз мағынасын ажыратады;

Сергіту сәті.

Сәттілік біздер тілейік.

Мен саған, сен маған,

Күндей күліп жүрейік.

Күннің нұрын төгейік,

Мен саған, сен маған.

3.2.2.1(Ө; Ж ) Шығармашылық үзіліс. Саралау

«Ойлан, тап!»

Тура және ауыспалы мағыналы сөздері бар сөйлемдерді кестеге орналастыру.

І топ

Айдын қой бағып жүр. Дәптерді орнына қой.

Айгүл тәтті алма жеді. Сәби тәтті ұйқыға кетті.

Тура мағыналы сөзі бар сөйлем Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем

ІІ топ

Ол — өткір мінезді бала. Ет турайтын пышақ өткір екен.

Бүгін мақта туралы оқыдық. Сен Санжарды мақта.

Тура мағыналы сөзі бар сөйлем Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем

ІІІтоп

Он қабатты үй салынды. Топырақты есіктің алдына үй.

Әжем иненің көзінен жіп өткізді. Балалар көзге жаттығу жасады.

Тура мағыналы сөзі бар сөйлем Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлем

Топ оқушыларына тапсырма үлестіріледі. Сөйлемдегі сөздердің қайсысы қай мағынада екенін топпен ой бөлісе отырып, ажыратады. Не себепті тура және ауыспалы екенін дәлелдеп, сөйлемді кестеге жазады.

«Бас бармақ» арқылы оқушылар бір — бірінің жұмысын бағалайды.

Дескриптор:

  • сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратады;
  • оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіреді;
Қосымша№1

Слайд-2

Қосымша №2

Слайд -3

Қосымша №2

Слайд-4

парақшалар

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Оқушылар сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын СМС арқылы мұғалімге жібереді.

Бағалау критерийлері Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қояды және сұрақтарға жауап бере аламын;
сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратамын;
қатесіз көшіріп жазамын және тексере аламын;

Үй тапсырмасы:

Тура және ауыспалы мағыналы сөзі бар екі сөйлем жазу

Қосымша №3
Қосымша ақпарат
Саралау Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
денсаулық пен қауіпсіздік
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін қосымша тапсырмалар беріледі.

Көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы, өзара бағалау, «Бас бармақ» арқылы жүзеге асады. Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1: «Қар кесегі»

2: «Ойлан, тап!»

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1: «Қағаздағы сұрақтар»

2: кері байланыс «СМС»

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім? Көбірек ашық сұрақтарға көңіл бөлу керек

Пән мұғалімі: Альханова Айгуль Тулеутаевна

Сыныбы: 4 «В»

Пәні: Жаратылыстану (Бигазина П.К., Жаманкулова А.Ж.., Кажекенова Э.А., Тураканова Г.А., Хонтай М.К. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019)

Тақырыбы: Жүйке жүйесі және оның организмдегі рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4.2.3.2 — жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау.
Сабақтың мақсаты Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау.

Адамның анатомиялық моделімен жұмыс жасау.

Бағалау өлшемдері · жүйке жүйесін сипаттау

  • жүйке жүйесінің адам ағзасындағы рөлін анықтау
  • жүйке жүйесінің адам ағзасында орналасқан жерін анықтау

· жүйке жүйесінің мүшелерін атау және олардың қызметтерін айтып беру

Тілдік мақсат Көптілділік: балалар – дети – children, қажеттіліктер – потребности – needs
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Сабақта диалог/жазу үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неліктен жүйке жүйесін ағзадағы ең басты жүйе деп санайды? Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді? Адамға ауру не үшін қажет екені туралы болжам жаса. Саған қауіп-қатерлі жерлерді есте сақтау үшін неше рет күйіп, жарақаттану қажет болды? Ауруға шыдау үшін не істейсің?

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; ғұмыр бойы үйрену.
Пәнаралық байланыстар Әлемді тану – адам құрылысы

Салауатты өмір салты

Білуге құмарлықты, анатомия, физиология ғылымдарына қызығушылықты ынталандыру және дамыту, гигиена дағдыларына баулу.

Коммуникативтік құзыреттіліктер – ынтымақтаса білу, бір-бірінен ақпарат ала білу.

