Жаңа сабақтар

Нургалиева Гулнур Сериковна

Балалар, қонаққа кім келді?

Балалар: Аққала

Аққала:Балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Мен өзім ойнаудан жалығып кеттім. Қане бәріміз бірге көңілді ойын ойнайықшы.

«Қар жинау» ойыны.

Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез-тез жинау.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, бәрекелді балалар!

-Балалар енді ақалаға достарын табуға көмектесейікші. Барлығыңның алдарыңда аққаланың суреті жатыр, бұл суреттер жеке-жеке құралмаған күйінде тұр. Балалар, осы аққала суретін ақ параққа рет-ретімен жапсырамыз.Әуелі үлкенінен бастап кішісіне, содан соң кішкентай бөлігін жапсырып аламыз.Көздерін,мұрны мен аузын, қалпағын кигіземіз.Қолдары мен аяқтарын да ұмытпаймыз. Аққаламыз дайын болса бір бой сергітіп алайық!

Сергіту сәті; Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық!

Бір отырып,бір тұрып,

Бір демалып алайық.

Оңға,оңға түзу тұр,

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Аққала: Міне, керемет енді менің де достарым көп болды.Ал енді мен еріп кетпей тұрғанда кетейін.Менің сіздерге беретін сыйлықтарым бар.Сыйлықтарын таратып, балалармен қоштасады.

Рефлекциялық түзетушілік балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.Жасаған жұмыстарын тақтаға іліп,талқылау.Балалар қуанышты сезімде болды.

Нургалиева Гулнур СериковнаМДҰ «Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

Білім беру саласы; Шығармашылық

Бағдарлама тарауы;Жапсыру

Тақырыбы; 3D Көбелектер

Мақсаты; Көбелек туралы түсінік беру..Сәйкестікті тауып 2 бөлікті жапсыру әдісін үйрену. Бейнелі ойлауын ,зейінін,қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.Табиғатты қорғауға эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу.

Көрнекілік; Суреттер, 3D көбелек үлгісі.

Қажетті құралдар; қағаз,гуашь,қылқалам,щетка,түрлі-түсті қағаздар,желім,қайшы,сулық.

Шаттық шеңбер;Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам

Қанатымды бір қағып.

Гүлдей болып жайқалам.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер шешуін табыңдар

Қаны жоқ,жаны бар.

Гүл іздеп сабылар

Ол не?

Балалар: Көбелек

-Дұрыс, көбелектің орысшасы-бабочка

-Жарайсыңдар!

-Балалар көбелектердің түстері қандай болады?

Балалар: сары,қызыл,көкшіл түсті,қара ала көбелек

-Балалар көбелек қайда қонады?

Балалар: Гүлге қонады

-Гүлдің орысшасы-цветок

-Көбелектер не істей алады?

Балалар: Ұшады,қонады,қалықтайды

Ендеше балалар бүгінгі біздің орындайтын тапсырмамыз көбелектер.

Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек.

Тақтаға үлгі ілінеді.

Тапсырма:Әр столға 4 баладан бөліп отырғызылып, алдарына желім,түрлі-түсті қағаз,гуашь,қылқалам,сулық беріледі.

-Енді ақ қағаздан қолымыздың бейнесін сызып алып,оны қиып түрлі-түсті қағазға жапсырамыз.Жапсырған қолымыздың үстіне көбелектерімізді орналастырамыз. Көбелек екі бөліктен тұрады біріншісі көбелектің үлкен бейнесі,екіншісі кіші бейнесі. Алдымен көлемі жағынана үлкенін,сонан соң үстіне кіші көлемдісін жапсырамыз. Сол кезде бізде тақтадағыдай көбелек бейнесі шығады.

Сергіту сәті:

Көбелек-ау, көбелек,

Біздің гүлге қона кет.

Пікірлері сұралады.

Білуі керек: Жыл мезгілінің ерекшелігін.Көбелектің тіршілік ортасын.

Игеру қажет: — Көбелектер туралы қажетті білім алуды.

Істей алады: — Топта жұмыс істеуді.

