Жаңа сабақтар, Жаңалықтар

Қашықтықтан оқыту/Дистанционное обучение

ҚР БҒМ Вице-министрі: Шолпан Каринова: https://facebook.com/story.php?story_fbid=504061696931739&id=100019837397965

Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазір балалар көктемгі демалыста. Мұғалімдер болса, балаларды жаңаша оқытуға дайындық үстінде. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын, әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабақтарына қажетті материал қарастыруда болатын.

Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық.

Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Ең маңыздысы — осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа.
Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақтар жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз сұрақтар да туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді.

Құрметті ата-аналар, біріншіден, бұл мәселеге сіздер түсінікпен қарауларыңызды, балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз.
Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар, әрине, бар, олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда.

Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша Жобалау офисі құрылып отыр. Пандемия кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді.

Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында төртінші тоқсан басталсымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді.

Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз!


Уважаемые педагоги, родители!
В условиях усиления мер борьбы с распространением коронавируса с 6 апреля школы начнут четвертую четверть в дистанционном формате. Сейчас каникулы и дети отдыхают. А учителя готовятся продолжать обучать детей теперь в новом формате. Впрочем, учителя на каникулах всегда работали над повышением своего педагогического мастерства, занимались пополнением методической копилки, подбирали материалы для будущих уроков. А сейчас наступило время, когда учителям привычную подготовку придется усилить и цифровыми компетенциями, перестроить работу в этом направлении. Да, это непросто, нелегко. Тем более у учителей школ нет системного опыта работы в дистанционном режиме. Этого от них и не требовалось. Но на уроках учителя работали с цифровыми образовательными ресурсами, с электронными учебниками, с системами электронных журналов. Пожалуй, это весь перечень того, чем в обычное время учителя пользовались. Надо признать, что это тоже определенный опыт.
Сейчас администрации школ, руководители методических объединений, сами педагоги ведут активную работу по подготовке к переходу на «дистанционку». Важно, чтобы было правильное понимание этого вопроса. Дистанционный урок- это не тот же школьный урок в сорок минут. Здесь другие подходы, другие принципы.
В столь непростое время не должно быть кривотолков и относительно того, что кто-то заставляет педагогов записывать онлайн уроки и другое. В создавшихся условиях это нужно и необходимо самому учителю, это новые условия его работы. Самое главное, ждут от него интересных уроков ученики.
В первую очередь, просим с пониманием отнестись родителей, помочь своему ребенку осваивать учебный материал в новых условиях, помочь учителю наладить необходимый контакт с учеником, вместе достигать нужных результатов. Только так мы сможем в это трудное время преодолеть сложности и организовать правильно учебный процесс, дать детям необходимые знания и компетенции.
Мы понимаем, что есть проблемы отсутствия качественного интернета у определенной части школ, отсутствия в домашних условиях компьютеров у некоторых детей и педагогов, есть случаи, когда в семье несколько детей, отсутствия готовых интернет -платформ. Все эти вопросы будут решаться индивидуально, видение по их решению уточняются.
Создан Проектный офис при Министерстве образования и науки, при региональных управлениях образования по организации дистанционного обучения. Изучен международный опыт, опыт соседних стран, в которых также ведется работа по временным мерам организации учебного процесса в период пандемии. Подготовлены рекомендации для школ, для педагогов. Разработаны специальные онлайн, теле-курсы, вебинары.
Кроме того, в помощь детям и педагогам на телевизионных каналах «Балапан» и «Ел-Арна» с начала четвертой четверти ежедневно пять дней в неделю будут транслироваться уроки для учащихся 1-11 классов. Сейчас каждый день идут специальные съемки этих теле-уроков. Более 2 тысяч теле -уроков будут подготовлены для детей. Они разработаны в полном соответствии ГОСО и учебных программ. Для их подготовки прикладываются немало усилий. Лучшие педагоги школ г. Нур-Султан, Назарбаев Интеллектуальных школ, республиканских, международных, частных школ будут вести уроки для детей всей страны. Нужна только поддержка педагогам!
Хочется пожелать удачи нашим дорогим детям и педагогам в постижении новых азов в мире знаний!
С уважением: Вице-министра образования и науки РК Каринова Шолпан Танатовна.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.