Жаңа сабақтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтер қашықтықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды.

Қосымша сұрақтар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сall-орталығына +7 (7172) 74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларына хабарласуға болады.

Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.

БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.