-Ереже бойынша тапсырма орындауды:

-толық сөйлеммен немесе тапсырмаға байланысты дұрыс жауап беруді;

-Жетістіктеріне қуана білуді, сабақты талдауда алгоритм қолдануды;

Күтілетін нәтиже: жапсыру әдістерін үйренді,ұқыптылыққа,жұмыс жасауға дағдыландыру.

Нургалиева Гулнур СериковнаМДҰ «Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

Білім беру саласы:Шығармашылық, таным

Бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы: Күнбағыс

Мақсаты: Балаларға өсімдіктер және олардың пайдасы туралы түсінік беру; білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу.

Дамытушылық: Қиялын дамытып, қию іскерліктерін арттыру;

Көрнекілік: Күнбағыс суреті, дайын күнбағыс үлгісі.

Қажетті құралдар: Алдын ала сары түске боялған мақта дискілері, жасыл түсті қағаз, қарақұмық, гуашь, қатты картон, қарындаш, желім, қайшы, сулық.

Билингвалды компонент:Күнбағыс — подсолнух

Тәрбиеші:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге!

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз!

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Балалар күнбағыстың түсі қандай?

Балалар: сары түсті, жапырағы жасыл түсті болады.

Тәрбиеші:Балалар ортасындағы шекілдеуікті көрдіңдер ме?

Балалар:ия, көрдік

Тәрбиеші: Балалар біз күнбағыстан қандай өнім аламыз?

Балалар: Май, шекілдеуік және дәрі де жасауға болады.

Тәрбиеші: Балалар күнбағысты өзіміз жапсырсақ әдемі болар еді. Сендер қалай ойлайсыңдар?

Балалар: ия, әдемі болар еді

Тәрбиеші: Балалар енді орыс тілінде күнбағыс сөзін айтып көрейік.

Тәрбиеші: күнбағыс – подсолнух

Балалар: Күнбағыс-подсолнух

Тәрбиеші:балалар сақтық шараларын еске түсірейік.

Қайшыны төмен ұстау керек. Желімді ауызға салуға болмайды. Сүлгіні дұрыс пайдаланамыз.

Тәрбиеші: Ендеше балалар үлгіге қарап, күнбағысты жасаймыз.

1.Күнбағыстың сабағын желім арқылы жапсырамыз

2.Күнбағыстың жапырақтарын қиып сабағына желім арқылы жапсырамыз.

3 Күнбағыстың ортасын қатты картоннан қиып, сол картонға сарымен боялған мақта дискілерін бүктеу арқылы жапсырамыз.

Саусаққа арналған жаттығулар:

Жаңбыр жауды. (Үстелді тықырлатады)

Найзағай ойнайды.( Алақанды соғу)

Жел соқты. (Қолдарын бұлғайды)

Құмырсқа қашады. (Екі саусақпен құмырсқалардың қашқанын салады)

  1. Күнбағыстың дайын күлтесін сабағына желім арқылы жапсырамыз, күлтенің ортасындағы дөңгелекке қарақұмықты желім арқылы жапсырып, оны қара гуашьпен бояймыз.

Тәрбиеші: балалар өте жақсы. Ойын ойнағыларың келе ме ?

Балалар: ия

Ойын: Күнбағыс

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру.

Шарты: Ортаға 5- күнбағыстың бас киімі қойылады, музыка әуенімен 6 бала ортаға шығады, музыка тоқтағанда бас киімді киіп үлгеру керек. Үлгермеген бала ойыннан шығады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Табиғат құндылығының маңыздылығын.

