Жаңа сабақтар

Жетісудың жүрегі — Талдықорған!

Киясова Аружан

Ертеден-ақ ата-бабаларымыз Жетісу жерін киелі әрі қолайлы деп есептеген. Жер жәннәті-Жетісу деп босқа айтпаған. Орналасқан географиялық жерінің өзі неткен керемет еді. Кең байтақ кең дала,топырағы құнарлы,жайылым жері шұрайлы,тау бөктерін жайлаған табиғатының өзі көз тартар әдемі.Жылдар өте келе бұл Жетісу жері казактардың төңірегіне айналған. Әсіресе,көптеп келе, Жетісудың оңтүстік-шығысы казактардың мекеніне айналған.Тарих жазбаларына сүйенсек,1869 жылы ол жерде «Гавриловка» селосы бой көтерген.Кейін 1920жылы бұл селоның аты «Талды-Қорған» деп өзгертілген. . 19301944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәжересі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады(Уикипедия сайтынан алынған.)

Қанша жыл өтсе де,бұл қаланың қиын шақтары да болған.Айта кетсек,сол заманда Талды-Қорған қаласы біртіндеп тұрғындарынан босай бастады.Яғни,адамдар халық санының аз болуына байланысты, қарапайым тілмен айтсақ,тарай бастады.Тіпті үйлерін 20-50$-ға сатып кететіндер көп болған.Ал кейбіреулері,тіпті үйлерін бос тастап кетіп те жатты.

Кейін бұл қалаға «облыс орталығы» дәрежесін бергеннен кейін, бұл қала қайта жанданды.Азық-түлік,үй шаруасына керекті тауарлар ,барлығы күрт қымбаттай бастады.Адамдар қайта оралып,өлі қала қайта тірілді.Қалалық тіршілік енді басталды деседі.

Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады(Уикипедия сайтынан алынған.)Сол жылдан бастап Талдықорған қаласы жаңа форматта жаңара бастады.Қазіргі таңда Талдықорған қаласы-«әдемі қала» атты дәрежеге ие болды.Облыс,қала әкімдері талмай ,халық үшін еңбек етулерінің нәтежиесі деп сенеміз.Бұл әсем қалада: 3 ауқымды саябақтар,фонтандар жинағы,пляж,набережная саябағы,

3 үлкен-үлкен спорткомплекстар,архитектуралық құрылыстар, сонымен қатар театрлар,оқушылар және студенттер үйлері,арнайы жастарға қызмет көрсету орталықтары,І.Жансүгіров атындағы Университет,Жоғары Политехникалық Колледж,Жоғары Медициналық колледждар,Лицейлер,ойын сауық орталықтары және тағы да басқа түрлі мекемелер бар.

Талдықорған қаласында өнеркәсіп те қарқынды өрбуде. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға «Қайнар», «Teмip», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр турлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ, «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» АҚ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұңқар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалық жол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.

Халық санына келсек: 1986 жылдан бастап- 119149 адам болса ,2017 жылғы санақ бойынша – 193300 адам санына жеткен(Уикипедия сайтынан алынған.)Бұл дегеніміз қаламыздың күннен-күнге ұлғайып әрі халық санының артуын дәлелдейді.Талдықорған қаласы кішкентай болса да,тұрғындарының пейілі кең.Бұл қала тыныштығымен,беібітшілігімен әрі тазалығымен танылған. «Таза қала-Талдықорған» деп босқа атамаған.Жоңғар Алатауының бөктерінде,Қаратал өзенін бойлап орналасқан бұл қаланың табиғаты да көз тартар әдемі.Көк аспанмен тілдесіп жатқан асқар таулар,бой көтеріп қамал болған жасыл талдар,сарқырап аққан көлдеріміз,бұның барлығы қаламыздың таптырмас ерекшелігі деп ойлаймын.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні,жер жәннәті-Жетісудың жүрегі болып кеткен Талдықорған қаласын барлығы бьіле бермейді.Кішірек қала болғанымен,қаланың ыстық лебізі мол.Халқы да жайдарлы,жері де шырайлы,табиғаты керемет.Менің оймша,әркім өз туған жерін әрдайым жоғары көтеріп,мақтанышпен айтады деп ойлаймын.Кіндік қаны тамған жері,туып өскен жері ,әрбір пенде үшін өте ыстық келеді.Өзімнің туған жерімды,сүйікті қалам-Талдықорған қаласын мен әрдайым тек мақтанышпен әрі сүйіспеншілікпен айтамын…

Менің қалам-Талдықорған!

Жер жәннәті –Жетісуда орналасқан,

Орманы мен көлдері бастан асқан.

Бейбіт аспан көгінде,тәуелсіз халық жерінде.

Әдемі де,шырайлы

Жерлері де құнарлы,

Бау-бақшасы жайқалған,жайлауға да тұрарлы.

Тұрғындары мейрімді,сабырлы да керімді.

Табиғатына көз салсаң,

Тоймайды көзің қарасаң.

Кіндік қаным тамған жер,

Шырайлы қалам-Талдықорған!

Жер жәннәті –Жетісу деп айтады екен,

Осы жерде орналасқан байтақ өлкем.

Атам қазақ мекендеген осы жерде

Өмірімнің қалған шерін тарқап өтем.

Талдан қаланған бұл қамал ыстық бізге,

Мың алғыс осы жеткен күнімізге.

Сүйікті қалам менің –Талдықорған,

Өлсем де сен қаларсың мәңгі есте…

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.