Жаңа сабақтар

Омарова Вера Юрьевна

Қарағанды облысы №11 ОМ КММ Шұнқыркөл ауылы

шағын орталығы «Балбөбек» Тәрбиеші

Омарова Вера Юрьевна

Ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№ 5 «Балбөбек» ІІ-кішкентайлар тобы

Білім беру саласы: Таным

Күні, айы, жылы: 15.03.2020ж

Бөлімдері: Қағазбен құрастыру

Тықырыбы: Қошақан

Мақсаты: үй жануарлары жайында білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға, ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолақ қағаздарды орайтын қарындаштар, жолақ қағаздар т.б.

Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату т.б.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға қошақандар туралы өлең оқып береді. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрайды. Ойыншық қошақан қонаққа келеді. Ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақандарды көрдіңдерп ме?» — деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп үлгі суретті көрсетеді. Оның жасалу жолдарын түсіндіреді. Өлеңді мұқият тыңдайды. Қошақандар туралы білетіндерін әңгімелеп береді. Көмектесуге келіседі.
Ұйымдастыру-ізденушілік
  • Алдымен қошақандардың суреті салынған қағаздар таратылады, оны қарап көру ұсынылады, не жетіспейді;
  • Қошақанның бұйра жүндерін жасау қажеттілігі келісіледі;
  • Ол үшін жолақ қағаздарды алып қарындашқа орап, ширатып алады, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейді;
  • Осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап, шөптер, гүлдермен толықтырып, әшекелейді;
  • Балаларға жолақ қағазды қарындашқа орауға көмектеседі, оны желімдеуге бағыт береді;
  • Дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылайды.
  • Жолақ қағаздар қияды;
  • Қиылған қағаздарды қарындашқа орайды, оны суретке белгіленген жеріне жапсырады.
Рефлексивті — түзетушілік Қошақандардың жасалған суреттеріне қарап, балалардың жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды. Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рахмет айтады. Балалар өздері қошақанды қалай жасағанын айтып береді.

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: қошақандарай жайында қарапайым түсініктермен танысады;

Қандай түсініктерді игереді: бұйра жүнді қошақандарды жасаудың әдіс – тәсілдерін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жолақ қағаздарды қиюды және оны қарындашқа орауды.

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Тәрбие сағаты:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
    «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
    Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
    Сондықтан әрбір бала» Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
    Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
    Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
    Тәрбиеші: Ал енді «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

ІІ. Негізгі бөлім:
Жұмбақтар
1 Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялдайды. (Автобус)
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
    Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
  2. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
    Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

  3. Өзі сөйлей білмейді,
    Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»

Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамыз оның айтқанын тыңдап, тілін алу керек.
Біздің қаламызда бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені балалар, оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.

  1. Сендер балабақшаға келерде, қайтарда қандай жолмен жүресіңдер? Жиек жолмен (Тратуармен)
  • Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

  • Сендер осы жол ережесі туралы тақпақтар білесіңдер ме?

  • Рефлексия.

    Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде пайдаланатын дидактикалық ойындардың
    ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгісі

    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Осындай пішінді тап»
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Назар аударуын, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
    Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, ұшбұрыш, дөңгелек, шаршы, суреттер, ойыншықтар, геометриялық пішіндердің суреті бар жолдар.
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
    Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде «Ойнайық та ойлайық» вариатиптік сабағынан «Осындай пішінді тап» тақырыбында іс-әрекет өткіземіз. Біздің бұл іс-әрекетімізге көп қонақтар келіп отыр екен, қане қонақтармен амандасып алайық.
    Балалар: Сәлеметсіздер ме?
    Қонақтар: Сәлеметсіңдер ме!
    Тәрбиеші: іс-әрекетті бастамас бұрын геометриялық пішіндерді есімізге түсіріп алайық деп, тәрбиеші төбеде ілініп тұрған пішіндерді көрсетіп сұрайды. Мынау қандай пішін?
    Балалар: Мынау үшбұрыш.
    Тәрбиеші: Ал, мынау қандай пішін?
    Балалар: Бұл дөңгелек.
    Тәрбиеші: Мынау ше?
    Балалар: Мынау шаршы.

