Жаңа сабақтар

Машева Алтынай Аскаровна

Ақтөбе облысыӘйтекеби ауданы. Талдысай селосы «Аққайың»МДҰ балабақшасының тәрбиешісі Машева Алтынай Аскаровна

Тақырыбы: Менің үйім

Мақсаты: Құрылыс материалдарынан үй құрастыра білуге жаттықтыру. Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа баулу.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Көрнекілік: Құрастырылған үйшік, үйшік суреттері

Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қағаз,желім,сулық.

Билигвалды компонент: үй-дом, шатыр-крыша

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле тараты.

Жайнап түсті даламыз,

Жайнап түсті қаламыз

Шеңберге тұрып қимыл қозғалыс жасайды.

Балаларға үйдің суретін көрсетіп, талдау жасау.

-Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?

-Балалар үй не үшін қажет?

-Үйдің қандай түрлері болады?

-Үй қандай құрылыс жабдықтарынан жасалған?

Үйді жасау үшін қандай құрылыс материалдары керек екенін балаларға ойлануға және таңдауға тапсырма беріледі.

Алдымен үйді құрастыру жолдарын көрсету. Үй жасау үшін қағаздан жасалған ұзын шиыршықталған қағаз,бірнеше ұзын көлемде ширатылған екі түсті қағазды бірдей көлемде алып,бірінің үстіне бірін көлденеңінен орналастырамыз.Бірінші екі көк түсті орналастырсақ,екінші екі қызыл түсті қағазды үстіне орналастырамыз.Осылайша үйдің қабырғасын көтереміз.Шатырын төрт бұрыш қылып алып,желіммен үйдің төбесін жабамыз.

Сергіту сәті:

Бала,бала,балақан,

Кәне қайссы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса,жаса алтын күн,

Жаса,жаса жарқын күн.

Күтілетін нәтиже: Біледі, құрылыс материалдарын пайдалана отырып,үй құрастыруды.

Қорытындылау: Балалардың құрылыстарын мұқият қарап шығып,әр баланың жұмысын жеке талдау жасау. Балаларды мадақтау.

«Бүгінгі жастар, ертеңгі елдің болашағы.»

Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында.Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар- бүгінгі жастар.Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әрбір жас буын өз Отанын Қазақстанын жанындай сүйіп, оған табынып өсуі қажет.Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекеттілігін қалыптастыруда.Бүгінгі жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей,өз елін сүюге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеуге бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттерінің бірі.Қай ғасырда болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты,ұлтжанды,рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу- қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі.Сонымен қатар өз елінің рәміздерін, Ата заңын білуге,әрі құрметтеуге әрбір азамат міндетті. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін , ұлтжанды азамат болуы керек», – деп атап өтті ел Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта- оның ұлттық мектебі.Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры- ел тағдыры.Сондай-ақ негізгі міндет – сапалы білім. Білім қаншалықты сапалы болса соғұрлым өскелең ұрпақтың болашаққа сенімі нық болмақ.Ел боламын десең, бесігіңді түзе демекші , еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды , білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек.Жастар жас шыбық секілді, қалай исең солай илігуге әзір, сондықтан жастардың ойын да,бойын да түзу өсіру, дұрыс жол көрсету басты парыз.Жастар – жердің, елдің иесі қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.

Білім саласы:Таным

Тақырыбы:Ауа.Су.Жарық.

Мақсаты: баларға ауа, су, жарық және олардың маңызы туралы білімдерін кеңейту. Олардың қасиеті,құрамымен табиғат пен адамдар арасындағы байланысты,өсімдіктер және жан-жанурлардың өміріндегі маңызды рөлімен таныстыру.Балардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятып,қоршаған ортасын қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу,түсіндіру,тәжірибе жасау,сұрақ-жауап.

Қажетті құрал-жабдықтар:суреттер,тәжірибеге арналған құрал-жабдықтар.

Қостілділік компанент:су-вода,ауа-воздух,жарық-тепло.

Шаттық шеңбер:

Сәлем саған,Жер-Ана!

