Жаңа сабақтар

Калабаева Асыл Тынысбековна

«Тарас негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

« Балдырған » шағын орталықтың аға тәрбиешісі Калабаева Асыл Тынысбековна

«Бейімделу-балалардың балабақшаға үйренуі»

Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы. Себебі, балабақшада оны күткен өзі қатарлас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшада тәрбиеленуші таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады,мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді.

Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды. Өйткені, тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.

Өкінішке орай, балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:

  • Басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен,
  • Дәретке өзі отырып үйренбегендіктен.

  • Кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан).

  • Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар.

  • жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;

— орташа ауырлық бейімделу— 1 айдың ішінде;

  • ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.

2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.