    Осы кезде Дымбілмес келеді. Қолында геометриялық пішіндерден құралған мысықтың суреті бар.
    Тәрбиеші: Бұл кім болды екен бізге қонаққа келген, балалар сендер білесіңдер ме?
    Балалар: Ол–Дымбілмес қой.
    Дымбілмес: Мен күн елінен келдім. Ойнап жүріп, мына суретті тауып алдым. Балалар сендер білесіңдер ме? Білсеңдер маған көмектесіңдерші. Мынау ненің суреті екенін айтындаршы?
    Балалар: Бұл геометриялық пішіндерден құрастырылған мысықтың бейнесі.
    Тәрбиеші: Мысықтың басы қандай геометриялық пішіннен жасалған?
    Балалар: Дөңгелек.
    Тәрбиеші: Тағы қандай мүшелері дөңгелектен жасалған?
    Балалар: Көзі, аяғының басы, құйрығы–шаршыдан жасалған.
    Тәрбиеші: Ал құлағы ше?
    Балалар: Құлағы-үшбұрыштан жасалған.
    Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал Дымбілмес ұқтын ба?
    Дымбілмес: Иә, үшбұрыштан, шаршыдан, дөңгелектерден жасалған мысықтың суреті
    Тәрбиеші: Балалар мысық қайда тұрады?
    Балалар: Үйде тұрады.
    Тәрбиеші: Ендеше мына геометриялық пішіндерден үй құрастырайық. Дымбілмес сен де балалармен бірге болып білмегеніңді үйреніп ал.
    Дымбілмес: Жарайды, осындай білгір балалармен болғаныма мен өте қуаныштымын.
    Балалар: Құрастырады.
    Тәрбиеші: Қандай геометриялық пішіндерден құрастырдыңдар?
    Балалар: Үшбұрыш және шаршыдан құрастырдық.
    Тәрбиеші: Балалар, кәне барлығымыз бірігіп «Өз үйіңді тап» деген ойынды ойнайықшы.
    Ойын «Өз үйінді тап» Үш жерде үш түрлі геометриялық пішіндер қойылады. Балалардың қолында әр түрлі пішіндер таратылып беріледі, әуен қосылады. Балалар әуен ырғағымен билейді, әуен тоқтаған кезде балалар қолдарындағы пішінге сәйкес пішінін тауып, қасына тұруы қажет. Осылай ойынды бірнеше рет қайталаймыз.
    Тәрбиеші: Өте жақсы енді мына пішіндерге қарайықшы, сендер маған айтыңдаршы, мен көрсеткен пішіндердің қандай түсті екенін.
    Балалар: Шаршы түсі сары, дөңгелек түсі көк, үлкен шаршы түсі қызыл, үшбұрыш түсі сары, үлкен дөңгелек түсі жасыл,т.с.с.
    Тәрбиеші: Жақсы. Енді маған мына ойыншықтардың ішінен дөңгелекке ұқсас ойыншықты атаңдаршы.
    Балалар: Дөңгелекке ұқсас–доп, алма, сағат, тарелка.
    Шаршыға ұқсас–кітап, сандық, машинаның кузовы. Үшбұрышқа ұқсас–пирамида, шырша.
    Тәрбиеші: Сендер балалар өте жақсы біледі екенсіңдер. Сендер геометриялық пішіндерден не құрастырдыңдар?
    Балалар: Үй құрастырдық.

    Тәрбиеші: Сол құрастырған үйлеріңнің есігінде құлып бар екен, соны ашайық. Ол үшін құлыптағы пішіндерге ұқсас пішінді тауып үстіне қоюымыз керек, сонда ғана ашылады. Әр баладан сұрау: қолдарында қандай кілттің барын. Енді сол кілттеріңді қолдарыңа алып, мына жердегі жолдармен жүрейік. Жолдар да сыйқырлы. Бір жолдың үстінде дөңгелек пішін, екіншісінде шаршы, үшіншісінде үшбұрыш бейнеленген. Кімнің қолында қандай пішін болса, сол жолмен жүреді. Іс-әрекет соңында балаларды мақтап, мадақтап балаларға геометриялық пішіндерден бейнеленген медальдар тарату.

    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойлау әлеміне саяхат»
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру оңға, солға, 1 таңбалы, 2 таңбалы сандарды ажыратуға, көршілес сандарды табуға жаттықтыру, жыл мезгілдерін, апта күндерін, ретімен атауға, тақпақтар айтуға үйрету. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Жұмбақтар қисынды есептерді бере отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
    Көрнекіліктер: Геометриялық фигуралар, сан тізбектері, ертегілер кейіпкерлері бейнеленген суреттер, карточкалар.
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелесу.
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
    Бөлмеге Мадияр кіреді.
    — Бұл қай жер? Мен оларға жедел хат жіберген едім. Енді не істедім, барып іздеп келейін.
    Балалар кіреді.
    Тәрбиеші: Сендер, Мадиярды көрдіңдер ме, ол биыл мектепке барғысы келіп, сендерден көмек сұрап, жедел хат жіберген еді. Енді өзі жоқ.
    Осы кезде Мадияр кіреді.
    — Қайда жүрсіңдер? Уақыт таяп қалды «ойлау әлемі» аралына біз енді баруға үлгермейміз. Сағат неше болды?
    Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Мадияр? Неге барлығымен амандаспайсың? Сен асықпа, саған көмектеседі. «Ойлау әлемі» аралына неге барғың келеді?
    Мадияр: Ол аралда сиқырлы кітап бар. Ол кітапсыз мектепке алмайды.
    Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
    Мадияр: Әрине көмектесеміз?
    Тәрбиеші: Ол аралға бару үшін көптеген тапсырмалар орындау керек. Сен абыржыма балалар көмектеседі.
    1 тапсырма:
    А) суреттерді сана, жанына сандарды қой.
    Б) бір таңбалы сандарда ата.
    В) геометриялық пішіндерден үй, машина құрастыр.

