Жаңа сабақтар

Шаривхан Армангул

Жаңартылған білімге-жаңаша ұстаз, 4К моделі.

Жаңа қоғам жаңа заманға технологияның дамуына сәйкес қарқынды өзгерістерге ие болуда.Келер ұрпақтың қажеттіліктерін ескере отырып,алға нақты мақсаттарды қою арқылы ,балалардың жас ерекшеліктеріне сай дағдыларды дамыту әр педагогтың басты міндеті.Осы негізде өзгертулер енгізілген ,жаңартылған білім бағдарламасы өскелең ұрпақтың бойына креативтілікке,сыни ойлауға,тілдік қарым қатынасқа түсуге,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеуге бағытталады. Мектептерде 4К моделін жүзеге асыру бірнеше жылдан бері енгізіліп келеді. Тек қана кітаптан оқып,мұғалімді тыңдап қана қоймай ,жас ерекшеліктеріне сәйкес дағдыларды оқу мақсатына жету жолындағы іс-әрекет арқылы жетілдіру өте тиімді.Қазіргі кезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру, жаңа талаптар мен тәрбиешілердің компетенттілігін жоғарылату мақсатында педагогикалық шеберлік орталықтарының «Білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру » курстарын өткізуде.Осы курстағы оқу барысында жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру әдістемесімен таныстық.

Баланың балабақшадан ең алғашқы дағдыларды игеруі,сыни ойлауды,креативтілік пен коммуникативтілікті бойына сіңіруі,алдағы қадамдарына нақты қадам болмақ.Осы оқу курсынан алған тәжірибеммен бөлісу менің мақаламның түйінді мақсаты.Курс бағдарламасымен таныса және оқи отырып,жаңартылған білім мазмұнына сай жүйеге өтіп барлық балабақшаларға қажеттілік етеді.Біліктілікті көтеру курсында біздің ,яғни педагогтердің алдында балаларды жаңа заманға сай біліммен қамтамасыз ету,олардың жеке тұлға болып қалыптасуна ықпал ету мақсаты тұрғаныны түсіндім.

Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес,мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізу үшін перспективалық жоспар мен апталық циклограммаға өзгерістер енгізілген. Перспективалық жоспарлау үлгілік оқу бағдарламасы мен мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандартына сүйене отырып, осы құжаттардың жүйелілігін, бірізділік, біртұтастылығын қамту мақсатында өзгерістер енгізілді. Үлгілік оқу бағдарламасынан күтілетін нәтижесіне сәйкес балалардың жан-жақты дамуына, олардың жас және тұлғалық ерекшеліктеріне сай әлеуметтік және оқу дағдыларының дамуына бағытталған оқу мақсаты алынады. Оқу мақсаты өлшемді,нақты,белгілі бір уақытқа негізделген болуы керек.Себебі ҰОҚ қызметінің белгіленген уақытында нақты оқу мақсатына жету көзделеді.Жалпыға бірдей білім стандартынан баланың жас ерекшелігіне,мүмкіндігіне сәйкес дағдыны анықтаймыз,қалыптасатын дағдыға сәйкес бақылау индикаторын белгілейміз.Себебі,күтілетін нәтижеге жету жолында кедергілер болса,алдағы уақытта индикаторға тән дағды бойынша дамыту жұмысын жүргіземіз.Перспективалық жоспарға сүйене отырып,күтілетін нәтижеге жету үшін тиімді әдіс тәсілдерді жоспарға енгізу үшін циклограммаға өзгерістер енгізілді. Циклограммаға ҰОҚ барысында бағдарламаның түйінді идеялары жүзеге асыру үшін , тиімді оқыту әдіс-тәсілі ретінде ойын енгізілді.Ойын барысында бала іс-әрекетінің сипаты,басымдылықтары мен кемшіліктерін көрсету үшін бақылау жазамыз және баланың даму деңгейіне сай қажеттіліктерін,қызығушылықтарын анықтау және қолдау көрсету мақсатында саралап оқыту стратегиясын анықтаймыз.

