Жаңа сабақтар

Мухамбетқалиева Гүлназ Қалиматқызы

Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, ендеше осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық.

Құрметті ата-аналар, қонақтар, « Ақниет» балабақшасының ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жаткан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл отбасыларыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

Ой, балалар, мында кім жүр?

Қоян: Мен қоянмын қорқақтау,

Кішкене тілім шорқақтау.

Ой, қоян, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.

Қоян: Әнді сүйіп тыңдаймын,

Бірге айтсақ шыңдаймын.

Ән: «Аппақ аппақ жапалақтап»

Жүргізуші: Балалар, сендер қоянға тақпақ айтып беріңдерші.

Хор: Құтты болсн жаңа жыл!

Жаңа жылым мол болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді? Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

1,2,3 Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!!!

Аяз ата: Сәлеметсіз бе, балаларым,

Балаларым балғыным.

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Ақшақар: Шыршаның шамын жағып алайық,қанекей бірге….

Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

Аяз ата: Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін.Балалар мен сендерге сыйлығымды алып келдім.

Жаңа жыл: Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл ортамызға аман-есен келді. Ендеше Жаңа жылымызға би орындап берейік.

Би: «Балапан»

Сайқымазақ: Қане біздің ңонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңдар!

Бізге қарай жақындап,

Қызық күлкі тыңдаңдар!

( Амандасады ) мен Жаңа жылды тойлауға келдім. Қанекей олай болса, барлығымыз менің қуанышыма шырша айналып би билеп жіберейік.

Аяз ата: Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды баласыңдар! Өмірлерің ұзақ болсын, денсаулықтарың мықты болсын! Бізді басқа да балалар күтіп отыр,енді кетуіміз керек. Сендерге арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет! Жаңа — жыл сіздерге тек қуаныш,бақыт, денсаулық алып келсін!

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

«Құстар біздің досымыз»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты:Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.

Интеграция: Көркем әдебиет, сауат ашу, музыка, ҚМТҚ. Көрнекілік:Атрибуттар, Құстардың суреті, Тақта, кеспе әріптер, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері:Психологиялық сәт,сұрақ-жауап, түсіндіру, жазу, сергіту сәті.

Психологиялық сәт:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

Ұйымдастыру кезеңі:Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс әрекетімізді бастайық.

  • Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
  • Бір жылда 4 мезгіл бар.
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Қазір жылдың көктем мезгілі.
  • Бір жылда неше ай бар? Кәне кім атап бере алады?
  • Бір жылда 12 ай бар.
  • Аптада неше күн бар?

Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Жексенбі

  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қазір бізде қай сабақ?
  • Қоршаған ортамен таныстыру.
  • Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Тал басында тамаша үй». Ұя

  • Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?
  • Ұяны құстар мекендейді.
  • Құстар туралы сендер не білесіңдер?
  • Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды. Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.
  • – Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңдаңыздар.

Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады.

Бірде ол:

  • Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.

Оны естіген ата бұлбұл:

  • Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола

алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады. Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді. Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды. Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.

  • –Қарға:

Мен қарғамын, қарғамын,

Көп қой менің арманым.

Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.

  • Бұлбұл: Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.
  • Сауысқан: Кел бұлбұлым,

Сауысқанмын,саңқылдаған,

Қонақжаймын аңқылдаған.

  • Бұлбұл: Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.
  • Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.

Мен торғаймын, торғаймын,

Ағаштарды қорғаймын.

  • Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.
  • Бүркіт: Мен бүркітпін, бүркітпін,

Құстың бәрін үркіттім, ха-ха-ха.

  • Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.
  • Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.

Қарлығашпын,қалықтаған,

Ұшудан ешбір жалықпаған.

Бұлбұл: Қандай ідемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн, жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады. Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады. Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

Туған жерім – қымбат мекен,

Өскен ұям ыстық екен.

Бұлбұл үні – өз тіліме,

Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды. Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.

Сергіту сәті: Балалар сендер ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық.

  • Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?
  • Иә.
  • Ертегі не деп аталады?
  • Ерке бұлбұл.
  • Ертегіде қандай құстар кездесті?
  • Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүркіт, торғай.
  • Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс-әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік?
  • Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т.б. Ендеше біз оқу іс-әрекетімізді

Құстарымыз аман болсын

Бейбіт тыныш заман болсын, деп сабағымызды аяқтайық.

Тақырыбы: «Төрлет, төрлет жаңа жыл»

Мақсаты; Балаларға мерекелік көңіл – күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де, сәнді, безендірілгеніне, балалардың аязатаның, ақшақардың киімдеріне назарын аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту.

Жүргізуші: Армысыңдар, аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар?

Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.

Ал, бүгін балалар қандай мереке?

Балалар; Жаңа жыл

Жүргізуші: Жаңажылдық ертенгілігімізді ашудағы құттықтау сөзі балабақша директоры Джубаниязова Нұрсұлу Дүйсенбаевнаға беріледі.

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Хор: «Аппақ,аппақ, жапалақтап»

Жүргізуші: Балалар бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата – аналарымыз, көрермендерімізде бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, ақшақар! (2 рет айқайлайды)

Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар келе жатырғой деймін, шақырайық, қол соғайық!

Балалар: Аяз ата, ақшақар!

Аяз ата: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын, бақыттымын! Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қане, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық.

«Қуан бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат» (3 рет)

Аяз ата: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.

Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап, ән шырқайық

Хор: «Шырша» жыры

Жүргзіуші: Аяз ата! Сіз алыс жолдан шаршаған боларсыз, сәл тынығып, жайғасып отырыңыз!

Аяз ата: Ал, балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерін бар?

Жүргізуші: Сізге арнап балалар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қойып бергісі келеді.

Рөлдерде:

Макта қыз – Хабиби

Мысық – Ақбота

Ағаш – Айзере

Тышқан – Хадиша

Сиыр – Гульзат (Тәрбиеші)

Тауық – Айлана

Дүкенші – Айару

Су тасушы қыздар – Асылназ, Баянсұлу

Жүргізуші: Аяз ата сізге арнап балалармыз тақпақ айтып берсін!

Ақбота:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Айзере:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жана жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Райд:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды,

Қонақтардың бәрін де.

Ерназар:

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Қайсар:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жылтырап жатады.

Каусар:

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны,

Айдар:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Айару:

Жаңа жылға сәніміз.

Біздің айтар әніміз,

Келдіңбе аман алыстан,

Сәлем аяз атамыз.

Асылназ:

Аяз ата аппақ,

Кәмпиттері тәтті – ақ.

Маған кәмпит көп берсе,

Тағы айтамын таппақ.

Хабиби:

Шыршамызда керемет

Ойыншықтары тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Айлана:

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Амина:

Келді, келді жаңа жыл

Қуанып қарсы ала біл.

Аяз ата сыйлығың,

Алайын айтып жаңа жыр,

Айым:

Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын жаңа жыл!

Баянсұлу:

Тамаша, тамаша,

Аяз ата келеді.

Әнімізге қосылып

Бізге сыйлық береді

Әмір:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.

Хадиша:

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.

Жүргізуші: Балалар аяз атаға «Шалқан ертегісін қойып» атамыздан сыйлықтарымызды алайық.

Рөлдерде:

Ата – Райд

Әже – Айым

Немере – Каусар

Ит – Ерназар

Мысық – Амина

Тышқан – Адил

Жүргізуші: Аяз ата ендігі кезекте балалар сізге тағы бір өнерлерін көрсетпекші. Қабыл алыңыздар «Кавбой» биі

Билейтіндер:

Ибрахим

Алихан

Айдар

Бахтияр

Әмір

Қайсар

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіндер. Киген киімдерің қандай әдемі. Біздің сыйлықтарымызға риза болыңдар! Ал, енді біз жолға шығайық. Басқада балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер өркендей беріңдер. Аспандарын ашық болсын! Қош, сау болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2020 – шы жаңа жылға арналған ертенгілік шарамыз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Мақсаты :
Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың»Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

-Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Балдырған» тобының тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұран айтылады.
Тәрбиеші сөзі:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Ән: «Солдат болам мен ертен»

Ақбота:

Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігін бөлеп тербеткен

Отаным — Қазақстаным
Қайсар:
16 — желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн!