Сәлем саған, Нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.

Тәрбиеші:-Балалар,оқу қызметін бастамас бұрын мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын,сендер мұқият тыңдап толық жауап беріңдер.

Сұрақтар:

-Қазір жылдың қай мезгілі -Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады.

-Табиғат дегенімізне?(Балалар сұрақтарға жауап береді )

-Дұрыс айтасындар.Табиғат деген бізді қоршаған орта.Табиғат екіге бөлінеді.Тірі табиғат-адамдар, құстар,өсімдіктер,жануарлар,ағаштар.Өлі табиғат-тас,күн,ауа,су,топырақ.

Жұмбақ

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Балалар жұбақтын шешішімін табады (күн ).

-Балалар мынау ненің суреті?

Балалар:-күн

Тәрбиеші:-дұрыс айтасындар, балалар.Бұл біздің досымыз-күн.Күн бізге жарық береді, ауаны тазартады,жылу сыйлайды. Күн болмаса жарық болмайды,қаранғы болар еді. Кәне,көзімізді жұмып көрейікші балалар. Қараңғы,егер күн болмаса,үнемі түн болар еді. Күн болмаса жылу болмайды.Өсімдіктер тіпті тіршілік иелері күнсіз сүре алмайды.

Жұмбақ

Көзге көрінбейді,

Демалсаң білінбейді.

Балалар жұмбақтың шішімін табады (ауа)

Тәрбиеші:-Ауа біздің екінші досымыз.Бізді көзге көріңбейтін ауа қоршап тұр.Тірі табиғат ауасыз өмір сүре алмайды. Біз ауасыз тыныс ала алмаймыз кәне,беріміз мұрнымызды жауып біраз тұрайықшы,тыныс аларма екенбіз?Себебі,бізге ауа жетіспейді.Ауасыз дем алу мүмкін емес.Енді балалар қазір біз бұны тексереміз,балалар қолымдағы не?

Балалар:-шар

Тәрбиеші:-Шарды үрлеу барысында ауызбен дем шығару арқылы шарымыздың ішіне ауа толады. Егер шарымыздың ішіндегі ауаны шығарсақ,шарымыз босап қалады.Ауа қозғалады,тербеледі,сығылады.Ол көзге көріңбейді,бірақ біз оны сеземіз.

Жұмбақ

Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

Балалар жұмбақтың шешімін табады (су)

Тәрбиеші:-Ал,балалар,біздің үшінші досымыз-су.Суөмір нәрі.Балалар адамдарға су не үшін қажет?

Балалар:-Сумен шынығамыз,таза жүру үшін жуынамыз,тамақ пісіреміз,кір жуамыз.

Тәрбиеші:-Жарайсындар балалар,Су адам өмірі үшін өте қажет екен.Олай болса балалар,судың қасиеттерін білу үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік.

1-тәжірибе: «Су-сұйық зат».

Ыдыстағы суды бір-біріне құю. Балалар суды төгуге де болады.Су ағады тамшылайды,суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады.Яғни,балалар,судың сұйық екенін көруге болады.

2-тіжірибе: «Судың дәмі бар ма?»

Ортаға ыдыс құйылған таза сумен қант қою,Балаларға ішкізіп көрсету. Судың дәмі жоқ. Ал,егер қант қоссақ өзгереді,(Балаларға ішкізіп көрсетемін) Балалар қант қоссақ,судың дәмі қандай болады?

Балалар:-су тәтті болады,

Тәрбиеші:Дұрыс айтасындар балалар,себебі біз суға қант қостық.

Балалардын алдына екі шыны ыдыс қою,біреуіне су,екіншісіне сүт құю.Екі ыдысқа да қасық салып,қайсысына қасық көрінетінін,ал қайсысынан көрінбейтінін бақылаймыз,және балалардан сұраймын. Су-ол түссыз,балалар суға қарап,түсі жоқ екенін айтады .

4-тәжірибе: «Түрлі-түсті тапмшылар»

Тәрбиеші:-Балалар сендер судың түсін өзгерткілерің келе ме?

