Жаңа сабақтар

Сандарды салыстыру. «Артық», «кем» таңбалары

Zhamal Bazabayeva

zhbazabayeva@mail.ru

Тақырыбы: Сандарды салыстыру. «Артық», «кем» таңбалары.

Мақсаты: «тең», «артық», «кем» қатынастарын қоя білу. «Сан» және «цифр» терминдері туралы білімдерін бекіту, талдау, қорытындылау дамыту.

Білімділігі: «артық», «кем», «тең» түсініктерімен таныстыру, заттар «қиынын саны бойынша салыстыруға үйрету; «>», «<», «=» таңбаларын дұрыс қолдана білу.

Дамытушылығы: Сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Саны бір — бірінен артық — кем заттарды теңестіруге үйрету. Заттарды санау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелелігі: Оқу қызметі барысында өз-өзін ұстай білуге тәрбиелеу. Еңбексүйгіштікке, зейіншілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, санау, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, мақтау, мадақтау.

Көрнекілігі: Слайд суреттері, жұлдызша карточкалар, көктем мезгілінің суреті, бір және көп зат белгіленген суреттер, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі бетперделері, себеттегі жемістр суреті, қоян және сәбіз суреттері, алманың суреттері, геометриялық пішіндер, конверт.

Сабақтың барысы:

-Балалар, біз бүгінгі оқу-қызметімізді бастаймыз. Көтеріңкі көңіл күймен «Шаттық шеңберде» тұрып амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз

Тәрбиеші: — Балалар, бүгін аптаның қай күні?

Балалар: — Сәрсенбі

Тәрбиеші: — Бір аптада неше күн бар?

Балалар: — 7күн бар

Тәрбиеші: — Қанекей, маған кім апта күндерін атап береді?

Балалар: — дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Тәрбиеші: — Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: — Көктем мезгілі

Тәрбиеші: — Дұрыс айтасыңдар балалар, қазір жылдың көктем мезгілі. Көктем мезгілінде құстар жылы жаққа ұшады. Күн жылына бастайды. Ағаштардан бүршік атып, гүлдер жайқалып өсе бастайды.

Дидактикалық ойын: «Біреу — көп»

Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, заттарды топтастыра білуге үйрету.

1-нұсқа.

Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.

2-нұсқа.

Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың орнына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналдырып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады.

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар! Бәріміз жақсы қатысып отырдық, өте ақылды екенсіңдер!

Сергіту сәті: (видеоролик).

Тосын сәт: Бауырсақтың келуі

Тәрбиеші: — Қараңдаршы балалар, бізге қонаққа кім келді?!

Балалар: — Бауырсақ

Бауырсақ: Мен бауырсақ, бауырсақ

Қаптың түбін қағып ап

Апам екі уыс ұн жинап

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан

Мен атамнан қаштым

Апамнан да қаштым

Лә-лә-лә

-Осы сәтте қоян кездеседі.

Қоян: — Бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: — мені жемеші

Қоян: -Жарайды! Бірақ бір ғана шартпен: егерде сен менің тапсырмаларымды орындайтын болсаң, мен сені жемеймін!

Бауырсақ: — Қап, әттегенай! Мен жалғыз өзім ол тапсырмаларды қалай орындаймын. Кімнен көмек сұрасам болады екен, а?

Тәрбиеші: — Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?

Балалар: -Иә!

Тапсырма: «Логикалық сурет»

  1. Қай себеттегі жемістер саны көп? Тапсырманы жұппен орындауды ұйымдастырыңыз. Жауабын мына түрде жазу керек: 5> 3.

Жауабы:

1-ші себеттегі жеміс саны көп

2.Анам бес алма және төрт алмұрт әкелді. Қайсысы көп? (Алма)

Қоян: Жарайсың бауырсақ, тапсырманы орындадың. Мен сені жіберемін.

Бауырсақ: — балалар, сендерге рахмет!

Сонымен бауырсақ орманда келе жатса алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: — Бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: — мені жемеші

Қасқыр: -Жарайды! Бірақ бір ғана шартпен: егерде сен менің тапсырмаларымды орындайтын болсаң, мен сені жемеймін!

Тәрбиеші: — Балалар қане, бауырсаққа қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектесейік.

Тапсырма: «Сандарға байланысты математикалық жұмбақтарды шешу».

1.Қоянда үш сәбіз,

Бір сәбізді жеп қойды.

Қоянда неше сәбіз қалды?(2)

2.Табақта екі алма,

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?(4)

Бауырсақ: — Жарайсыңдар балалар, сендерге көп рахмет!

Бауырсақ орманда келе жатып аюға кездеседі.

Аю: — Бауырсақ, мен сені жеймін!

Бауырсақ: — мені жемеші

Аю: -Жарайды! Бірақ бір ғана шартпен: егерде сен менің тапсырмаларымды орындайтын болсаң, мен сені жемеймін!

Тәрбиеші: — Балалар қане, бауырсаққа аюдың тапсырмасын орындауға көмектесейік.

Аю: Менің қолымдағы заттар қалай аталады?(Геометриялық пішіндер)

Мынау қандай пішін? (Үшбұрыш)

Алдарыңдағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші. Менің қолымдағы үшбұрыштың көлемі қандай?(үлкен)

Ал сендердің қолдарыңдағы пішіннің көлемі қандай?(кіші)

Ойын: «Көңілді геометриялық пішіндер»

Аю: Көңіл-күйім болмай тұр, маған дос табуға көмектесесіңдер ме?

Балалар: — Иә

Шығармашылық тапсырма: Геометриялық пішіндерден аю құрастыру.

Аю: Жарайсыңдар балалар, сендерге рахмет мен жалғыз жүр едім, маған көп дос табуға көмектестіңдер. Менің көңілімді көтердіңдер, рахмет. Бауырсақ мен сені жемеймін. Өйткені тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.

Бауырсақ: — рахмет балалар!

Тәрбиеші: — Балалар, бауырсаққа орманда келесі кездесетін қандай кейіпкер?

Балалар: -Түлкі

Түлкі: — Бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: — Түлкіжан, мені жей көрмеші; не тапсырмаң болса да, орындауға дайынмын.

Түлкі: — Менің қолымдағы 2 конвертте тапсырмаларым бар. Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Осындағы тапсырмаларды орындауға көмектессең мен сені жіберемін. Бауырсақ: — Балалар, маған түлкінің тапсырмасын орындауға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: — Иә!

1-ші тапсырма:

Шарты: — Динаның үш кәмпиті бар, ал Маратта — біреу. Кімнің кәмпиті артық?

-Мараттың кәмпиті мен Динаның кәмпиті бірдей болуы үшін, ол тағы неше кәмпит алуы керек?

2-ші тапсырма: «Адасқан цифрлар»

Шарты: Тәрбиеші 1,3,5 цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі. Балалар қалып қойған санды атап, рет-ретімен қояды.

Түлкі: Жарайсыңдар, менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар. Бауырсаққа мен ризамын. Бауырсақ, жолыңнан қалма, бара ғой!

Бауырсақ: — Балалар, сендерге көп-көп рахмет, ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Математика есептерін жақсы біледі екенсіңдер. Жарайсыңдар, мен сендерге ризамын!

  • Маған көмектескендерің үшін, мен сендерге карточка таратып берейін.
  • Енді әжем мен атама қайтайын. Сау болыңдар, балалар!

Балалар: — Сау болыңыз!

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар! Қандай ақылды едіңдер, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

Қорытынды: Балаларды мақтап, мадақтау!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.