Айзере:
Отан – туған үйіміз

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Амина:

Әділдік жеңіп соңында

Тәуелсіз болды еліміз

Татулықпен, бірлікпен

Гүлдей бер,туған жеріміз

Хабиби:

Тәуелсіздік келді деп

Оралды қайта салтымыз

Баянды болғай енді тек

Бақытты біздің халқымыз

Айару:

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан – Ана, Отан үлкен

Қазақстан Туған ел!

Ерназар:

Өзіңдікі туыңда,

Отпен ауа суыңда

Әмір:

Естісін ел үніңді

Дүние түгел естісін

Тәуелсіздік туыңды

Биік ұста бүлдіршін.

Тәрбиеші: Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға міндеттісіңдер.

Тәрбиеші:

Бейбіт күндер арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ елім – Ұлы қазақстаным

Ең бақытты балалардың Отаны!

Хор: «Қазақстаным – Отаным»

Тәрбиеші:

Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз,

Көгілдір туымыз біздің болашақ

Бағымыз, нұрлы таңымыз.

Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!

Осымен құрметті қонақтар « Балдырған ортаңғы тобының дайындаған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»

Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рəміздерімізді таныстыру. Өз Отанын,туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тəрбиелеу. Мəнерлеп тақпақ айтуғаүйрету.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер балалар!

Тəрбиеші:

Балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.

  • Сəлеметсіңдер ме, балалар!
  • Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сəлемдесіп алайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

«Әнұран» орындалады

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?

  • Қыс мезгілі келеді екен.

  • Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің

    Елбасымыздың құрметіне арналады.

    • 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
  • Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.

  • Балалар, бұл кім?

  • Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?

  • Əр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан

  • Əбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана

    қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.

    • Ендеше, Отан туралы тақпақтарымызға кезек берейік

    Қайсар:

    Қуат алған өзіңнен

    Туған елдің ұлымын

    Бақытты етіп өсірген

    Отанымнын гүлімін

    Ақбота:

    Отан жерім, Отан ауылым

    Отан куат, нәр береді

    Отан ұран, отан туым

    Отан мәңгі гүлденеді

    Көркем:

    Көк байрағы бабамнын

    Бүгінгі ұрпақ алауы

    Тірегі әке баланын

    Қазақстан жалауы

    Хабиби:

    Айнымайды аспаннан

    Біздің тудын бояуы

    Оны халық қашанда

    Биікке іліп қояды

    Айару:

    Көк аспандай көкпенбек

    Қазақстан жалауы

    Көк емес ол тектен тек

    Елдің ашық қабағы

    Айзере:

    Ел ордасы – Астанам

    Саған айтам асқақ – ән

    Әр қашанда қазақ боп

    Туғаныма мақтанам

    Бақтияр:

    Батырлар бар төгімде

    Көк байрағым көгімде

    Әнұранды жатқа айтам

    Елтаңбам тұр төрімде

    Балалар енді біз мақал мәтелдерге кезек берейік

    Райд:

    Отан – оттанда ыстық

    Айдар:

    Отан елдің анасы

    Баянсұлу:

    Отан – қуат

    Отбасы – шуақ

    Ерназар

    Отансыз – адам

    Ормансыз бұлбұл

    • Балалар әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
    • Балалар біз қай тілде сөйлейміз
    • Қазақ тілінде
    • Балалар ендеше бәріміз шенберге тұрып сергіп алайық

    Жоғары қарап күн көрем

    Төмен қарап жер көрем

    Оңға, солға бұрылып

    Егеменді ел көрем

    Ән: «Елтанбасы елімнің»

    Жарайсыңдар балалар!

    Әрқашан еліміз тыныш, отбасымыз аман көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Келген қонақтарға сау болыңыз дейік.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.