Оқу мақсатына жетуге ықпал ететін жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламасының түйінді идеясы 4 к моделі,себебі бұл идея балалардың бойында ерте жасынан дамуы тиісті креативтілік,коммуникативтілік,сыни ойлау ,командада жұмыс жасау дағдылармен тығыз байланысты. Осы мақсатта педагогтердің білімі мен тәжірибесі маңызды рөл атқарады.4К моделін жүзеге асыра отырып қандай нәтижелерге жетуге болады деген сұраққа жауап іздеп көрсек.Бұл моделді ашып көрсетейік.

Кретивтілік-қоршаған ортаға қызығушылық,туындаған сұраққа өздігінен жауап іздеу,жаңа өз идеясының туындауы,ұсынылған ресурстарды таңдау арқылы кедергілерден өту.Бұл дағдыны игерген бала жаңа идеялар ойлап табу,стандарттан тыс шешімдерді сенімді қабылдау,өз көзқарасымен тұжырым жасай білуге икемді болу.

Сыни ойлау-іс-әрекетті бағалау,логикалық қабілетінің дамуы,жеке іс-тәсілдерінің,көзқарасының қалыптасуы,іс -әрект арасындағы себеп-салдарлық байланысты қабылдау ,жүзеге асыру,өз тұжырымдамасын түсіндіре алу,іс-әрект барысында мақсатқа жете алмаған жағдайда да өзінің жетістігін және жеңе алмаған кедергісін түсіне білу.Баланың негігі іс-әректі болып саналатын ойын барысында кедергілерге ұшырау баланың ой- өрісін,қиялын дамытуға арналған жақсы мүмкіндік.Мақсатқа жету жолында сәйкессіздіктерді табу сыни ойлаудың негізгі обьективі ретінде қарастыру өте тиімді.Әр-түрлі үстел үсті ойындарын бірлесе орындау,шығармашылық жұмысқа ресурстар ұсыну,жетелеуші сұрақтар қою сыни ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Берілген сұраққа жауап беруге мүмкіндік беру кезінде баланың ойы,қиялы дамиды,өзіндегі білім қорын жұмсайды.

Коммуникативтілік пен командада жұмыс істеу өзара тығыз байланысты. Іс-әрекет барысында өзара тілдік қарым -қатынасқа түсу,өз пікірін топпен келісе отырып,ортаға салу,топтың құндылықтарымен бөлісу,топ мүшелерін түсіне тыңдай білу,кедергіден топпен бірге өтуге әрекет ету.Қазіргі балаларымыздың жақын достары смартфондар,сүйікті ісі тәрбие мақсаты айқын емес ыммен сөйлесетін мультфильмдер болған кезде,балалар топтарын топтарға біріктіру таптырмайтын әдіс.Бұл балаларды өзара жағымды қарым -қатынас орнатуға ,бірлесе жұмыс істеуге ,өзара жанашырлыққа итермелейді.

Идеяның басты бағдары балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың жас ерекшеліктерін,дербестіктерін қамтитын «Бала үнін» ескерумен тығыз байланысты және баланың зияткерлік, әлеуметтік және тұлғалық дамуына бағытталған. Орындалуына байланысты ойындарды үш топқа бөліп қарастыруға болады: еркін,құрылымдалған,педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын.Ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде пайдалану балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.Ойын алдына нақты оқу мақсаты қойылып, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.Балалардың даму деңгейіне сай қажеттіліктерін,қызығушылықтарын анықтау және қолдау көрсету мақсатында саралап оқыту стратегиясын анықталады. Баланың білімі мен дағдыларын түсінуге,оқыту мен тәрбиелеудеегі келесі қадамдарды анықтауға мүмкіндік беретін бақылау түрлерін көрсетеміз.

Ұйымдастырылған оқу қызметіне ойындарды енгізу тиімділігі: бала ойын арқылы дамиды,ой-өрісі кеңейеді,коммуникативті-тілдік қарым-қатынасқа түседі. . Ойын түрлерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілі ретінде қолдану балалардың танымдық қызығушылықтарын арттырады.Ойын әрекеттері арқылы нақты күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.

