Жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ»

20.04.2020 жылы Ақтөбе қаласы Баишев университетінде ғылым онкүндігі шеңберінде қашықтан оқыту түрінде «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ» — адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған V халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастайды.

Қалыптасқан төтенше жағдайды ескере отырып, конференция бағдарламасына АҚШ, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерден келген қонақтардың сәлемдесу бейне үндеулері енгізілген. Пленарлық отырыста электронды білім берудің өзекті мәселелері, логикалық-мағыналық типтегі көрнекі дидактикалық реттеулердің қажеттілігі, лингвоэкологияны зерттеу, Қазақстанның банк жүйесін цифрландыру бойынша баяндамалар тыңдалады, сондай-ақ гранттық ғылыми зерттеудің қол жеткізілген нәтижелерін таныстыру бойынша сөз сөйлейді.

Онлайн-конференция аясында 4 секция жұмыс істейді, оның ішінде: «Экономика, ауыл шаруашылығы, экология, басқару және құқық дамуының инновациялық тәсілдері: іргелі және қолданбалы аспектілері»; «Электрондық білім беру және қашықтықтан білім беру технологиялары»; «Қазіргі педагогика, психология және басқа да гуманитарлық ғылымдар: теория және практика»; «Техникалық ғылымдар, технологиялар мен қызметтердің өзекті мәселелері: үрдістер мен қазіргі заманғы бағыттар»; Конференцияға ғалымдар мен білім алушылардың 90-нан астам ғылыми баяндамалары ұсынылды. Конференцияның ұйымдастырушылары: «Орлов мемлекеттік экономика және сауда университеті» ФБЖБМ, «М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті» ФБЖБМ. «Білім беруді дамыту стратегиясы» М.Ақмолла атындағы БМПУ ҒЗИ.

Аталған конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпараттық алмасуының, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың, Баишев университетінің әлемдік ғылыми ортаға кірігуінің өзіндік алаңы болады.

Ғылым онкүндігінің жоспары бойынша Zoom, Google Meet, Cisco Webex және т.б. платформаларында қашықтан пішімде ғылыми конференциялар, құрылыс саласындағы инновациялық жобалар мен дизайнерлік шешімдер көрмелері, киімдер шеруі, түркі-қазақ тіліндегі «Ер Едіге» эпостың тұсаукесері бойынша Түркі әлемі елдерінің ғалым-зерттеушілерінің қатысуымен Халықаралық ғылыми семинар өтеді. Бұл іс-шараларға Орталық, ҒЗИ, зертханалар базасында ғылыми эксперименталдық зерттеулерді жүзеге асыратын, гранттық тапсырыстар шеңберінде университет ғалымдарының басшылығымен ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми ізденістерді орындайтын магистранттар мен студенттердің белсенді қатысуы анық.

Конференцияның бағдарламалық комитеті, қатысушылар, бағдарлама жобасы және тезистер мен баяндамалар жинағы университеттің ресми сайтында жарияланады. https://www.vuzbaishev.kz/ .

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.