Жаңа сабақтар

Акнур Зарубек

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы , Талды ауылы.Талды ауылының ЖББ №19 орта мектебі базсындағы тірек мектебі (РО ) КММ

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Акнур Зарубек

Білім беру саласы :Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы : Күзгі орманға саяхат

Мақсаты: Күздің негізгі белгілерімен, күзгі табиғатпен, күзгі еңбек түрімен таныстырып, алған білімдерін тиянақтау. Балалардың қоршаған ортаға деген көз қарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге қамқор болуға үйрету. Таным белсенділіктерін арттыру.

Міндеттері:

Білімділік: балаларға табиғат туралы , күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.

Дамытушылық: сөздік қорларын молайту, сөйлем құрап айтуды дамыту.

Тәрбиелік: балаларды табиғатты қорғауға, күтіп- баптауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: үлпілдек, жомарт,

Блингвалды компонент: жаңбыр- дождь-rain, жапырақ- листя-leaves, күз- осень-autumn.

Керекті құрал- жабдықтар: күздің суреттері, жапырақ, музыка, микрафон, корзина.

Іс- әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық —

қозғаушылық

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше көптеген қонақтар келіпті. Қараңдаршы! Кәне бәріміз амандасайық.

Шаттық шеңбер «Қоян келді қонаққа»

Балалар шаттық шеңберге тұрады.Есік қағылады.Естіп тұрсыңдарма? Біреу есік қағып тұрған сияқты.Мен барып қарап келейін. Балалар бүгін бізге қонаққа қоян келді.Қараңдаршы қоянға қандай үркек.Қоянға жылы сөздер арнап қуантайық.Мысалы:секіргіш, қорқақ,сәбізді жақсы көреді, сүйкімді,мейірімді,әдемі, құлағы ұзын т.б Жарайсыңдар балалар қоянға жақсы мінездеме бердіңдер.Орындарымызға отырайық. Бүгінгі сабағымызға қоянда қатысады, қоянды мына жерге отырғызып қояиық.

Сәлеметсіздерме!

Шаттық шеңберге тұрады.

Ұйымдастыру- іздестіру Балалар бүгін мен сендерді күзгі орманға саяхат жасауға шақырамын,саяхатқа бару үшін менің мына жұмбағымның шешуін табыңдар.

Ағаштарды жапырақтардан айырып,

Құстарды жылы жаққа ұшырып.

Көкөніс пен жемістерді пісіріп,

Мен келемін, жер бетіне жайлап, суық түсіріп.

Бұл қай мезгіл?

Отырмайық, күзгі орманға саяхатқа шығайық.Күзгі орманға лезде барудың бір жолын білемін.Ол үшін менімен бірге мына сиқырлы сөздерді қайталау керексіңдер.Ол үшін көзімізді жұмып бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, менің артымнан мына сөздерді қайталаңдар.Шеңберге тұрып, күзгі орманға әкелу.Сиқырлы сөзімді тыңдаңдар.Музыка қойылады.

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Көзімізді ашайық. Балалар қараңдаршы мына сиқырлы сөздің көмегімен күзгі орманғада келіп қалыппыз.

Қәне бәріміз терең дем алып, дем шығарайық.Қандай тамаша!

Күзгі орманда кім бар екен?

Балалар бұл кім?

Бұл жаңғырық.Біз жаңғырықты көріп тұрмызба?

Жаңғырық біздің сөйлеміміздің соңғы сөзімізді қайталайды.

Жаңғырықпен ойын ойнайық.

Ау –ау-ау

Ағаштардың жапырақтары қайда? (қайда қайда)

Ән салғыш құстар жылы жаққы ұшып кеттіме? (ұшып кетті, ұшып кетті)

Жарайсыңдар балалар!Жаңғырықпен ойын ойнадық.Бөрене кесінділеріне отырайықМузыка ойналады.Түлкі шығады.

Түлкі: Сәлеметсіңдерме! Күзгі орманға қош келдіңдер!

Күзді орманда не істеп жүрсіңдер? Орманда мен сияқты аңдар ғана жүреді.

Тәрбиеші: Түлкі ханым балалармен күзгі орманда серуендеуге рұқсат ете гөр.

Түлкі: жарайды менің тапсырмаларымнан сүрінбей өтсеңдер мен сендерге тиіспеймін.