Бала ойын арқылы бала өз ойын еркін жеткізе алады,дербестігін танытады,сыни ойлай алады,командада жұмыс істей алады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы ойын түрлері «Тұтас бала бейнесін» қалыптастырады.Ойымды аяқтай келе ,4К моделі жан-жақты,зияткерлікті бойына сіңірген,игі мақсатына жету жолында батыл қадамдар жасайтын ел болашағы,яғни балаларды тәрбиелеу мен оқытудың терең тамыры деген тұжырым жасадым.

Тақырыбы: «Мыстан кемпірдің тапсырмалары»

Кіріктірілген білім беру салалары: «Таным»3-4 жас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым матемаликалық ұғымдарды қалыптастыру»

Мақсаты:

1.Білімділігі:Балалардың танымдық қабілетін арттыру,қоршаған ортамен байланысты таныс заттарды көлеміне (үлкен-кішкентай)және санына қарай(бір- көп),түсіне ,формасына қарай салыстыра білуді қалыптастыру.

2.Дамытушылығы: бір және көп ұғымын бекітіп, дамыту,геометриялық фигуралар ұғымын бекіту,олардың артықшылықтарын табуды үйрету.

3.Тәрбиелігі: дәптер жұмысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, орындату.Қамқорлыққа үйрету.

Көрнекілері мен құралдар: Видеохабарлама,көрнекілік суреттер,алмалы салмалы заттар,геометриялық пішіндер.Ойыншықтар
Билингвалдық компонент: бір-один,көп-много,үлкен-большой,кішкентай-маленький,средний-орташа,жуан-широкий,жіңішке-узкий.1-10 ағылшын тілінде санау.

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Зал екі бөлікке бөлінген:Орман және үстел-орындықтар.

Әуен ойналады . Кіру.

1 этап Мотивациялық-қозғаушылық:

Балалар топқа кіреді.

Тәрбиеші:

-Балалар қараңдаршы бізде қаншама қонақтар келіпті. Келіңдер олармен амандасайық.

Амандасу үш тілде.

-Ал балалар шеңберге тұра қалайық,шаттық шеңбер

.Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға.

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін,

«Қайырлы күн!» — тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» деп кіремін.

-Балалар,Батила апайды көрмедіңдер ме;жаңа ғана осында болып еді ғой.Ой,маған видео хабарлама келген сияқты.Тыңдап көрейікші

ВИДЕО 1

Мыстан кемпірден хат.

-Сәлеметсіңдер ме балалар !Сендер Батила апайларыңды іздеп жатқан боларсыңдар.Ол болса менің жанымда .Батила апайды құтқарып алғыларың келе ме?Олай болса менің сендерге тапсырмаларым бар соны орындаңдар.Менің тапсырмаларым орманда ағаштардың астында жасырылған.

  • Балалар Батила апайға көмектесеміз бе?.
  • Иә (хормен).

-Біздің Батила апайды құтқаруға көмектесуіміз керек.Сондықтан орманға барайық. (Ертегілер әні)Алдымызда үш ағаш бар екен.Қандай ағаштар бар екенін айтып жіберейікші.Оған баратын екі жол бар екен.Жуан және жіңішке.Қай жолмен барамыз.

-Кішкентай-маленький ,Орташа-средний,үлкен-большой.

Ал онда тапсырмаларды алайық.

  • Ал тапсырмаларды орындауға сендердің ақылдылықтарың,мықтылықтарың,мұқияттылықтарың көмектеседі.Егер барлық тапсырмаларды орындасақ Батила апай бізге қайтып келеді .Онда іске сәт балалар.

2 этап. Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Тәрбиеші:

-Біздің Батила апайды құтқаруға көмектесуіміз керек.Сондықтан орманға барайық.Алдымызда үш ағаш бар екен.Қандай ағаштар бар екенін айтып жіберейікші.Оған баратын екі жол бар екен.Жуан және жіңішке.Қай жолмен барамыз.

-Кішкентай-маленький ,Орташа-средний,үлкен-большой.

Ал онда тапсырмаларды алайық.

  • Ал тапсырмаларды орындауға сендердің ақылдылықтарың,мықтылықтарың,мұқияттылықтарың көмектеседі.Егер барлық тапсырмаларды орындасақ Батила апай бізге қайтып келеді .Онда іске сәт балалар.Орнымызға отыра қояйық.

1 тапсырма.