Алдыңғы алған білім Адамның ішкі мүшелерінің орналасуы туралы мәліметтер. Зәр шығару жүйесі және оның ағзадағы рөлі.
Барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Жоспарланған әрекет Ресурстар
Жағымды эмоциялық көңіл күй орнату

1 мин

Тегеурінді талап

3 мин

(Ұ) Мұғалім сабақ үстінде жұмысқа қолайлы жағдай жасайды.

— Бір қариядан: «Адам үшін өмірдегі ең құнды әрі маңызды не нәрсе: байлық па әлде атақ па? – деп сұрапты. Дана қария біраз ойланып, былай деп жауап беріпті: «Байлық та, атақ та адамды бақытты ете алмайды. Кедейдің он екі мүшесі сау болса, ол дертке шалдыққан байдан да бақытты».

Сұрақтар бойынша әңгіме:

– Ойланып, дана қария неліктен осылай жауап бергенін түсіндіріп көр.

– Әрбір адамның өмірі үшін ең бастысы не?

– Сендерше, аман-сау болу деген не?

Оқушылар жауап береді, мұғалім қорытындылайды.

– Деннің саулығы өте маңызды. Сау адам ғана өмірдің ләззатын толық сезіне алады. Дені сау адамның ғана он екі мүшесі қалыпты жұмыс істейді. – Бүгін біз адам ағзасын зерттеуді жалғастырамыз. Бүгін не туралы сөз болатынын, мынадай ойыннан кейін өздерің айтатын боласыңдар. Ойынның аты «Сенесің бе?».

Мұғалім пайымдауларды оқиды. Егер оқушылар келіссе, «+» белгісін қояды, келіспесе, «–» белгісін қояды. Қателессеңдер немесе пікірлерің басқа оқушылардың пікірімен сәйкес келмесе, уайымдаудың қажет жоқ.

«Сенесің бе?» тәсілі

…ми сенің барлық іс-әрекеттеріңді басқарады?

…сезім мүшелерінен сигналдар бас миына түседі?

…адамда жұлын миы болады?

…бас миына зақым келгенде адам есте сақтау қабілетінен айырылады?

…шылым шегу жүйке жүйесіне зиян келтіреді?

… толыққанды ұйқы арқасында жүйке жүйесі тынығады?

…бас миы мен жұлын миы басқа жүйкелермен жүйке жүйесін құрайды?

— Бүгін сабақ барысында сендер кестеден өздеріңнің қаншалықты дұрыс ойлағандарыңды көресіңдер.

— Не туралы сөз болатынын енді кім айта алады? (Жүйке жүйесі)

Сабақ соңында қандай мақсатқа жету керек екенін айқындайды.

Жүйке жүйесі дегеніміз не екенін, оның неден тұратынын білетін боласың. Жүйке жүйесі адам ағзасында қандай функциялар орындайтынын анықтайсың.

Үй тапсырмасын тексеру 10 мин (Ұ) «Жіңішке» және «жуан» сұрақтар.

Сыныптастарыңа сұрақтар қой.

Түсіну

25 мин

Тақырып бойынша жұмыс

(Т) «Идеялар қоржыны».

— Жүйке жүйесіне не кіреді?

– Сонымен, талқылау барысында әркелкі пікірлер айтылды. Бүгін біз жұмысымызды осы қарама-қайшылықтарды шешуге бағыттаймыз. Біз «Жүйке жүйесі дегеніміз не?» деген сұраққа ғылыми жауап іздейміз?

(Ұ) Оқулық бойынша жұмыс. Мәтін оқу.

— Неліктен жүйке жүйесін ағзадағы ең басты жүйе деп санайды?

Мұғалім сурет бойынша жүйке жүйесі неден тұратынын айтып беруді сұрайды.

(Ж) Сызбамен жұмыс

-Жүйке жүйесі қалай жұмыс істейді?

Жүйкелер өте жіңішке сымдарға ұқсайды және бүкіл ағзаға таралған. Олардың бірі дене мен сезім мүшелерінен бас миына ақпарат тасымалдайды. Ми шешім қабылдайды. Оның пәрмені басқа нервтер арқылы бұлшық еттерге таралады.