Балалар:-Ия

Тәрбиеші:-Олай болса,балалар алдарындағы бір ыдысқа суға өздерің ұнаған бояуды қосындар.Судың түсі өзгердіме?

Балалар :-ия судың түсі өзгерді.

Тәрбиеші:-Демек,балалар,судың түсі оған қоспа қосқанда өзгереді.(Балалар өздеріне ұнаған бояу тамшыларын суға қосып,араластырады да судың түсінің қандай түске өзгергендігін айтады. )

5-тәжірибе:-«Мұз қатты су».

Тәрбиеші:-Балалар алдымыздағы судын қатты түрі ол-мұз.Егер мұзды қолымызға ұстасақ,ол не істейді балалар?

Балалар:-Мұз ериді.

Тәрбиеші:-Дұрыс балалар,яғни мұз еріп суғак айналады.Себебі біздің қолымыз жылы және мұзды жылы жерге әкелсе,ол тез ериді.

Саусақ жаттығуы

Қол жуғыштың қасына,

Келе қалды балақан

Ысқылады асыға,

Алақанды-алақан.

Қарады да сосын ол,

Тап-таза деп,қуанды.

Қандай жақсы екі қол,

Бірін-бірі жуады.

Қорытынды:

-Балалар бүгін біздің оқу қызметімізде не туралы айтылды?

-Бізге су не үшін керек?

-Судың қандай қасиеттері бар?(Балалардын жауаптары тындалады).Балалар бүгінгі оқу қызметінде алған әсерлерің айта отырып,өздерінің көңіл-күйлерін айтады.

Тақырыбы : « Менін елім — Қазақстан ».

Мақсаты : Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру.Оларды дұрыс және нақты орындай білуге үйрету . Баланың ынталы іскерлігін артыру, ата – анамен жақсы достық қатынасын қолдау . Білім беру саласы : Денсаулық . Бөлімі : Дене шынықтыру .

Қажетті заттар : Доп , арқан , қапшық , кедергілер , ысқырғыш .

Билигвалды компонент: доп-мяч , ысқырғыш-свесток , арқан-веревка,

Құрметті қонақтар , тәрбиешілер , балалар сіздерді өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту барысында өткізгелі отырған

« Менін елім — Қазақстан » атты көңілді сайысымызға қош келдіңіздер ! Бұл ойын эстафеталық жарыс түрінде өтетін жарысқа 3 топтың әкелері қатысады. Жарысқа қатысатын топ мүшелері « Спорт » биімен, дене қыздыру жаттығуларын орындаймыз .

Ал, құрметті халайық ,

Жарысты енді көріңдер .

Әділ қазы алқасы ,

Әділ баға беріңдер !- дей, отырып сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасын сайлайық .

Спорттық жарысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады . Сайысымыз 7- кезеңнен тұрады .

« Қазақстанның Республикасының » ән ұраны орындаймыз .

1.Кезең . Таныстыру .

Барыс тобы . Ұраны : Барыс – топтан қалмай жарыс , Ура !

Тұлпар тобы. Ұраны : Бірлігіміз жарасқан ,

Тұлпар тобы тек алға.

Қыран тобы. Ұраны : Қыран құстай самғаймыз ,

Топтардан біз қалмаймыз.

2.Кезең . « Қаппен секіру » ойыны.

Ойын шарты : Әкелер қапты киіп , кедергілерді құлатпай секіріп келіп келесі ойыншыға береді . Ойын әрі қарай жалғасады . Қай топ бірінші келсе сол топ жеңеді .

3.Кезең. « Қол мен өрмелеп жүру ».

Ойын шарты : Қолды жерге қойяды аяғын келесі ойыншы ұстап жүреді . Осылайша кедергілерден өтеді. Бірінші келген топ жеңеді .

4.Кезең. « Көңілді доптар »

Ойын шарты : Таяқшамен допты итеріп , кедергі арасымен өтіп қақпаға допты кіргізу керек .

5.Кезең . « Тасмақ »

Ойын шарты : Әр топ мойнын еңкейе жүре , желкесіндегі допты жерге түсірмей кедергі арасы мен жүріп өту .

