Жаңа сабақтар

Ибраимова Гульмира Ерикбаевна .

Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Айгөлек » шағын орталықтың аға тәрбиешісі Ибраимова Гульмира Ерикбаевна .

Шағын орталық жұмыстарына тиімді педагогикалық ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу

ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе.

Ақпараттық технология – бүгінгі күн талабы

ІІ. Негізгі бөлім

Ақпараттық технологияны балабақша тәрбиешілеріне меңгерту жолдары

  • Ақпараттық технологияны пайдалану – баланы жан—жақты дамытудың шешуші құралы
  • Ақпараттық технологияны қолдануды балабақшада жүзеге асыру тәжірибемнен
  • ІІІ. Қорытынды
  • Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс.Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз.Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады. Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын

қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды

пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім. Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру ұйымдарында оқыту процесін ізгілендіру мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Оларды ғылыми тілмен айтқанда «инновациялық процесс» немесе «педагогикалық жаңалықтарды енгізу» деп аталады. Инноватика ұғымының мәні латынның «in-novus» деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту, жаңашылдық» деген мағынаны білдіреді. Яғни, педагогика ғылымында жаңа әдістерді, тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт яғни коммуникациялық технологиялар жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі – мультимедиялық оқулықтарды балабақшада кеңінен пайдалану оқу , тәрбие іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызары анық. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланары айқын.Мультимедиялық оқулықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бүлдіршіннің білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Мультимедиялық оқулықтар балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал. Себебі, бұл кезеңдегі балалардың зейіні әдемі түстерге, әдемі ойыншықтарға, әдемі суреттерге, яғни, әдемілікке, әсемдікке әуес болады. Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, ұнамды, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Өз бетімен білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы. Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу». Осы орайда 2006 жылы Атырау қалалық №4 кәсіптік мектебінің Аққыстау филиалында ЭВМ мамандығы бойынша оқып, «төртінші дәрежелі ЭВМ операторы» мамандығының куәлігін алдым. Бүгінгі таңда төмендегідей ақпараттық бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып жүрмін:

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, Білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам.Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, білім беру үрдісіне енуде. Осы орайда өзімнің өткізген ашық сабақ, дөңгелек үстел, тәрбиелік шараларымды Сабақтар.kz республикалық ұстаздар сайтына жариялап, сайттың сертификатына ие да болдым. Бұл мен үшін, әрине, үлкен қуаныш, әрі жетістік. Балабақшада өткізілген әр мерекелік іс-шара, апталық, айлық, түрлі ашық оқу іс-әрекаеттер аудио-видео құралдарымен түсіріліп, таспаға уақытында жазылады. Тәрбиеленушілер өздері түскен іс-әрекетін үнемі телеэкранмен тамашалайды.Инновациялық білім беру құралдарының бірін ретінде төбеде атап кеткен сайт. Осы тұста біздің және менің тағы бір жетістігім деп атасам болады шағын орталығымыздың мектеп сайтының ішінен «Еркетай» шағын орталығы атты өзіндік беті ашылды: kaz-mektep95.narod.kz Сайтқа әрбір өткізілген іс-шара , ашық оқу іс-әрекеттер , фото көрме, балабақша туралы мәліметтер мен түрлі жаңалықтар уақытылы салынып отырады, алдағы уақытта сайт жұмысы жанданады деген үміттемін.Онда шағын орталығымызда жұмыс жасайтын тәрбиешілер, олардың біліктіліктері т.б мәліметтерді алаласыздар. Сонымен бірге быйылғы жылда шағын орталық әдіскерімен бірлесе отырып ақпараттық коммуникациялық технологияларды жетілдіруге арналған жоспарда құрдық. Жоспарлы жұмысқа қышқаша мәлімет.

«Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі. 3-7 жасқа дейін баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, осы кезеңде бала белгілі бір әлеуметтік рөлді қабылдайды. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде күштеусіз бедел мен ықтиярсыз ойын түрлерін ақпараттық технологиялармен жүргізу арқылы балаға таным қалыптастыра аласыз. Оқу , тәрбие іс – әрекеттерімде коммуникациялық технологияларды көптеп қолдануға тырысам. Мысала қазан айында Республика көлемінде аталып өтіліп жатырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңында , балалар бойында патройттық тәрбие қалыптастыруда өз үлесімді қоссам деген мақсатта «Тарих жайлы қыза түспек талас тым , дайынбысың ұрпақтары Алаштың» тақырыбында ұйымдастырылған зияткерлік сайыста , ІІІ шарт негізінде бейне сұрақ бердім және оны проектор арқылы көрсеттім. «Балапан» теле арнасынан алынған бұл бейне сұрақтарға топ балалары жарыса жауап айтты,ал мен дұрыс жауапты экран арқылы бердім. Мұндағы менің жетістігім сол сұрақтарға балалардың қызыға тыңдап , жауап беруге тырысқаны және дұрыс жауапты менен емес сол бейне жазбадан тыңдап өздерінің жауаптарымен салыстыруында болды деп есептеймін.

Қыркүйек айының екінші аптасына белгіленген отбасы күні қарсаңында мен «Әке-ер, ана-жігер, отбасында екі кемеңгер» атты сайыс ұйымдастырдым. Байқауға қойылған мақсаттарыма сәйкес ата – аналардың ақпараттық технологияларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Отбасы презентациясы» тақырыбында шарт енгіздім. Онда ата-аналар бірі видео ,екіншілері слайд арқылы өз отбасыларын таныстырып , бір сәт өздерін ақпараттық технологиялар елінде сезінді. Ал сайысқа дейін білмегендерін сұрап , күн сайын ақпараттық технологиямен танысқан ата – аналар бойынан қуаныш пен мақтаныш , өздеріне деген сенімділікті байқадым, бұл менің тағы бір жетістігім деп есептейтін мен келесі сайыстарда да ақпараттық технологиялармен байланыстыруға талпынып жүрмін.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды балабақшаларда қолдану уақытты үнемдейді, балалардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады. Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Оқу іс – әрекетінің параметрі АКТ-ны қолданатын сабақ Дәстүрлі оқу іс — әрекеті
ақпаратты беру оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады тәрбиешінің түсіндіруі, қолдан жасалған кестелерді,плакаттарды қолдануы
жұмыс

қарқыны

әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады Тәрбиеші топтағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады
баламен кері байланыс түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады. ағымдық бақылау

Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралықғаламдық коммуникациялық желілерге

шығу» деп көрсеткен. Сол себептен қазіргі таңда даму кезеңі білім беру жүйесінің

алдында оқыту мен тәрбиелеу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану- бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы. Мысалы: мультимедиялық оқулықтарды балабақшада пайдаланар болсақ, оқу іс-әрекеттерін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай жағдайда тәрбиеші бала тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай оқулықтар пайдалану алдымен балалардың қызығушылығын арттырып, оқу іс-әрекеттерге деген танымын, белсенділігін арттыра түсер еді.Мультимедиялық

оқулықтар болса балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал еді.Ақпараттық-технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады,

шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Қазіргі қоғам алдында тұрған

өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастыру үшін ұстаз өзі де шығарма шылтұлға болуы тиіс.

Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру

бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес

мәселе. Қазіргі уақытта оқытудың 50-ден астам технологиялары бар. Олардың бала

танымын қалыптастырып тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.Олай болса келешек

ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни интеллектаулды деңгейін жоғары

болуына қойылатын талап зор.Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде

нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатым. Сөзімнің соңын америкалық ғалым С.Бичтің сөзімен қорытындылаймын , «Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгерсіз,себебі сіз білім алғанды,білім бергенді жақсы көресіз,тез өзгеретін әлемде балаға бағыт беріп отыратын,

білім беретін сіз қажетсіз. Сондықтан сізде,балада өзгеруі қажет ».

Пайдаланған әдебиеттер:

— Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.

— Р.Омарова. 12 жылдық мектепке оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. Ақтөбе. 2007 ж.

— Е.Б.Моргунов.позновательные процессы и способности в обучении. М., 1990. 321 бет.

— Формирование творческих способностей: сущность, условия, эффективность. Сб.науч. тр. Свердловчк. СИПИ 1990.

— Сайт бетінен А.З.Сисенованың «Ақпараттық технология-бүгінгі күн талабы» атты мақаласы

— Сайт бетінен Б.Жолмұханова «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты мақаласы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.