Жаңа сабақтар

Бәрмешбай Айжан Еркінбекқызы

Алматы облысы,Талғар ауданы, Нұра ауылы

«Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Жалпы білім беретін №12 орта мектеп» МКК

бастауыш сынып мұғалімі Бәрмешбай Айжан Еркінбекқызы

Пән:Дүниетану

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Алғашқы адам
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу
Сабақмақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

Ежелгі адамдардың шығу тарихы туралы біледі және оларды салыстырады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ежелгі адамдар мен қазіргі кездегі адамдарды көрнекі материалдар арқылы олардың тіршілігін сипаттайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Ежелгі адамдар мен қазіргі кездегі адамдардың айырмашылығын түсініп өз көзқарастарын білдіреді.

Тілдік мақсаттар Сабаққа қатысты терминдер мен сөз тіркестері:

адам, ежелгі, еңбек құралдары.

Бағалау критерийлері -Ежелгі адамдардың өмірі бейнеленген көрнекі материалдарды зерделейді.

-Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді.

Құндылықтарды дарыту Жауапкершілікті сезінуге, ынтымақтастыққа, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу. Адамның еңбегін бағалау.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану: Алғашқы адамдардың тіршілігімен танысады.
Акт-ны қолдану Слайд , бейнежазба көру арқылы тыңдалым дағдыларын арттырады.
Бастапқы білім Көрген мультфильмдернен, ата-аналарынан естігені арқылы алғашқы адам туралы түсінігі бар
Сабақ барысы
Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 мин

Психологиялық ахуал орнату.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

Оқушылар мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді

Үңгір, найза, тас балта суреттерін таңдап топқа бөлінеді.

Түрлі түсті каточкалар.
Сабақтың ортасы

3 мин

Ой қозғау

1-тапсырма «Есіңе түсір»

-Балалар, сыныптағы сағатқа қарайықшы, сағат тілін ойша 2 сағатқа шегерсек, сол кезеңде немен айналысқандарыңды естеріңе түсіріңіздерші.

— Бұдан әрі 3-5-6 жыл бұрын не болғанын кім есіне түсіре алады?

«Өткен кезеңде не болғанын зерттейтін ғылым бар. Бұл ғылым тарих деп аталады және біз сол тарихты оқуды бастаймыз. Ол бізге адамзаттың өткені туралы әңгімелеп береді »

Бейне жазбаны мұқият көр. Бейне жазба бойынша 4 сұрақ қой.

Балалар ежелгі адам туралы деректі мультфильмді көреді.

-Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз неге байланысты деп ойлайсыңдар?

-алғашқы адам туралы.(Балалардың жауабы)

-Дұрыс. Ендеше сендер көрген мультфильмдерің бойынша топта 4 сұрақ құрастырыңдар. Сұрақтарың бір бірлеріңе ұқсас болмасын.

1. Ежелгі адамдар қайда тұрған?

2. Олар тамақты қалай тауып жеген?

3. Киімдерін неден тіккен?

4. Еңбек құралдарын неден жасаған?

Дескриптор: Білім алушы

-Ежелгі адамдардың өмірі туралы көрсеткен бейне жазбаны талқылайды.

-Сұрақтар қоя отыра , ежелгі адамдардың өмірі туралы айтады.

-Кейбір оқушылар картадан алғашқы адам мекендеген жерді көрсетеді.

Кері байланыс

Әр топ екінші топқа сұрақ қояды, жауабы дұрыс болса «От шашу» тәсілімен бағалайды.

2-тапсырма «Салыстыра аламыз»

(Ұ) Интербелсенді тақтадан алғашқы адамдардың өмір сүруі туралы таныстыру. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай екендігін табуларын сұрау.

Венн диаграммасы арқылы салыстырады.

Басбармақ әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма Сурет сөйлейді

Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша ежелгі адамдардың тіршілігін сипаттап айтыңыз.

«Мен білемін» тәсілі бойынша талқылайды. Төрт оқушыдан тұратын топтарды жұптарға бөлемін. 1,2 және 3, 4 сандары таратылады.