Мұғалім оқушыларға парталас көршісімен қандай сезім мүшелері ақпарат қабылдайтынын және ми бұлшық еттер мен басқа органдарға қандай белгі беретінін талқылауды ұсынады:

  1. Бала кактусқа қолын тигізді;
  2. Балалар бөлмеде күйіктің иісін сезді;
  3. Қыз бала кондитерлік дүкеннің сөресінен әдемі торт көрді.

Тыныс алу жаттығулары Дұрыс тыныс алу жүректің жұмысын, бас миының қызметін жақсартады және адамды көптеген аурудан сақтайды. Жаттығу жасау кезінде тыныс алуға мән бер.

(Ұ) — Жұлын бас миы мен мүшелердің арасын байланыстырушы буын болып табылады. Ол омыртқада орналасқан. Неліктен бас миы мен жұлын сыртқы ортадан жақсы қорғалған, ал жүйкелердің ондай қорғанышы жоқ екені туралы ойлан.

(Ұ) Оқулық бойынша жұмыс. Мәтінді оқы.

— Ағза бірқалыпты жұмыс істеген кезде адам жүйке жүйесінің жұмысын сезінбейді. Егер оның бір жері бүлінсе, онда ауру пайда болады. Осылайша ми шара қабылдау керек екенін хабарлайды. Бүкіл денеде ауруға сезімтал жүйкелер бар.

Білгішбектің ақпараты.

Ауру – дене мүшесінің қалыпты жұмысында ақаулық пайда болғаны туралы белгі.

(Ұ) Мұғалім мынадай сұрақтарға жауап сұрайды

— Адамға ауру не үшін қажет екені туралы болжам жаса. Өз мысалдарыңмен раста. Саған қауіп-қатерлі жерлерді есте сақтау үшін неше рет күйіп, жарақаттану қажет болды? Ауруға шыдау үшін не істейсің?

(Т) Жаднама жасау

Мұғалім жүйке жүйесін қорғау жөнінде кеңестерден тұратын жадынама жасауды ұсынады.

Суреттермен безендір. Таныстырылым дайында.

А 4 пішімді парақтар, фломастер-лер

Оқулық

Оқулық

қалам, қағаз,

Оқулық Қосымша ақпарат көздері

Қорытынды-лау

5 минут

Пайымдаулар Иә/жоқ
Сигналдар бас миына қан арқылы келіп түседі
Жүйке жүйесінің қызметі бүкіл ағзаның жұмысын басқару болып табылады.
Жұлын жүйке жүйесіне жатады.
Жүйкелер ағзада қоректік заттарды тасымалдайды.
Бас миы қабылдайды, өңдейді және мүшелерді басқарады.
Ми үздіксіз, тіпті біз ұйықтап жатқанда да жұмыс істейді.
Ғылыми күнделік
Үй тапсырмасы

1 минут

РАФТ тәсілі

Бүгін сабақта білгендерің жөнінде әңгіме жазыңдар. Бірақ әңгімені өз аттарыңнан емес, біздің ғаламшардың кез келген адамы атынан Шолпан ғаламшары тұрғыны үшін арнап жазуларың керек.

Р – рөл (ғаламшарымыздың кез келген адамы)

А – аудитория (кімге жазамыз – Шолпан ғаламшары тұрғындарына)

Ф – форма – әңгіме

Т – тақырыбы «Адамның жүйке жүйесі»

Рефлексия

  1. минут
(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау оқушының сабақтағы өз жұмысын бағалаудан тұрады.

  • Жүйке жүйесі дегеніміз не екенін, оның неден тұратынын білдің бе?
  • Жүйке жүйесі адам ағзасында қандай қызметтер орындайтынын анықтай алдың ба?

Осылайша, педагог бүкіл сынып оқушыларының ақпаратты қабылдауларын талдайды.

Қосымша ақпарат
«Әлсіз» оқушыларға мәтінде сұраққа жауап болатын сөйлемдерді тауып оқуға көмектесу.

Мұғалім қажетіне қарай жұп болып жұмыс істейтін оқушыларға көмек көрсетеді.

