Жаңа сабақтар

Менің құрдастарым

Алматы қаласы № 174 мектеп-гимназиясының
3 «Ә» сынып оқушысы Оразғали Әлия

Оразғали Әлия — оқу озаты, Матиматиканы дамыта оқыту, ағылшын тілі үйірмелеріне қатысады. Шығармашылық әңгімелер жазып, сыныпта түрлі кітапшалар жасап жүреді.

Мен, Алматы қаласы № 174 мектеп-гимназиясының 3 « Ә» сыныбыныда оқимын. Менің сыныбымда кілең тапқырлар мен үздіктер жиналған десем болады. Достарымның қылықтары, мінездері, тапқырлықтары мені үнемі таңғалдырады.Математика сабағынан оза оқып алда жүретін Ердаулет Диас, Серікбек Сезім, Манат Каусар, Асұар Ерсұлтан ,Ахметбек Айгерім Абутәліп Мухлис арнайы бағдарламаны меңгеріп, қосымша күрделі тапсырмаларды жарыса орындап «Жас математиктер» тобын құрып алған.

Әңгіме, өлең тақпақтар жазуда Хасенәлі Каусар, Сәми Жания, Абдығали Рамазандар сыныпты үнемі таңғалдыруда.Ережелерді жарыса айтып, сатылай талдау жүйесін меңгергіп алған бұларда сынып мақтанышы.

Таэвконда ,күрес жарыстарына қатысып омыраулары төс белгіге толған Машкен Даниял. Серікқали Мади, Жұмажан Санжар Ғабитұлы Берекет жыл сайын сатанатты жиынның көшін бастап жүр. Үнсіз жымиып отырып мамтемитикалық тапсырмаларды тап-тұйнақтай етіп орындап, кез келген суретті бұлжытпай салатын Қайрат Айзаданың бойы өнерге толы.

Көп үндемейтін Ернұрдың да мультфильм құрастыратын өнері бар.

Сыныпта түрлі белсенді жұмыс атқаратын Ерген Аягөз, Ербол Эльмира , Тұсын Аружанның белсенділігі өте жоғары.

Эльмира мен Диас ғылыми жұмыс жазып,жүлделі орынды иеленсе, биші қыздар Керімбек Еркенұр, Еримбетова Жанель Ахметқали Инабат түрлі мерекелерде би билеп өнер көрсетеді.

Бауыржан Нұржан, Райқұл Райана, Серік Шапағат,Сағындық Даниал, Шалабай Әміртемір, Тұрымбет Абылайхан,Тұрғамбек Ахмад, Сейітжапар Жания әр күні түрлі сөзжұмбақ, ребус құрап жарысудан алдына жан салмайды.

Оқу озаты Ауесбаев Ерасыл түрлі әңгіме жазып, түрлі тәртіп ережелерін құрастыратып «заңгерлік» жұмысын жүргізеді.

Мен осындай құрдастарыммен, сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың әр сайыстан алған марапаттары , мақтау қағаздары ,әр сайыстардан алған жүлделі орындары жинақталып тұр, фото суреттері Құрмет тақтасында ілулі тұрғаны көңілге мақтаныш ұялатады. Мен сыныбыммен мақтанамын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.