Жаңа сабақтар

Әбетова Жәмила Батырбайқызы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы

Тұрмағамбет ауылы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Әбетова Жәмила Батырбайқызы

Пән: Әдебиеттік оқу

Орта мерзімді жоспар бөлімі

6-тарау: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп: №29

Мұғалімнің аты-жөні: Әбетова Жәмила Батырбайқызы

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы Күш атасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 – шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.

Көптеген оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері
  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
Құндылықтарды дарыту Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, қазақ тілі.
АКТ қолдану дағдылары Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;
Ресурстар Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б
Бастапқы білім 6-тарау өткен бөлімдерде алынған білім мен дағдыларға негізделген. Оқушылар мақал-мәтелдерді шығармашылықпен қолдануды, өз ойын айтуды, топпен, жұппен жұмыс тәсілін меңгеріп, басқаның ойын қорытындылауды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтауды игерді.
Сабақтың барысы
Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Жаңа топ құру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Келесі ойын – телефон. Қатысушылар бірнеше топқа бөлінеді. Ұйымдастырушы неше топ болса, сонша жаңылтпаш дайындап әкелуі керек. Ойыншылар бірінің артына бірі қатарға тізіліп тұрады. Бірінші тұрған адамға жаңылтпаштарды сыбырлап айтасыз. Барлығы толық естіген соң, топтар ойынды бірге бастайды. Әп дегеннен жылдамдатып артында тұрған адамға жаңылтпашты сыбырлап айтып жеткізуі керек. Қай топ бірінші аяқтап және қатесіз айтса, сол топ жеңімпаз атанады. Жаңылтпаш қатардың соңына дейін жеткенше, сан құбылып, бастапқы қалпынан мүлде өзге сөздер шығады.

Қалпақтар арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар қалаған қалпақтарын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
  • Уақытты үнемдейміз!
  • Нақты,дәл жауап береміз!
  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Сұрақтар жаңбыры.

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Сабақтың ортасы Ширату тапсырмасы.

Видео тамашалау.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Тақырыпты болжау.

Осы мақалдың мағынасын ашу тақырыпты болжауға әкеледі.

Мақсат, күтілетін нәтиже

Спорттың пайдасы. Әлем мойындаған Қажымұқан балуанның өмірін үлгі ету. Мақтаныш сезімдерін туғызу.

Тыңдалым.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы (7 сәуір 1871 ж. Ақмола облысы Қараөткел ауылы – 12 тамыз 1948 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы) – қазақтың атақты палуаны және цирк әртісі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) жеңіске жетті. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған ең алғашқы қазақ; классикалық күрес бойынша ауыр салмақ палуандары арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін одақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Қажымұқанды «Қара Иван» деп те атаған, ал 1912 жылы қажылыққа барып келгеннен кейін, ол өз атына «қажы» атауды қосып алып, осы атпен бүкіл әлемге танымал болды.

Бейхабар – хабарсыз.

Оқылым.

Әуелбек Қоңыратбаевтың «Балуан» естелігі оқылады.

1-тапсырма. Қазақша күрес сөзіне түсінік беріледі. Естеліктің не екені еске түсіріледі.

ЖК: Мәтіннің авторы Ә. Қоңыратбаевтың балуанмен таныс екендігі туралы тұжырым жасайды.

4-тапсырма. Мәтіннің композиясына талдау жасалады: Оқиғаның басталуы …

Жалғасуы … Аяқталуы … Бағалау.

Мәтіндегі оқиғаның басталуын, жалғасуын, аяқталуын анықтай алған оқушы мадақталады.

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады.
  • шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды.
  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.

Сабақтың соңы Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.

(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Кері байланыс парағы

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылат ын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.