    2 тапсырма:
    Неге үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы дейміз?
    Тәрбиеші: балалар, мына суреттерге қарап, қай ертегіден екенін айтып беріңдерші және кейіпкерлердің қанша екенін санаңдар.
    Балалар: 7 кейіпкер.
    Тәрбиеші: 7 санының қасиеті туралы кім біледі?
    7 ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
    7 қазына: ержігіт, сұлу қыз, ақыл, білім, арғымақ, ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.
    7 жұт: құрғақшылық, жұт, оба, соғыс, жер сілкіну, сел жүру.
    Тәрбиеші: Өте жақсы.
    Сергіту сәті: Допты лақтырып сұрақ қою.
    Сұрақ: бір жылда неше жыл мезгілі бар?
    Балалар: бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
    Сұрақ: жыл мезгілдерін атап беріңдер.
    Балалар: жаз, күз, қыс, көктем.
    Сұрақ: қазір жылдың қай мезгілі?
    Балалар: көктем.
    Сұрақ: көктем айларын айтып жіберіңдерші?
    Балалар: наурыз, сәуір, мамыр.
    Сұрақ: наурызда, мамырда қандай мерекелер болады?
    Балалар: 8 наурыз аналар күні, 1 мамыр достық күні, 9 мамыр жеңіс күні.
    3 тапсырма:
    Тәрбиеші: бір аптада неше күн бар?
    Балалар: бір аптада 7 күн бар.
    Тәрбиеші: енді осы 7 күнді атап беріңдер?
    Балалар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
    Тәрбиеші: Өте тамаша. Бүгін қай күн?
    Балалар: дүйсенбі, 1 ші күн.
    4 тапсырма: Ойлау есептерін шешейік:
    Аулада бес үйрек, Екі түйе, екі жылқы,
    Қорада үш үйрек. Екі сиыр, екі ешкі
    Бір үйрек тығылды, Бір қоян, бір түлкі
    Бір үйрек жығылды Табалмасаң күлкі (10)
    Қалғаны нешеу? (6)

    Қолымда үш алма Жанып тұрған төрт шамның
    Табақта екі алма Екеуі сөніп қалды, нешеуі қалды?(2)
    Қосқанда болады
    Неше алма? (5)

    5 тапсырма: батпаққа батпай мына іздерді басып шығуымыз керек, егер сандарды ретімен дұрыс бассаңдар, яғни балалар: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарын ретімен басады.
    Тәрбиеші: міне, балалар сендер «Ойлау әлемінеде» жеттіңдер.
    Мадияр: балалар көмектескендеріңе көп рахмет.
    Тәрбиеші: балалар бұл араға біз кітап іздеп келдік. Қане, іздейік. Ол үшін мына тастың оң жағына қарай үш қадам, солға екі қадам жасау керек. Тастың астын қара кітап жатыр. Кітапта жазулар бар екен.
    Тәрбиеші: әріптер қандай түспен жазылған?
    Балалар: қызыл, қара.
    Тәрбиеші: неге?
    Балалар: себебі, әріптер дауысты және дауыссыз деп екіге бөлінеді. Тәрбиеші: ендеше мына гүлді қараңдар. Қанекей алып оқиық.
    Балалар оқиды: АР-А, А-УА, А-НА, А-ТА, А-ЛА, БАЛ-А.
    6 тапсырма: мына сөздердің қарама қарсы мағынасын тап:
    Ақ қара; үлкен кіші; ұзын қысқа; жылы суық; жақсы жаман; таза лас; қалың жұқа; жуан жіңішке.
    Тәрбиеші: мына сөздерді кім оқиды?
    Балалар: ө-те жақ-сы
    Сау бо-лың-дар.
    Тәрбиеші: ендеше сандарды кері ретімен басып қайтайық. Сау болыңыздар қонақтар, деп іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау»
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды кеңістік қатынастарымен (оң-сол, астында, үстінде, арасында) таныстыру; балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету (жоғары-төмен, ұзын-қысқа). Логикалық ойлауларын жетілдіру, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
    Көрнекіліктер: тақтаға ілінетін құралдар өзен, қоян, биік қарағай мен аласа шырша, тиін, кірпі, екі шымшық.
    Үлестірмелі материалдар:
    1. Жұмыс дәптерлері;
    2. Түрлі-түсті қарындаш.
    Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
    Дәптермен жұмыс.
    — Айша, Әлия, Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша-ең ұзыны, Әлия- оң жақта тұр, Әнел-сол жақта тұр.
    — Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім?
    — Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап табыңдар да, олардың үйіне қарындашпен жол салыңдар.
    — Биік үй қай жақта? (сол жақта)
    — Одан аласа үй қай жерде? (олардың ортасында)
    Бір күні Айша, Әлия, Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар мынаны көрді: өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы шырша да, одан биігі — ұшы әрең көрінетін қарағай.
    Суреті тақтаға ілінеді.
    — Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
    — Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар.
    Жұмбақтар:
    Үсті толы ине,
    Бірақ та іс тігіп,
    Қадамайды түйме.
    (кірпі)