1 айналым – 1,2-ден сұхбат алады, 3,4-тер

сұхбат алады.

2 айналым– керсінше

1,2-ге 3,4-тер сұхбат береді.

3 айналым– Әр жұп топта талқылайды.

Дескриптор: Білім алушы

— Суреттерге мұқият қарап, талқылайды.

— Суреттердің мазмұны негізінде ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді.

Мұғалім қосымша мәлімет береді:

Ежелгі адамдар маймылға ұқсас, бет әлпеттері дөрекі болған. Сөйлей алмаған. Олардың қолдары ұзын және маңдайлары тар болған.

«Бағдаршам » тәсілі. Топтар бағдаршамның түстері бойынша бір- бірін бағалайды.

Сергіту сәті: «Алғашқы адам қимылы»

1. Бір орнында жүру. Бұл жаттығуды бастар алдында адамдардың жануарлардан айырмашылығы адам екі аяғымен жүретінін ескертіңіз.

2. Омыртқаға арналған жаттығу Алғашқы адам бүкірейіп жүрген, ал қазіргі адам тік жүреді. Оқушылар бір орында біресе еңкейіп, біресе тіктеліп жүруді жалғастырады.

3. Қол буындарына арналған жаттығу – «Жеміс жина» Жоғарғы бұтақтардан жемістер жинағанда адамдар жоғары қарай тартылып, қолдарымен жемістерді жұлған.

4. Мойынға арналған жаттығу – «Аңға шыққан адам». Адамдар аң аулағандай басын жан-жаққа бұра қарап, алысқа мұқият көз тастайды.

4- тапсырма Дәптермен жұмыс.

Салыстыру

  1. Берілген тапсырмалар кімге қатысты?
  2. Сызықпен көрсет.

Мұғалім дұрыс жауапты тақтада көрсетеді. Берілген жауабы бойынша бір-бірін смайлик арқылы бағалайды..

5-тапсырма «Сөйлемді толықтыр»

Жұптық жұмыс.

1. Алғашқы адамдар… өмір сүрді.

2. Ер адамдар ……. аулады.

3. Әйелдер мен балалар ……. терді.

4. Адамның ең алғашқы еңбек құралы – бұл … .

Керекті сөздер: ертеде, тамырлар, жидектер, аң аулады, айбалта.

Дескриптор: Білім алушы:

— Сөйлемдегі бос орынға тірек сөздерді тауып жазады.

Жұп жұпты «смайлик» арқылы бағалайды.

Бейне жазба.

https://www.youtube.

com/watch?v=UyIKD3dfEoM

Оқулық

Суреттер

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы Сұрақтар

1. Ежелгі адамдар қайда тұрған?

2. Олар тамақты қалай тауып жеген?

3. Киімдерін неден тіккен?

4. Еңбек құралдарын неден жасаған?

Рефлексия

Таң қалдым
Жаңа нәрсе білдім

«Өзін-өзі бағалау» тәсілі

Ештеңе түсінбедім
Ренжідім

Сабақтан алған әсерлеріңді стикер жапсыру арқылы білдіріңдер.

Смайликтер
Саралау – оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды

жоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың

Материалдымеңгерудеңгейін

Қалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қолдауды қажет ететін оқушылар.

Сурет бойынша әңгіме құрау кезінде, сұрақ қою арқылы қолдау көрсету

Қабілеті жоғары оқушылар

Картадан жер шары бөліктерін, алғашқы адам тіршілік еткен жерлерді көрсетеді.

Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. «От шашу» «Бағдаршам» «Басбармақ» «Смайлик» әдістер арқылы бағаланады. Сергіту сәтін жүргізу кезінде оқушыларға түрлі жаттығулар жасады.
Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары дұрыс қойылды ма?

-Кері байланыс тәсілдері тиімді пайдаланылды ма?

Сабақты саралау дұрыс жүргізілді ме?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралынені

білдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.