NIS

МҰҒАЛІМ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ЖЕМІСІ

Тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі», деп атап көрсеткендей, ұстаздан тәлім-тәрбие алмайтын жан жоқ. Мұғалім – мемлекетіміздің саналы ұрпағын тәрбиелейтін зиялы қауым. Сондықтан жаңашыл педагог оқытудыңозық әдіс-тәсілдерін меңгерген, үнемі ізденіс үстінде жүретін шығармашыл тұлға болуы қажет.

Қазіргі білім берудегі өзекті мәселелердің бірі – жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану, тың идеялармен бөлісу.

Аталған мақсатты жүзеге асыру барысында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің эксперт мұғалімі Дана Қалқақызы Байдильдинованың «Оқылым тапсырмалары» атты оқу құралы жарыққа шықты. Бұл еңбек ұстаздың «Мәтінмен жұмыс арқылы 9 – сынып оқушыларының ізденушілік қабілеттерін дамытуға бола ма?» тақырыбында іс-әрекеттегі зерттеу мен қажырлы ізденісінің нәтижесі. Мұғалім таңдаған тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, деректер қорын жинақтады. Сондай-ақ, мәтінмен жұмыс түрлерін тәжірибеде қолданып, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастырды. Зерттеу қорытындысы бойынша мектеп, қала, облыс, республика, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, зерттеу әрекетіне өзгеріс енгізіп отырды.

Оқу құралы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына (NIS — Рrogram) сай құрастырылған.

Оқулық тиімді әдістермен тәжірибе алмасуды көздей отырып,

оқушыларды сыни ойлауын, танымдық іс-әрекеттерін дамытуға, мәтін мазмұнын меңгеруге, талдау, топтау, бағалауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ұлыларын құрметтеуге итермелейді.

Ұстаздың еңбегі әріптестері үшін жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасын практикада қолдана білу қабілеттерін дамытуға көмектесетін өзекті құрал болатыны сөзсіз.

Мәтін мазмұны оқушылардың жас ерекшелігіне сай іріктелінген. Лексикалық тақырыптар география, тарих, информатика пәндерімен, өмірмен тығыз байланысты. Оқушылар өз елінің тарихы, мәдениеті, табиғаты, ғұлама адамдары жайлы терең мағлұмат алады. Сонымен қатар, жеке, жұпта, топ ішінде мазмұндау, ақпаратпен алмасу, бірін-бірі бағалау әрекеті қарастырылған..

Оқу құралы Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.

Әрине, жаңа оқулық шығармашыл ұстаз Дана Қалқақызының «инемен құдық қазғандай» еңбектеніп, өз тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырғанының көрінісі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.