    Бұтақтарға секіріп,
    Әр жерден қылт етеді.
    Кейде жаңғақ кеміріп,
    Жоғары өрлеп кетеді
    (тиін)

    Қорыққанда жел аяқ
    Отырғанда томардай-ақ.
    (қоян)

    Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған орнын айтады, ал балалар тақтаға оны қояды.
    — Қоян шырша мен қарағайдың арасында отыр.
    — Тиін қарағайда отыр.
    — Кірпі шыршаның үстінде жүр.
    — Қоян қызды көріп, қорқып кетті де шыршаның артына жасырынды.
    — Кірпі қарағайдың түбіне жорғалап кірді.
    — Ақ тиіндер төменге түсті.
    Сергіту сәті: «Алыптар мен ергежейлер»
    Бұл орманда алыптар (балалар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен тұрады) және ергежейлілер (балалар жүрелеп отырады) өмір сүріпті. Содан соң бұл қимылды тәрбиешінің айтуымен жылдам орындайды.
    Дәптермен жұмыс.
    Қыздар орманда серуендеді және толы себетпен үйлеріне қайтты. Айша себетін биік түбірге, Әлия бір түбір төмен, ал Әнел аласа түбірге қойды. Қыздарды өзінің себетімен сызық арқылы қос.
    — Әр қыз не жинады?

    «Ойнайық та, ойлайық» вариативтік компонентінің оқу іс — әрекетіне арналған технологиялық картасы

    04.10.2019ж.

    Тақырыбы: «Сәттілік дөңгелегі ойыны»

    Мақсаты:Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру.

    Білімділік міндеті:Қоян мен оның көжектерімен таныстыру.Аю мен Маша ертегісінің желісі бойынша білімдерін бекіту.

    Дамытушылық міндеті: Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын,актерлік шеберліктерін арттыру,қимыл — қозғалысын дамыту.

    Тәрбиелік міндеті: Аңдарға қомқорлыққа,еңбекке,адамгершілікке тәрбиелеу.

    Қостілділік компонент: Ақ қоян — белый зайчик. Аю мен Маша ертегісі — сказка Маша и Медведь.

    Сөздік жұмыс: Ормандағы оқиға.

    Көрнекіліктер: суреттер, флонелиграф, оқу құралдары,видео материал.

    Іс-әрекет

    кезеңдері

    Тәрбиешінің

    іс-әрекеті

    Балалардың

    іс-әрекеті

    Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері№1 Балалар өлең сөздерін жатқа айтып қимыл — қозғалысын келтіреді.
    Ұйымдастыру-іздестіру Тәрбиеші

    • Балалар Аю мен Маша ертегісінде, қоян аюдың бақшасынан нені ұрлайды?
    • Кім аюдың бақшасын күзетіп қоянды ұстап алады?
    • Машаға тосап жасауға кім көмектеседі ?

    Д.ойын: «Көкеністерді жемістерден ажыратып жинау»

    «Қоян қандай?» суретке қарап әңгімелеу (қимылын,іс — сәрекетін, жүрісін салу)

    Сергіту сәті: «Аққоян — ау,аққоян»

    «Қоянға көмектесейік ойыны»

    Сәбіздердің үлкенін қысқа сақтауға, кішілерін қазір қоректенуге іріктеп берейік.