Нургалиева Гулнур СериковнаМДҰ «Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

«Бал шактан –болашаққа»

«Адамның адамшылығы –ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы ұстаздан болады »деп ұлы ақын жазушымыз А.Құнанбаев айтып кеткендей,бала тәрбиесі тал бесіктен басталады. бірінші ата-ана тәрбиесі болса, екінші ұстаз тәрбиесі маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші маман болып жұмыс атқарғандығыма көп уақыт өтпесе де, мен өз мамандығымды өте жақсы көріп, бар ынтаммен балалармен жұмыс атқарып, олардың ата-аналарымен де бала тәрбиесінде көп ой бөлісемін. Балалар балабақша табалдырығын аттағанда ол өз балабақшасын екінші үйіндей сезінуге, өздерін еркін ұстауға,ойын ашық жеткізуіне жағдай жасауымыз керек.Сондай пәк, сондай таза мөлдіреген көздерінен олардың бар ойын ұғатындаймын. Әр баланың өзіндік орны, өзіне тән тәтті қылығы, еркелігі де болады.Бүлдіршіндеріміз ақылды, парасатты, тәрбиелі, өнегелі, үлгілі болуына бар мүмкіндікті жасау біздің басты парызымыз.Өйткені біздің алдымызда тәлім алып отырған әр бүлдіршін біздің еліміздің ертеңі. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан деп-Абай атамыз өз өлең жолдарында айтып кеткендей әр бала өз орнын тауып қаланып, өмірде тек алдарында кедергісіз кептелісі жоқ даңғыл жол жатса екен дейміз. Әр бүлдіршін Қазақстан Республикасының жігерлі,намысты,жалындаған жастары боларына нық сенімдімін. Балалық шағында біздің бүлдіршіндеріміз үлкендерден яғни ата-ана,ата-әже, ұстаз аналарынан қорған іздейді,тәлім-тәрбие алады.Болашақта сол жемісіміз біздің мақтан тұтар ұл қыздарымыз ,ел қорғайтын азаматтарымыз боларына еш шүбамыз жоқ.Бала таза парақ секілді емес пе, не жазсаң сол парақтан сол жазуды оқисың.Демек, балаға неғұрлым көп көңіл бөліп оның жан дүниесіне терең үңілсек соғұрлым баланың да ынтасын, қызығушылығын оятамыз. Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық қылған жалықпас Үйретуден балаға дегендей ұлы жазушымыз А. Құнанбаев мен де ұстаздықтан жалықпаймын өйткені мен сүйкімді бүлдіршіндердің тәрбие берер ұлағатты ұстазымын. Олармен балаша күлімсіреп, сол бүлдіршіндердің кішкене де болса қолымен жасаған қолөнерлерін тамашалау,сол балдарды білім нәріне баулу мен үшін бақыт десем артық болмас.Бүлдіршіндердің күлкісінің сыңғырын естігенде,бал-бұл жанған жүздерін көргенде барлық шаршағанымды ұмытып та кетемін. Біздің болашағымыз ол біздің балаларымыз.Болашақта биік белесті бағындырар ғалым, білікті дәрігерлер,ғылым иесі,ұшқыштар,ел қорғайтын азаматтар болып өссе екен деп тілейміз. «Адамды тәрбиелеу- демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» демекші келешек жас ұрпақтарымыздың қуанышты сәттері көп болғай.Ұстаз ұстаз емес өз шәкірті үшін күймесе,шәкірт шәкірт емес өз ұстазын сүймесе дегендей біз балаға бар жылуымызды сыйлап, бүлдіршіндеріміз сол жылу мен білім нәрін бойына сіңіріп қанат қағып алтын ұя мектебіне барса,онан соң өз өмірлік жолдарының дұрыс арнасын тауып жатса, ол ұстаздың еңбегінің ұшар биігі деп білу хақ Қазіргі ғылым мен технологияның дамыған заманында балаларға білім беру қарқыны өте жоғары деңгейде дамуда. Сонымен қатар балалардың білім алуға деген мүмкіндіктері де өте зор.Көптеген дамыған индустриялды елдерде технологиялар, құрал жабдықтар, кадрлар даярлауда,өндірістер ұйымдастыратын жаңа ілімдер қарқын алып келеді. Біз де сол көшпен ілгерілеп жаңа заманауи үрдіспен, білім беру, оқу мәселелерін сапа жақсаруын ұдайы бақылаудағы мемлекеттердің бірі де бірегейіміз, Біздің жас жеткіншектеріміздің сапалы білім алуына үлес қосып, жаңа стандартқа сай жаңартылған білім алып сол тәжірибемізді,алған білімімізді өз тәрбиеленушілерімізбен бөлісіп білім берудеміз.Салауатты өмір салтын ұстануды қолға ала отырып, білімді, саналыы , талғамы биік болашақ жас ұрпақ тәрбиелейміз деп сенемін.Біздің мақтанышымыз, ұлтымыздың мақтаныштары жас өскелең ұрпақ аман болсын.Бүлдіршіндердің ұйқысы тыныш, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын деп тілейміз.Жақсы сөз жарым ырыс дейді ата-бабаларымыз. Ел үмітін ақтайтын болашақ жас балғын тәттілеріміз көбейе берсін, еліміз өркендеп өсе берсін.