Мұғалім:

  • әрбір оқушыға кері байланыс пен қолдауды қамтамасыз етеді;
  • сабақ барысында сұрақтар қояды;
  • оқушылардың дәптердегі жұмысын (тапсырманы) қарайды;
  • оқушы рефлексиясының нәтижелерін талдайды.
Психикалық денсаулықты қорғау
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттарына/оқу мақсаттарына қол жеткізу мүмкін бе?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Егер қол жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Осы бөлімді сабақ туралы ойлану үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Бүгін оқушылар «Жүйке жүйесінің маңызы» деген тақырыптан көп мағлұматтар алды. Бұл тақырыпта шын мәнінде онда терең көрегендік мағына жатқанын ашты. Жоспарлаған әдіс-тәсілдерім тиімді болды.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Сен білесің бе?» әдісі

2: кері байланыс «РАФТ»

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: «Идеялар қоржыны», «Ойсергек»

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? ашық сұрақтар дайындау

Пән мұғалімі: Альханова Айгуль Тулеутаевна

Сыныбы: 4 «В»

Пәні: Жаратылыстану (Бигазина П.К., Жаманкулова А.Ж.., Кажекенова Э.А., Тураканова Г.А., Хонтай М.К. – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019)

Сабақ тақырыбы:Пайдалы қазбалардың маңызы?
Күні: Мұғалімнің есімі
Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.5.5.1 түрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаттары: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар:

-қор

-сарқылатын сарқылмайтын баррель

Терминология:

-баррель

Сөз тіркестері:

Талқылау сұрақтары:

Пайдалы қазбалар қоры деген не?

Табиғи ресурстардың қоры қандай болады?

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерек қордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Оқулық,дәптер
Алдыңғыоқу 3 — сыныпта табиғи ресурстар туралы өтілген білімдерін қайталау
Жоспар
Жоспауақыт Жоспарланған жаттығулар
Басталуы Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Терең ғылым сананың Тегідеп ой саламын.

Маңызберіпоқимыз Ғылымға кіріспе сабағын. Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) «Зымыран сұрақтар»

-Қандай пайдалы қазбалар кенсіз деп аталады?

Еліміздегі кенсіз пайдалы қазбалардың таралу аймақтарын білесің бе?

ҚБ: тамаша, жарайсың!

Оқу мақсатын таныстыру.

        1. түрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу

4.1..2.2алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Ортасы Оқушылар пайдалы қазбалардың маңызы не деп ойлайсыңдар?

Жұптық жұмыс

Суретпен жұмыс

-Кестедегі мәліметтерді зерделе.

-Еліміздегі пайдалы қазбалар қоры туралы әңгімеле?

-Неліктен?

Дескрипторы:

-Кестедегі мәліметтерді зерделей алады;

-Еліміздің пайдалы қазбалар қоры туралы әңгімелей алады;

Оқылым

Пайдалы қазбалар қоры дегеніміз –жер қыртысындағы кеннің жалпы мөлшері.Жер қыртысындағы пайдалы қазбалар қорының мөлшері олардың түзілу мерзіміне,құрамына байланысты әртүрлі болады.

«Ойлан»

Пайдалы қазбалардың қоры ұзақ мерзімге жету үшін не

істеу керек?

Зертте

Өз сөмкеңдегі заттардың қайсысы қандай заттардан жасалған?

Дескрипторы:

-Өз сөмкесіндегі заттардың қандай заттан жасалғандығын ажырата

алады;

ҚБ: «бағдаршам»

«Сен мұны білесің бе?»

Пайдалы қазбаны тұтыну мөлшері жыл сайын ұлғайып келе жатыр. Бұл

Ресурстардың сарқылуына әкелуі мүмкін.Себебі пайдалы қазбалар өте

баяу түзіледі. Мысалы:көмір мен мұнай пайда болу үшін 300-350 миллион

жылдай уақыт керек.

«Бас бармақ» кері байланыс.

Үйге тапсырмасы. 40- 41-бет оқу,әңгімелеу

Қорытындыбағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Өрмекші торы

2. Зымыран сұрақтар

Қандай екінәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Зерттеу жұмысы

2. Венн диаграмасы

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1. ашық сұрақтар

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.