Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БҮГІНГІ КҮННЕН БАСТАП ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ

ҚР Үкіметінің қауіпсіздік шараларын күшейту, коронавирусты таратпау туралы қаулысына байланысты, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрі тапсырмасы негізінде, Ректордың бұйрығына сәйкес 2020 жылдың наурыздың 16-нан бастап ТарМПУ қашықтықтан оқытуға көшті.

Университетте білім берудің барлық деңгейлері бойынша аудиториялық сабақтар қашықтық технологияларды қолдану арқылы ҚО және Moodle білім беру порталдарында жүзеге асырылады. Осы оқу бойынша мәліметтер білім беру порталдарында және университеттің ресми сайтында толық берілген. Сондай-ақ, бағалау журналын толтыру тәртібі оқытушы мен студент арасында қашықтықтан байланыс сақталған жағдайда өзгеріссіз қалады.

Бұрын жоспарланған барлық тәрбиелік іс-шаралардың өткізілуі тоқтатылып, отырыстар мен жиналыстарын өткізу шектелді. Оқытушылардың жұмыс тәртібі үйден онлайн сабақ өткізу мүмкіндігін бере отырып, еркін деп жарияланды. Құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тәртібі сақталады.

ЖОО басшылығы айтуынша, бүгінгі таңда Интернет жүйелері толық режимде жұмыс істейді, сондықтан ЖОО-ның барлық электрондық ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Әр түрлі себептерге байланысты үйлеріне кетпеген студенттерге университет тарапынан барлық жағдай жасалған, оның ішінде жатақханада тұру үшін. Ал оқу үдерісі бойынша тәлімгерлер университеттің CALL-орталығына 8 707 3204836 номеру бойынша хабарласа алады.

Айта кету керек, қалыптасқан жағдайға байланысты барлық шаралар университеттің академиялық саясатына сәйкес қабылданды.

ТарМПУ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.