Жаңа сабақтар

«Ғажайып орманға саяхат» Психологиялық тренинг

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылы

164 ЖОМ жанындағы «Мейіржан» ШО психологы

Сержанова Алуа Жайлыбекқызы

Тақырыбы: «Ғажайып орманға саяхат» Психологиялық тренинг.

Мақсаты: Балаға жабайы аңдар туралы түсінік беру,атын дұрыс атауға жаттықтыружәне тіршілік ортасы туралы түсініктерін бекіту.Сөздік қорларын байыту,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап ,көрсету,түсіндіру,ойнату.

Түзету-дамыту жұмысы: Жабайы аңдар туралы әңгімелеп,ойната отырып баланың есте сақтау қабілетін дамыту.

Сәлеметсіңдер ме ,балалар. (балалар амандасады)

Қане,балалар, орнымыздан тұрайықшы.Оң қолымызды жүрегімізге қояйық

Қане,қандай дыбыс шығады? «тук-тук-тук» Бұл біздің кішкентай жүрегіміздің дауысы.Біздің жүрегіміз, балалар,мейірімге толы. Қане,сол мейірімді бір-бірімізге берейікші.Ол үшін бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.Балалар біз неге ұқсаймыз? Балалар күнге ұқсаймыз дейді.Дұрыс айтасыңдар.Ендеше, біз күн секілді жан-жағымызға шуағымызды шашып,тек күлімдеп жүрейік. Жарай ма ,балалар?

Енді осы қалпымызда шаттық шеңберін жасайық:

Кел, балалар ,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Енді орнымызға жайғасайық.Балалар, сендер саяхат жасағанды жақсы көресіңдер ма? Біз бүгін «Ғажайып орманға» саяхат жасайық.Ол үшін біз сиқырлы кілемшенің үстіне жиналайық.Көзімізді жұмып,онға дейін қазақша және орысша санайық.Келістік пе?/Балалар санап жатқанда,,көмекші тәрбиеші ортаға дайындап қойылған көрнекіліктерді орналастырады.Осы кезде орман дыбысы естіледі./ Ал,көзімізді ашайық. Тух,неткен керемет.Не деген әсемдік.Балалар, біз ормандағы таза ауаны тереңірек жұтып жұтып алайықшы./ Осы сәтте көмекші тәрбиеші орман иісі бар ауа тазартқышты білдіртпей сеуіп кетеді./ Мұрынмен демалу жаттығуы жасалады.Балалар, біз демалуға жайлы көгалды тауып алайық.Ондай жерді табу үшін біраз кедергілерден өту керек,Ал,ендеше кеттік.Менің артымнан еріп отырыңдар.

1.Балалар тікені көп жолмен өтеді.

2.Арықтан секіріп өтеді.

3.Аюдың апанының жанынан аяқтың ұшымен жай-жай өтеді

Балалар,біз түрлі кедергілерден өтіп,міне,әдемі көгалға да жеттік.Енді жайғасып отырып алыңдар.

-Балалар,орманда қандай жануарлар өмір сүреді?

-Олар немен қоректенеді?

Балаларға сұрақ қоя отырып,орман жайлы мағлұмат беріледі.

Дидактикалық ойын

  1. «Жасырылған аңды тап»

Шарты: Қорапқа жасырылған жұмсақ ойыншықтың қандай аң екенін табу./Қорапқа ойыншықтар салынады.Баланың қолы сиятындай тесік жасалады.Бала қолмен ұстап,сипап сезіну арқылы қай аң екенін табуға тырысады,әр аңды тапқан сайын сол аң жайлы,сол аңның төлі,жейтін қорегі жайлы ақпарат беріледі./

  1. «Даусынан таны»

Шарты: Аңдардың дауысы бар таспа қойылады.Балалар қай дауыс қай аңдікі екенін табады.

Балалар,енді тілімізге жаттығу жасап алайықшы

Ян-ян-ян секеңдеген ақ қоян,

Ю-ю-ю қорбаңдаған аю.

Кі-кі-кі бұл айлакер түлкі,

Қыр-қыр-қыр бұл көкжал қасқыр.

Сергіту сәті орындалады:

1.Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің:

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

2.Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Дидактикалық ойын «Сипатынан тап» Осы ойын арқылы кері байланыс жасалады.Тренинг қорытындыланады.

Ал,балалар, біраз уақыт өтіпті.Балабақшамызға қайтатын уақыт келген секілді.Қане, сиқырлы кілемшеге жайғасайық Сиқырлы сөзімізді айтайық. /балалар онға дейін санайды./

Балалар көзін ашқанда көрнекіліктер жоқ,корзинада алма болады. Бұл «Ғажайып орманның» біздің балақайларға жасаған сыйы еді. Бүгінгі жасаған жұмыстары осылай марапатталады.

Бүгінгі саяхат ұнады ма? Келесі кездескенше сау болыңдар,балалар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.