6.Кезең . « Пингвиндер»

Ойын шарты : Допты екі аяғының арасына қойып кедергілерден өту .

7.Кезең . « Арқан тартыс ».

Ойын шарты : Арқанды екі жағынан екі топтан бөлініп тартысады .

Енді әділ қазылар алқасына беріледі . « Менін елім – Қазақстан » атты сайысымызды « қара жорға » бимен аяқтаймыз .

Қортынды : Жеңімпаз қатысушыларды марапаттау . Барлық қатысушыларға алғыс айту .

Дені саудың – жаны сау .

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында , Қазақстан халқына жолдауында : « Егемен еліміздің болашағы мықты болып , шынығып өскені абзал » деген . Оның негізі осы кезден қаланатын болса , « Өмірге өскелең ұрпақ келер еді » деп атап өтті . Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту , бүгінгі балабақшалардың басты мақ –саттарының бірі болып отыр .

Балалардың денсаулығын нығайтуда спортқа әуестендіріп , күн тәртібі ережелерін сақтай білуге ,жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтырып, салауаттылыққа тәрбиелеуіміз қажет .Жан –жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу .Әр бір ата – ана мен балабақшаның міндеті .

Организімді шынықтыру – бала денсаулығына күшейтудің ең негізгі жолы . Дене тәрбиесінің маңызды бөлігі , ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі жаттығулар арқылы орындалады .

Біздің балабақшаның да басым бағыттарының бірі балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау « Дені саудың – жаны сау » демекші балдырған балаларымыздың дендері сау , дене бұлшық еттері қалыптасқан ,батыл болып өсуіне ата –аналармен бірлесе отырып жұмыс жүргізілсе қызығушылығы артады . Осы бағытта балабақша Еліміздің « Шынықсаң шымыр боласың » насихат сөзіне сүйене отырып , денсаулықты нығайту мақсатында түрлі спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру :

  1. Гигеналық жұмыс ( жуыну ,шынтаққа дейін қолға су құю , ауызды шаю).
  2. Шынықтыру жұмыстары 🙁 күн ,су ,ауа,су құю , сүртіну ).
  3. Дене шынықтыру оқу іс –қызыметті таза ауаға қимылдық ойындар .
  4. Дем алу , сергіту жаттығулары .

Осы кесте бойынша барлық топтарда жұмыстар жүргізіледі . Жылдық барлық мезгілдерінде баладардың денсаулығына рационалды тамақтануына ерекше көңіл бөлінуде . Сонымен қаттар ,балабақшада күнделікті шынықтыру шараларын өткізуге жағдай жасалуда .

  • Серуен және күндізгі ұйқыдан кейін беті қолын , мойнын салқын су мен жуады .
  • Күн тәртібіне сәйкес балаларды таза ауаға шығару ,оқу іс – қызметті кезінде сергіту сәттерін жасау , қимылды ойындар өткізу т.б. жүргізіледі.

Шеңбер бойына тұрамыз, шаттық шеңбер айту.

  1. дегенде тұрайық,

2,3,4-алақанды ұрайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып,бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық,

5-дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.

Қимылды ойын : « Масаны ұста »

Мақсаты : Ойыншылар бір – біріне қол созулы жерде дөңгеленіп тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады,онын қолында шыбық ( ұзындығы 1-1,5м)оған кардон қағаздан жасап жипке байлаған маса. Маса үстінен ұшып бара жатқан кезде,оны ұстап алуға тырысып секіреді.

Масаны кім ұстаса : « Мен ұстадым»,- дейді.

Еліміздің Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында рухани байлықтың , денсаулықтың қажеттілігін айтқандай , жас ұрпақтың бойына тазалықпен сергіктікті ,салауатты өмір құндылықтарын енгізу біздің міндеттіміз .Сондықтан бала денсаулығын нығайтып, психологиялық сақтандыру жүзеге асыру және оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізу балабақшадан басталған абзал .

Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам !

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.