Жаңалықтар

Коронавирус туралы

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Сілтеме: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaev-koronavirus-pandemiyasyina-katyistyi-malmdeme-jasadyi-306043/

«Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Құрметті қазақстандықтар, тек ресми дереккөздердің мәліметіне сенуді және дүрбелең туғызбай, денсаулық сақтаудың алдын алу шараларын ұстануды сұраймыз», — деді Тоғжанов.

Сілтеме: https://kaz.tengrinews.kz/news/kazakstanda-koronavirus-trkelgen-jok-togjanov-306057/

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде 16 наурыз — 5 сәуір каникул болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сілтеме: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-mektepternde-16-nauryiz-5-saur-aralyigyinda-306047/

«Инфекцияны алып келмеу мақсатында 13 наурыздан бастап іс-шаралар өткізуге тыйым салынады — мерекелік, спорттық, мәдени, конференциялар, семинарлар, көрмелерді және тағы басқа шараларды өткізуге тыйым салынады. Денсаулық сқатау, білім беру орындарында — ХҚКО-ларда, сауда орындарында, базарларда, вокзалдарда, әуежайларда және қонақүйлерде санитарлық шаралар күшейтіледі», — деді Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Сілтеме: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstandagyi-adam-kop-jinalatyin-barlyik-sharaga-tyiyyim-306048/

«Сауда орталықтарында орналасқан кинотеатрлар жабылады. Ал ойын-сауық орталықтарының өзі жабылмайды», — деді Тоғжанов ОҚК брифингінде.

Сілтеме: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kinoteatrlar-jumyis-stemeyd-vitse-premer-306055/

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.