  • Қоянда неше құлақ бар?

-Балада неше аяқ бар?

-Аспанда неше күн бар?

-Аспанда неше жұлдыз бар?

-Бағдаршамда неше көз бар?

-Итте неше аяқ бар?

-Бізде неше саусақ бар?

Тәрбиеші:

Бізде балалар келесі тапсырмамаыз лулия сақинасы арқылы орындаймыз.Сақинадаға төрт затты сипаттап бере қойыңдаршы.

  • Ал келесі тапсырма заттардың орналасқан жерін көрсету.Ал шыға қойыңдар балалар.

3 тапсырма балалар

Тәрбиеші: Дәптерлеріңе қарай қойыңдар.Онда үш қоян берілген және үш түрлісәбіз берілген.Әр қоянға өзіне сай сәбізді беру керек (балалар орындайды)

Балалар шаршаған боларсыңдар.Ортаға келеқойыңдар сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

«Бала,бала,балапан»әні

4 тапсырма

«Өз орныңды тап»

-Балалар келесі тапсырма «Өз орныңды тап»деп аталады.Бұл тапсырманы орындау үшін мына қораптан фигураларды таңдап алып.1,2,3 деп санағанда ортадағы өз үйлеріңді табуларың керек.

5 тапсырма

-Үш топқа бөлініп геометриялық фигуралардан көрпеше жасайық.

-Өте тамаша балалар .Мұны біз Мыстан кемпірге пошта жәшігіне салып жіберейік.

Рефлексивті-түзетушілік

  • Міне балалар бүгін біз барлық тапсырмаларды орындадық…
  • Қайда бардық?

  • Тапсырмаларды көп ағаштан алдық па әлде аз ағаштан ба?

  • Қандай жолдар болды орманға?

  • Ал біз қай жолмен бардық?

  • Қандай геометриялық пішіндермен жұмыс жасадық?

  • -Сендерге тапсырманы орындау қиын болды ма?

    -Балалар ,маған тағы хабарлама келіп жатыр.Қане ашып оқиық бірге!

    ВИДЕО 2

    Рахмет ,балалар,мен сендердің көрпешелеріңді алдым.Үлкен рахмет.Және менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар.Батила апайларыңды топқа қайтардым.Сау болыңдар,

    • Қандай жақсы болды.Бәріміз бірге барлық тапсырманы орындауға болады екен.Біз топта барлығымыз кімбіз доспыз!

    -Батила апай келуі.

    -Балапандарым менің,Қандай ақылды едіңдер?Мені Мыстан кемпірден құтқардыңдар.Сендерге үлкен рахмет .Ал мен сендерге алма әкелдім.Келіңдер топқа барып жейік.

    Күтілетін нәтиже:

    Нені білу керек: заттардың саны бойынша біреу және көп болатындығы туралы білу

    Қандай түсініктерді игерді: «біреу» және «көп» қарапайым математикалық ұғымы туралы білімдері
    Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: сұраққа нақты жауап беру, салыстыру жұмыстарын іс

    1 тапсырма.

    • Қоянда неше құлақ бар?

    -Балада неше аяқ бар?

    -Аспанда неше күн бар?

    -Аспанда неше жұлдыз бар?

    -Бағдаршамда неше көз бар?

    -Итте неше аяқ бар?

    -Бізде неше саусақ бар?

    2 Бізде балалар келесі тапсырмамаыз лулия сақинасы арқылы орындаймыз.Сақинадаға төрт затты сипаттап бере қойыңдаршы.

    • Ал келесі тапсырма заттардың орналасқан жерін көрсету.Ал шыға қойыңдар балалар.

    3 тапсырма балалар

    Тәрбиеші: Дәптерлеріңе қарай қойыңдар.Онда үш қоян берілген және үш түрлісәбіз берілген.Әр қоянға өзіне сай сәбізді беру керек (балалар орындайды)

    4 тапсырма

    «Өз орныңды тап»

    5 тапсырма

    МЕДЛЕННАЯ МУЗЫКА

    Үш топқа бөлініп геометриялық фигуралардан көрпеше жасайық.


    Зайтуна Есмаганбетова


    IЗГIЛIК НАГИЕВ. Редактор

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.