Жаңа сабақтар

Абилгазина Лаура Адилхановна

Қостанай облысы, Арқалық қаласы , Родина ауылы

Родина жалпы орта білім беретін мектебі Родина жалпы орта білім беретін мектебі

Абилгазина Лаура Адилхановна

«Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа технологиясын

сабақта тиімді қолдану

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде.

Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп,мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:

· баланы оқи білуге үйрету

· баланы ойлауға үйрету

баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.

Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлау жобасының көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданып жүрмін.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.
Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
— Сабаққа қызығушылығы артады;
— Нақты өз деңгейінде бағаланады;
— Жеке қабілеті айқындалады;
— Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
— Даму мониторингі айқын көрінеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
— Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
— Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
— Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
— Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
— Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
— Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
— Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
— Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
— Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
— Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Өз іс-тәжірибемде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – сын тұрғысынан ойлауды дамыту қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты ерекшеліктерін сабақтарымда қолданылу жолдарына тоқталмақмын.

Балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында сөзжұмбақ шешіліп, бүгінгі күннің тақырыбын оқушылар өздері анықтады.
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы

1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік

3.Жылқышының еңбегі
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
«Қыс мезгілі» сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4-ші «Әдебиет үйірмесі»
• Шағын әңгіме «Қыс мезгіліндегі тіршілік»
• «Қызықты қыс еліне» суретті аяқта
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)

Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.

Қорыта келгенде. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады

Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізд

Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Пән: Дене шынықтыру

Сынып: 2

Күні:

Сабақ 1

Мектеп: РОМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Денсаулық туралы жалпы түсінік

Ұзақ мерзімді оқу мақсаты 2.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың кейбір негізгі жолдарын анықтайды

2.3.1.1 Дене жаттығулар жасау барысында сауықтыру артықшылығын талқылау және сипаттау.

Сабақтың мақсаттар .Денсаулықты нығайтуға байланысты жаттығу түрлерімен танысады;

.Жаттығу түрлерін көрсетеді;

Жаттығу жасау барысында жаттығуларды ережелерге сай жасайды.

Бағалау критерилері Жаттығу түрлерін көрсетеді;

. Қауіпсіздік ережені сақтай отырып ,жаттығуларды дұрыс жасайды.

Ойын ережесін сақтайды, жеңіске жетеді.

Сөздік қор Қимыл қозғалыс, жүгіру, секіру, жүрек, бауыр, бұлшықет, ептілік
Құндылықтарды дарыту Ойын жігерлілікке, шыдамдылыққа және ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Бөлімнің екінші бөлігінде кеңістіктегі қозғалысты, жұппен және топпен ынтамақтастық пен қарым-қатынасты дамыту бойынша ойындар ойнатылады
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану, математика
АКТ қолдану дағдысы телефон, аудиожазба
Алдыңғы ме

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

15мин

Сапқа тұру түзел тік тұр сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл кері айнал.

Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айланып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алмен жүгіру.қаз жүріс терең жүріп демалу. Сапқа тұру. қатармен саналу 1-2-3ке санал

Бір орыннан және қозғалып жасалатын жаттығулар:

Б.қ.аяғымыз иық көлемінде қалымыз белде басымызды айналдырамыз

Б.қ. екі қолды алға және артқа айналдыру.

Б.қ оң қол жоғарыда сол қол төменде қолымызды алмастырамыз

Б.қ. екі қолды алға ұстап, оң аяқты сол қолға, сол аяқты оң қолға қарама-қайшы көтеру.

Б.қ. екі аяқты иық тұсында ұстап, алға иіліп тұру.

Б.қ. екі аяқты алшақ ұстап, бір орыннан отырып тұру.

Б.қ.1 қолымыз жоғалыда созыламыз 2 тіземізді бүкпейміз қолымызды аяқтың ұшына тейгіземіз 3 отырамыз 4 тұрамыз

Б.қ қолымыз белде белді оңға 2 рет солға екі рет қозғалтамыз .

Б.қ 1оң аяқтың ұшына қолымызды тейгіземіз 2 жерге тейгіземіз 3 сал аяққа қолымызды тейгіземіз 4 бастапқы қалып

Ашық сұрақ

1.Дене жаттығулары кезінде біздің жүрегіміз бен өкпеміз неліктен еселеп жұмыс істейтінін айта аласыз ба?

2.Дене жаттығуларынан кейін жүрегіңіз неліктен жылдам соғады? Осындай жаттығулардан кейін сіз өзіңізді қалай сезінесіздер? Қызып терлейсіз бе

3.Жүгіру бойынша көңілді жаттығуларда біз қандай салауатты дағдылар қалыптастырамыз?

4.Секіруге арналған жаттығулар неліктен денеге жақсы ширату болып саналатынын айта аласыз ба?

Іс-әрекеттің әрбір түріне арналған кең алаң, ысқырық
Сабақтың ортасы

25 мин

Дене шынықтыру туралы негізгі білім. Мұғалім оқушыларды дене шынықтыру туралы ұғыммен, пән мазмұнымен, оның тарихымен, дене шынықтыру бөлімдерімен (жеңіл атлетика, қозғалыс және спорт ойындары, гимнастика, шаңғы, спорт ойындары) таныстырады.