    • Аюдың еккен сәбіздерін.
    • Қоян.
    • Маша қыз.

    Көкеністерді шелекке,жемістерді себетке жинайды.

    Жабайы аң; қорегі сәбіз,қырық қабат,шөп, су, құлағы ұзын,секіріп жүгіреді.

    Өлең жолдарын жатқа айтып, қимылдарын келтіреді.

    Сәбіздерді іріктейді.

    Рефлексивті-түзетушілік Қоян алғыс айтады.Балалармен қоштасады.

    Пед.сұрақтар қойып қортындылайды.

    Біз екімге көмектестік?

    Бізге кім алғыс айтты?

    Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларға мақтау айтып, оқу іс-әрекетіне қорытынды жасайды.

    Балалар қоянмен қоштасып.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Өз іс — әрекеттеріне қуанады.

    Күтілетін нәтиже:

    Нені біледі: Орман аңдары,олардың тіршілігі,қорегі жайлы.

    Қандай түсініктерді игереді: Ертегі,тақпақтар арқылы сөздік қорлары молайып,актерлік шеберліктерді игереді.

    Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойындарды шарттарын бұзбай ойнай алады.

    Тәрбиеші: Омарова В.Ю.

    Тексерген: ________Жунусова С.О.

    «Ойнайық та, ойлайық» вариативтік компонентінің оқу іс — әрекетіне арналған технологиялық картасы

    04.10.2019ж.

    Тақырыбы: «Сәттілік дөңгелегі ойыны»

    Мақсаты:Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру.

    Білімділік міндеті:Қоян мен оның көжектерімен таныстыру.Аю мен Маша ертегісінің желісі бойынша білімдерін бекіту.

    Дамытушылық міндеті: Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорын,актерлік шеберліктерін арттыру,қимыл — қозғалысын дамыту.

    Тәрбиелік міндеті: Аңдарға қомқорлыққа,еңбекке,адамгершілікке тәрбиелеу.

    Қостілділік компонент: Ақ қоян — белый зайчик. Аю мен Маша ертегісі — сказка Маша и Медведь.

    Сөздік жұмыс: Ормандағы оқиға.

    Көрнекіліктер: суреттер, флонелиграф, оқу құралдары,видео материал.

    Іс-әрекет

    кезеңдері

    Тәрбиешінің

    іс-әрекеті

    Балалардың

    іс-әрекеті

    Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері№1 Балалар өлең сөздерін жатқа айтып қимыл — қозғалысын келтіреді.
    Ұйымдастыру-іздестіру Тәрбиеші

    • Балалар Аю мен Маша ертегісінде, қоян аюдың бақшасынан нені ұрлайды?
    • Кім аюдың бақшасын күзетіп қоянды ұстап алады?
    • Машаға тосап жасауға кім көмектеседі ?

    Д.ойын: «Көкеністерді жемістерден ажыратып жинау»

    «Қоян қандай?» суретке қарап әңгімелеу (қимылын,іс — сәрекетін, жүрісін салу)

    Сергіту сәті: «Аққоян — ау,аққоян»

    «Қоянға көмектесейік ойыны»

    Сәбіздердің үлкенін қысқа сақтауға, кішілерін қазір қоректенуге іріктеп берейік.

    • Аюдың еккен сәбіздерін.
    • Қоян.
    • Маша қыз.

    Көкеністерді шелекке,жемістерді себетке жинайды.

    Жабайы аң; қорегі сәбіз,қырық қабат,шөп, су, құлағы ұзын,секіріп жүгіреді.

    Өлең жолдарын жатқа айтып, қимылдарын келтіреді.

    Сәбіздерді іріктейді.

    Рефлексивті-түзетушілік Қоян алғыс айтады.Балалармен қоштасады.

    Пед.сұрақтар қойып қортындылайды.

    Біз екімге көмектестік?

    Бізге кім алғыс айтты?

    Оқу іс-әрекетіне белсене қатысқан балаларға мақтау айтып, оқу іс-әрекетіне қорытынды жасайды.

    Балалар қоянмен қоштасып.

    Сұрақтарға жауап береді.

    Өз іс — әрекеттеріне қуанады.

    Күтілетін нәтиже:

    Нені біледі: Орман аңдары,олардың тіршілігі,қорегі жайлы.

    Қандай түсініктерді игереді: Ертегі,тақпақтар арқылы сөздік қорлары молайып,актерлік шеберліктерді игереді.

    Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойындарды шарттарын бұзбай ойнай алады.

    Тәрбиеші: Омарова В.Ю.

    Тексерген: ________Жунусова С.О.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.