Жаңа сабақтар

Көктем келбеті

Ізбағанбет Айгерім Айбарқызы

Ақтау қаласы МКҚК №39 «Хиуаз» балабақшасы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: Көктем келбеті

Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап.

Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші: Күн жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен және солармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,
күн сәулесін таратты
жарқырайды қаламыз
жарқырай түс, даламыз

(Шеңберге тұрады өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды)
Тәрбиеші: Балалар, енді мені мұқият тыңдаңдар. Мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын.

Қар еріп, су көбейіп, сай салаға ағады!
Ағам басы бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл көктем мезгілінде болады.
Тәрбиеші: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Көктем мезгілінде күн жылынады. Қар еріп, жылғалардан су ағады. Туған жерге құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.

Тәрбиеші: — Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді?

Балалар: Көктемде Қарлығаш, сауысқан, тырна, бұлбұл ұшып келеді.
Тәрбиеші: — Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?

Балалар: Көктемде бәйшешек, қызғалдақ шығады. Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде егістік жерлерде қандай жұмыстар жүргізіледі?
Балалар: Егістікте тракторшылар жер жыртып, сеялкамен дән себеді.
Тәрбиеші: — Наурыз айында қандай мерекелерді атап өтеміз?
Балалар: Наурыз айында 8 — наурыз аналар мерекесі, 22 — наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойын тойлаймыз.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақтар

  • Таңмен көзін ашады,
    Әлемге нұрын шашады.
    Ол не? (Күн.)
  • Ағаш.
  • Жылт жылт етеді.
    Жылғадан өтеді.
    Ол не? (Су)
  • Қыста киімін тастайды,
    Көктем де киіне бастайды.
    Ол не? (Ағаш.)
  • Кім жаңылтпаш біледі?
    Көктем күні шуақты,
    Көктем күні қуатты.
    Көктем күні шуақты,
    Сай — салада су ақты.
    Көктем күні күкіреп,
    Жаңбыр жауды сіркіреп.
    Көктем күні күркіреп,
    Шыға келді қыр түлеп
    Кім тыйым сөздер біледі?
    Құстарды атуға болмайды.
    Құстардың ұясын бұзуға болмайды.
    Қағаз ханшайымы:
  • Жарайсыңдар, балалар!
    Рахмет!
    Сендер өте ақылды,
    Білімді балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші: Ал, балалар, енді бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:

Күн болып жанайық.
Су болып ағайық.
Терең – терең демалып,
Жүгіріп, жүгіріп алайық.

Тәрбиеші: Енді маған қиынды пішіндерден көктемде өсетін қызғалдақ гүлін құрастырып жапсырайық.
Қызғалдақ гүлінің үлгі суретін тақтаға іледі.
«Көктемгі күн жерді қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып, қызғалдақтар жер – анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтешелерін көтеріп, күнге қарай қол созады. Себелеп өткен жылы жаңбыр гүлдің жапырақтарын аймалап жуып, шаңын кетіреді. Гүлдер жерді көріктендіреді, адамға жақсы көңіл – күй сыйлайды, олардан дәрі жасайды. Гүлдер жәндіктерге қорғаныш және тіршілік көзі болып қызмет етеді.
«Қызғалдақ гүлін құрастыра отырып жапсырамыз».
1) сабағын
2) күлтешесін
3) төменнен жоғарыға қарай жапырағын жапсырамыз.
Балалардың өз бетімен жұмыстар.
Тәрбиеші: Ал енді сендермен керемет ойын ойнаймыз.

Ойын: Жақсы мен жаман
Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру.
1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.
6) Гүлдерді жұлу.
7) Құстарға ұя жасау. (Ойын ойнайды)
Балалар қолдарын
Шапалақтайды.
Шапалақтамайды

Рефлексивті түзетушілік:
Тәрбиеші: — Бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?

Балалар: бүгін қоршаған ортамен танысу оқу қызметі болды.
Тәрбиеші: — Оқу қызметі ұнады ма?
Балалар: Иә, ұнады.

Тәрбиеші:-Біз қандай тапсырмаларды орындадық?

Балалар: Көктем мезгілі туралы жұмбақтар шештік, қызғалдақты құрастырдық, жақсы әрекет пен жаман әрекет туралы ойын ойнадық.

Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар, белсене атсалысқандарыңа рахмет. Бүгінгі оқу қызметі аяқталды.

Күтілетін нәтиже: Көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі қалыптасты.
Білуі тиіс: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін біледі.
Игеру: Шығармашылығын дамыту.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.