Нургалиева Гулнур СериковнаМДҰ «Аққайың» балабақшасының тәрбиешісі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Талдысай ауылы

«Ғажайып пішіндер»

Ашық сабақ

Мақсаты:Балаллардың танымдық қасиетін дамыту.Сөздік қорларын байыту.Геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып, атай білуге үйрету. Қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.Пішіндердің ұқсастығын салыстыра отырып ажырату.

Көрнекіліктер: Пішіндер, слайд тақта

Билингвалді компанент: геометриялық пішін-геометрическая фигура

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері: Күн күлемдеп әлемде

Күлімдейді әдемі

Төбемізде қарылғаш

Айналады әдемі.

Әніміз осындай.

Сәніміз осындай!

Іздену ұйымдастырушы:

1.Сұрақ-жауап

2.Ғарышқа саяхат

3.Пішіндер туралы жұмбақ жасыру

4.Пішіндер туралы тақпақ

5.Сергіту сәті «Көнілді күн»

6.Дидактикалық ойын «Жоқ пішінді табу»

Рефлексивті коррекциялаушы:

Оқу қызметін бағалау

Балаларды мадақтау

Күтілетін нәтиже:

Пішіндер, сандар туралы білі, оларды бір-бірінен ажырату.Пішіндер, сандар туралы түсініктерінің болуы. Пішіндерден әртүрлі заттар құрау.

«Ойыншықтар»

Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы білім беру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір-бірінен түсіне, көлеміне, жұмсақ-қаттысына карай ажырата білуге үйрету. Тазалыққа, әсемділікке, ойыншықты дұрыс ұстап ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар ( доптар, аю, ұшақ, машина, қуыршақ, үйлестірілмелі материалдар,ермексаз,тақтайша, сүлгі)

Билингвалды компанент: ойыншықтар-игрушки, доп-мяч

Мотивациялық қозғаушы: Шаттық шеңбер:

Біз ұандаймыз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз.

Ренжісуды білмейміз.

Қуанышпен күлеміз,

Достарменен жүреміз !

Ғажайып сәт: Қонаққа ойыншық аю келеді

Ойыншықтар туралы тақпақтар

Түсіне, көлеміне, жұмсақ-қаттысына қарай салыстырып-ажырату

Сергіту сәті: Қояным, қояным, орныңнан тұршы.

Айнаға қарашы, шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы, қолыңды жушы.

Орныңда секірші, секір, секір, секір.

Ойын «Кім жылдам?»

Допты жапсырудың әдіс-тәсілдерін көрсету (дайын пішінді допты желімдеп, жапсырамыз)

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: ойыншықтардың атын, түрін, түсін, көлемін ажыратады.

Игереді: ойыншық түрлері туралы білімдерін толықтырып, ойыншықтарды дұрыс қолдана білу дағдыларын.

Меңгереді: ойыншықтар және олардың неден жасалған туралы мәлеметтерді.

Ақтөбе обл.Әйтекеби ауданы. Талдысай селосы «Аққайың»МДҰ балабақшасының тәрбиешісі

Қатысушының аты- жөні Еңбек өтілі, санаты Байланыс деректері

( тел.,эл.поштасы)

1 Нургалиева Гулнур Сериковна 1 жыл 87717357439

akkain_balabaksha@mail.ru


Зайтуна Есмаганбетова


IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.