Жаңа сабақтар

Кабакова Марина Ахметқызы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

«Арай бөбекжай бакша» МКҚК

Кабакова Марина Ахметқызы

Тәрбиеші жан мамандығы

Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.Бала тәрбиесінің негізі балабақшада қаланады.Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін,әрине тәрбиешінің жеке басының өзі соған сай болуы керек.Баланы тәрбиелеудің негізгі мақсатым-дені сау,ұлттық сана –сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті, парасатты ,ар-ожданы мол, еңбекқор, бойында игі қасиеттер қалыптасқан патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Сонымен қатар балаларды имандылыққа тәрбиелей отырып бала бойына мейірімділікті,қайырымдылықты,ізгілікпен кішіпейілділікті бойына сіңіру. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді.Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады.

«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек,тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»

(Әбу Насыр әл-Фараби)

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Топ: №9 — Ақбөбек тобы

Сабақтың мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыра отырып,қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.

Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

Технологиясы: Қуыршақ театры

Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.

Көрнекілігі: тақта, орман, орманды мекендеген аңдар, ағаштар.

Тәрбиеші:

Құрметті қонақтар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! №9-шы «Ақбөбек» тобының тәрбиеленушілерінің қиялынан туындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар.

  • Біз бүгінгі тіл дамыту сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.

«Бауырсақ» ертегісінің қуыршақ театры:

Тәрбиеші: Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

Шал: — Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

Кемпір: — Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!

Шал: -Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.

Тәрбиеші: Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да, қаймаққа қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан жерге, жерден шөпке, шөптен жолға түсіп әрі қарай домалай жөнелді.Бауырсақ домалай домалай көк шалғынды кезіп, қараңғы орманға домалап жетеді. Орманда оған қоян кездеседі. Қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: мен атамнан кеттім, мен әжемнен кеттім. Сенненде қоян оп-оңай кетіп қаламын деп, әрі қарай домалай жөнелді.

Тәрбиеші: Қоян тұрған орнында қала берді.Бауырсақ орман ішін домалап келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:

Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Қасқыр жемеші мені,мен саған өлең айтып беремін деп – бауырсақ әндетіп жіберді,

Қырып жинап нан илеп

Мені әжем пісірді

Терезенің алдына

Қойып еді суытып

Терезеден секіріп

Жолға шықтым ерігіп

Атамды кеттім қалдырып

Әжемді кеттім қалдырып

Кездестірдім қоянды

Оныда кеттім қалдырып

Ал енді қасқыр сененде кетем

Тәрбиеші: Осыны айта сала бауырсақ әрі қарай домалай жөнелді, — Қасқыр тұрған бойында қала берді . Бауырсақ орман ішін домалап келе жатса алдынан аю шығады

Аю: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ : Аю жемеші мені,мен саған өлең айтып беремін деп – бауырсақ әндетіп жіберді,

Қырып жинап нан илеп

Мені әжем пісірді

Терезенің алдына

Қойып еді суытып

Терезеден секіріп

Жолға шықтым ерігіп

Атамды кеттім қалдырып

Әжемді кеттім қалдырып

Кездестірдім қоянды

Оныда кеттім қалдырып

Одан қасқыр жолықты

Оныда кеттім қалдырып

Ал енді аю сененде кетем

Тәрбиеші: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Аю жолына қарап қала береді, бауырсақ домалап келе жатса алдынан түлкі шығады

Түлкі: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

Бауырсақ: Түлкі сен менің өлеңімді тыңда.

Түлкі: мен өлеңіңді қуана тыңдар едім, бірақ қартайып құлағым нашар естиді сен менің тұмсығыма отыр да айта ғой.

Тәрбиеші: түлкінің тұмсығына отырып бауырсақ өлеңін бастайды

Айтып үлгергені сол-ақ екен, түлкі ауызын ашып, бауырсақты жеп қояды

Аяқталды осымен біздің қызық ертегі.

Қорытындылау:

  • Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.

Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады?

(Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)

  • Өте жақсы!
  • Ал, түлкі ше?

-Түлкі қу, айлакер.

Жағымды-Жағымсыз

Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)

-Ұн неден алынады? (Бидайдан)

Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай? (Сары.(

Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай? (Домалақ, шеңбер.(

Қатысушылар: Автор-Тәрбиеші, Кемпі, Шал, Бауырсақ, Қоян, Қасқыр, Аю, Түлкі.

№26 «Арай бөбекжай — бақшасының» №9 «Ақбөбек» кіші тобының тәрбиешісі Кабакова Маринаның 2019-2020 оқу жылына өз білімін жетілдіру жоспары.

Тақырыбы Пайдаланған әдебиеттер Уақыты Жауапты
1 ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулықпен таныстыру.

2018-2019 оқу жылы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Астана 2018

ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулық Қырқүйек Кабакова М
2 Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру » халыққа жолдау бағдарламасын танысу. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру » халыққа жолдау Қазан Кабакова М
3 «Мәңгілік ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мән мәтінінде әдістемелікпен таныстыру «Мәңгілік ел»мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мән мәтінінде әдістемелік. Қараша Кабакова М
4 ҚР «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың улгілік оқу бағдарламасы » ҚР «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы.» Желтоқсан Кабакова М
5 Мектепке даярлық білім беру бағдарламасының Әдістемелік ұсынымдарында метепалды даярлық сыныптарында балалардың біліктерінде, дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін оқыту үдерісін қамтамасыз ету. Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар

Астана,2016ж.

Қаңтар Кабакова М
6 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтарымен танысу. ҚР баланың құқықтық Заңы

Алматы-2016ж.

Ақпан Кабакова М
7 Ойын технологияларды мектепалды даярлық топтарда қолдану. Басылымдарды,ақпараттық технологияларды қолдану. Наурыз Кабакова М
8 Жаңа инновациялық технологиялар түрлерімен танысу. Басылымдар,ғаламтор ресурстары Сәуір Кабакова М
9 Тақырып бойынша жасалған жұмыстар нәтижесін презентация арқылы көресту. Жасалған дидактикалық ойындар,көрнекіліктер, презентация. Мамыр Кабакова М

Тақырыбы: «Тәрбие негізі халықтық п

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.