Жаңа сабақтар

Монтессори әдісі

Тәрбиеші: Умирбаева Гулмира Мұхтарқызы

Ақтау қаласы МКҚК №39 «Хиуаз» балабақшасы

Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Монтессори әдісінің негізгі қағидасы- «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар. Сондай-ақ,олар өз қателіктерін өздері көріп,соны өздері түзеп отырады. Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.

Монтессори бөлмесінде «Барлығымен еркін айналыс, бірақ басқаларға кедергі жасама» деген ереже үнемі сақталады. Бүгінде осы әдіспен жұмыс істейтін балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Балабақшадағы ұстаздар міндетті түрде дайындық курсынан өтеді.Монтессори әдісінде сыныптық сабақ системасы жоқ,мектеп партасының орнына жеңіл қозғалатын столдар мен отырғыштар, кілемшелер қолданылады. Монтессори ұстаз баланың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалайды.

Монтессори бөлмесі 5 аймаққа бөлінген:

1. Күнделікті өмір жаттығулары аймағы.

2. Сенсорлық аймақ.

3. Математикалық аймақ.

4.Тілдік аймақ.

5.Ғарыштық аймақ.

  1. Күнделікті өмір жаттығулары аймағы. Ең алғашқы жылында бала қозғалыс жасау үстінде жүреді. Онда сензитивтік периодтың даму жолы қалыптасады. Алғашында қозғалысы онша болмағандықтан, моторлық жүйесін қосу үшін тәрбиенің негізіне үлеседі.Моторлық даму жеке-дара қозғалыс темпін құлшындыруға әсерін тигізеді. Оған қозғалыс жасау үшін түрлі жаттығулар жасалады, өзіндік іс-әрекетке итермелейді.Бір сызықтыңбойымен жүру тепе-тендік сақтауға итермелейді.
  2. Сенсорлық аймақ. Әр сезім мүшелерін дамытуды ұсынады.Бұл материал арқылы заттардың көлемін, түсін, өлшемін,

дыбысын ажырата алады. Жеңілден ауырға көтеру ұғымы қолданылады.

Бала моторикасымен сенсорикасын жаттықтыру үшін материалды

қайталауға тура келеді. Материалды қолданған соң бала жоспарлау,дайындау, бір тапсырманы соңына дейін орындауға тырысады.

Бірақ сабақ кезінде бала сол материалмен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек.Мұнда жұмыс барысында балаға сөз беріледі.Тапсырманы орындай алмайтындарға қайтадан тағы бір сабақ өткізу керек. Алған білімін бекітіп, содан кейін жаңа сабақ өтілуі керек.

  1. Математикалық аймақ. Математикалық материалдар ойлау

қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Бала ең алғашқыда көптеген заттар мен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді. Монтессори материалы сезімді дамытады, оған қоса математика әлеміне жетелейді.Бала мұнда математикалық ұғымдарды тез игереді.Сан және онға дейін санау жүйесін тез игереді. Математикалық монтессори материалы баланы сенсоматорлық ішкі қажеттілігіне сүйене отырып қанағаттандыру жолдарын іздеуге тырысады.Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларын қиындықсыз орындайды. Мысалы:ашық түсті моншақтарды пайдалану арқылы сан құрамымен пішін туралы түсініктері пайда болады. Жас мөлшері: үш жастағы балалар.

4.Тілдік аймақ. Қарым-қатынас жасау үшін адамның сөздік қоры ең басты роль атқарады.Бала туғаннан өсе келе қоршаған ортадағы адамдар мен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеуге тура келеді. Балабақшаға келген балаларда сенсорлық период болғандықтан, түрлі ойындар,әңгімелесу мен сұрақтар қою арқылы ойлау қабілетімен сөйлеу қабілеті күрт дамиды. Түрлі әңгімелер айтып тыңдауға көмекшілер ата-аналар болып келеді. Жалпы 2 жастағы бала негізінен 200-ден астам сөздерді меңгереді, ал 5 жастағы бала 3000-нан астам сөздерді игереді.Бала түрлі сұрақтар қою арқылы өзіндік сөздік қорындағы жетпей жатқан қажеттілігінқанағаттандырады.Сөйлеу қабілетін дамыту үшін ойындар мен түрлі жаттығулар қолданады. Мысалы:затты атау,ойын-сипаттама, әңгімені жалғастыр т.б. Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін-өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйренеді.Монтессори бақылаушы ретінде баланың ішкі дүниесімен таныса отырып, қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында көп еңбек сіңіреді.

5.Ғарыштық аймақ. Айналадағы заттық орта туралы түсініктерін қалыптастыруда монтессори әдісін жүйелі түрде қолданылады.Педагогикада мектепке дейінгі әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын түрі- заттық орта. Заттық орта әртүрлі: ақыл-ой, эстетикалық, елжандық,дене,адамгершілік т.б тәрбие түрлерімен қоса жеке тұлғаның дамуына негіз болады.Соған байланысты заттық ортаны мектепке дейінгі педагогикалық құрамның бір бөлігі деп айтуға болады. Заттық ортаны алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдаумен түйсікке негізделеді. Айналадағы қоршаған ортаны, заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер:ес, қиял, ойлау пайда болады. Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны көруіне есту керек. Адамның ақыл-ойының дамуына қабылдау мәнді рөл атқарады

әртүрлі іс-әрекетте әр қилы тәжірибелік істердің реттеушісі болады.

Мария Монтессори тарапынан ұсынылған тәрбиелеу жүйесі. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы

тәсілдемеге негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен

бүлдіршіндер дидактикалық материалдар мен сабақ ұзақтығын

әрдайым өздері таңдай отырып, өзіндік ағыммен ырғақта дамиды. Балалардың табиғи қажеттіліктері мен үрдістері үшін даярланған Білім беру дәстүріне деген көзқарасты елестетіңіз. Педагогтарды білім көзі ретінде емес, оқушылар сынамалар мен қателіктер арқылыпроблемалардышешетін, жаңалықтар ашатын және тәжірибелер арқылы үйренетін динамикалық, даяр орта ұйымдастырушы ретінде елестетіңіз.

Мария Монтессори осы әдістің негізін 100 жылдан астам уақыт бұрын салған.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.