Тәрбиеші: балалар түлкінің тапсырмасын орындаймызба?

Мына жапырақтарда жұмбақтар берілген бірінші жұмбақты тыңдаңдар.

1.Тырс – тырс қағады,

Тереземіздің әйнегін

Жуады, жуады

Бірақ сүртпейді.

Бұл не?

Жаңбыр- дождь- rain

2.Ешкімде жемейді,

Тәтті екен демейді.

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі.

Бұл не?

Жапырақ- листя- leaves.

3.Жапырақтар сарғайады,

Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар жылы жаққа ұшады,

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Күз- осень- autumn.

Түлкі ханым жапырақтардағы тапсырмаларды ғана орындап қана қоймай үш тілде айта аламыз.

Жарайсыңдар балалар енді екінші тапсырманды орындап көріңдер бұл өте қиын тапсырма.

  • Қандай жыл мезгілдері бар?
  • Қазір қандай мезгіл?

Мына суреттерде жыл мезгілдері бейнеленген, күз мезгіліне байланысты суретті бос тұрған тақтаға ілеміз.

Тәрбиеші: неге бұл суретті таңдадың?

Жарайсыңдар, ал енді соңғы тапсырмамды орындаңдар.

  • Неге құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Құстар жайлы өлең білесіңдерме?

Жарайсыңдар балалар енді мен кетейін. Тапсырмамды жақсы орыңдадыңдар.Білімдерін жақсы екен.Сау болыңдар!

Музыка ойналады.

Сергіту сәті :

Аю болып қорбаңдап а-а-а

Қоян болып секіріп оп-оп-оп

Қасқыр болып ұлып у-у-у

Түлкі болып кулейік

Музыка қойылады күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы:

Сарғайды тоғай

Сап- сары манай

Соңғы әнің айтып

Құс кетті қайтып

Айнала жым- жырт

Көк аспан сұрғылт

Жапырақ ұшты

Суық та тусті

Сонда да бізге

Қызық көп бізде

Сәлеметсіңдерме балалар! Күзгі орманға қош келдіңдер!Менім кім екенімді таныдыңдарма? Мен күз ханшайымымын күз мезгілінде орманды әдемі түске безендіретін, жеміс- жидектерді пісіретін, құстарды жылы жаққа ұшыратын да мен.Сендер күз ханшайымы туралы қандай әдемі сөздер білесіңдер?

Тәрбиеші: күз ханшайымына байланысты әдемі сөздер айтайық.

Орманда болатын қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

Күз ханшайымы: балалар менімен бірге ойын ойнайсындарма? Ойынның аты : «қарама- қарсы сөздерді айт»

Тірек сызба арқылы.

Қасқыр күшті, қоян әлсіз

Аю үлкен, тиін кішкентай.

Кірпінің терісі тікенекті, түлкінің терісі үлпілдек.

Жарайсыңдар балалар күзгі орман жайлы білімдерін жақсы екен.Менің сендерге сыйлығым бар қабыл алыңдар. Енді мен кетейін сау болыңдар! Музыка қойылады күз ханшайымы кетеді.

Тәрбиеші: Ормандағы серуеніміз біразға созылды, қайтатыңда уақыт келді. Ол үшін көзімізді жұмып бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап, сиқырлы сөзді еске түсірейік.

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Күз

Тәрбиешінің нұсқауын орындайды.

Өлеңді қайталайды.

Күзгі орманға

Жаңғырық

Жоқ

Жаңбыр

Жапырақтар

Күз

Күз, қыс, көктем, жаз

Күз

Күн суытады

Сау болыңыз!

Сергіту сәтін орындайды.

Сәлеметсізбе!

Алтын, түрлі- түсті, жомарт, жаңбырлы,әдемі, суық

Қасқыр, қоян, аю,түлкі, кірпі.

Сау болыңыз!

Рефлексті- түзетушілік Қортындылау

Бүгінгі сабағымыз ерекше болды.

Біз қайда бардық?

Күзгі орманда кімдермен кездестік?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Жарайсыңдар балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Жеке- жеке мадақтау.

Күз ханшаймынің сыйлығын көрейік.

Күзгі орманға

Түлкі, күз ханшайымы

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: күз мезгілінің өзгерістерін біледі.

Нені меңгерді: жемістер мен көкөністердіңадам ағзасына пайдасын меңгерді.

Нені игерді: жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінің игерді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.