Жеңіл атлетика
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.
2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.
3. Ойлы — қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай — саспай өтуді есте сақтаған жөн.
4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.
6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.
7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.
8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
10. Жауын — шашында күндері лақтыратын құрал — жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Гимнастика сабақтарында
Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;
Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;
Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.
Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;
Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;
Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.
1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.
2. Гимнастикалық құрал — жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.
3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.
4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.
5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.
6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.
7. Гимнастикалық құрал — жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал — жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.
8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.
9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.
10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

«Құлатпай жеткіз» ойыны. Оқушылар орындықта отырады. Әрбірінің аяғы астында әлдебір зат болады (ойыншық, қарындаш, фломастер). Бір аяқтың башпайларымен затты ұстап алып, оны қалай да болса (бір аяқпен секіріп не төрт тағандап қозғалып), бөлменің қарама-қарсы бұрышына дейін жеткізу керек. Дәл осыны екінші аяқпен істеу керек. Затты құлатпай, тез орындаған адам жеңіске жетеді.

Ойын ағзаның жалпы сау болуына және дұрыс жүру дағдысын тәрбиелеуге себеп болатын табанның бұлшықет-сіңір аппаратын қатайтуға және ептілікті дамытуға берілген.

Кім бірінші

Командада бірінші тұрған ойыншылар бастапқы сызықта тұрып, ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін, қос аяқтап алға қарай секіріп, бастапқы сызықтан 3-4 м. жердегі сызылған шеңбердің ортасына тұра қалып 5 рет отырып-тұрады, одан 3-4 м. жерде тұрған допты баскетбол әдісімен соңғы белгіні айналып, допты орнына қою керек, соңғы 15 метрді тоқтамай жүгіріп өту. Ойын барлық команда мүшелері орындап болғанша жалғасады.

«Қапшық жарыс» ойыны.
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып қапты киіп алып, 10 — 15 метр жердегі арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді, тағы сол сияқты қайталайды.(Нұсқау: Қаптың аузың екі қолмен ұстап жүгіруге болады.)

Ойыншықтар, карындаш, фломастер

Доп, ысқырық

Қапшықтар, ысқырық

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай қателер бар және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

-Сабақты қорытындылау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.

-Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.

-Толық сапқа тұруларын қадағалау

-Сабаққа қатысуына байланысты мадақтау.

-Қоштасу.

-Бір саппен спорт залдан шығару.

Дифференциация- оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша сапалы орындау, жаттығуларды қайталатып орындату. Шапалақтау әдісімен бағалаймын. Ауызша мадақтаулар айтып, қажет болған жағдайда ұсыныстар айтамын. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ, жаттығулар барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңы. Өз сабағыңыз туралы сол жаұ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/

қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ңгерілген білім

Оқушылар денсаулықты нығайту үшін жаттығулар жасау керектігі туралы біледі. 1-сыныптағы қарапайым жалпы дамыту жаттығуларын орындау, жүгіру, секіру, лақтыру тәжірибиелері бар.

Пән: Әдебиеттік оқу

Сынып: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Махамбет пен Жақия.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ жерін жаудан қорғауда Исатай, Махамбет батырлар қолбасшылығын, ерлік істерін таныстыру.Батырлар жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Оқыту әдісі: сұрақ – жауап, өз ойын ортаға салу, деңгейлік оқыту әдісі

Пәнаралық байланыс: Музыка

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту:Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабақты бастаймыз.

І. Үй тапсырмасын сұрау:

Мәтін мазмұнын баяндайды.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді.

ІІІ.Мағынаны тану: Махамбет пен Жақия

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен — он ұл, Шыбынтайдан — төрт ұл, Қобылайдан — үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Исатай Тайманұлы:

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі — Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.

-Мәтінмен жұмыс; Мәтінді тізбектеп оқыту

-Мәтін мазмұнына талдау жасау:

Мәтінде аттары аталған батырлар кімдер?

Жақияның ержүректілігі туралы, Махамбеттің ерлігі жайлы айтылған жолдарды тауып оқы. Жәңгір хан туралы не білесің?

Махамбет Жақияны қайтару үшін не деді?

ІҮ.Ой толғаныс:

Топтастыру стратегиясы:

Оқушылар мәтіннен батырлар бойындағы қасиеттері туралы айтады.

Махамбет

Ақын, батыр,айлакер, намысшыл,тапқыр,күйші,жанын қиды

Исатай

Мерген, батыр, өжет, киелі, қасиетті, рухты, Отан үшін жанын қиды.

Қорытынды:

Міне, балалар қасиетті, рухты, орасан күштің иесі, халқының қамын жеген ердің ісі оңға басып, оның атқан оғынан әділетсіз соғыс бастаған жау батыры қанша мықты болғанымен жеңіліс табады. Махамбет пен Исатай бейнесі арқылы жауыздық әрекеттің іске аспайтыны, түбінде әділдік жеңетіні айтылады.

ҮІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.