NIS

НЗМ тәжірибесін тарату

НЗМ тәжірибесін тарату семинарына жалпы білім беретін мектептердің директор орынбасарлары жиналды.

Алматы қаласы Науырызбай, Алмалы, Әуезов, Түрксіб, Бостандық және Алатау аудандарының жалпы білім беретін мектептері директорының оқу, тәрбие, ғылыми жұмыстар жөніндегі 45 орынбасары 19 ақпанда Алматы қ. ХБНЗ НЗМ-де өткен НЗМ тәжірибесін тарату бойынша өткен бір күндік семинарға қатысты. Білім берудің жаңартылған мазмұнын жеткізуге бағытталған семинарға Алматы облысы бойынша ПШО менеджерлер-әдіскерлері мен жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты. Барлығы 126 ұстаз дәріс алды.

Қатысушылар «Мұғалімдер мен оқушылардың рефлексивті жазбаларын дамыту» семинар-практикумдарын тыңдады, математика, физика, химия, биология, информатика, тарих және тілдер бойынша ашық сабақтарға қатысты, «Бейіндік пәндерді оқытуда CLIL әдістемесін қолданудың ерекшеліктері» және «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында саралап оқыту» шеберлік-сыныптарына қатысты. Тарих пәнінен ашық сабақ «Action Research»зерттеу әдісі бойынша өтті. Ұстаздар НЗМ мұғалімдерінің TEDx форматында «Оқытуды жақсарту бойынша ұсынылатын 5 идея» тақырыбындағы дайындаған сөздерін ерекше қызығушылықпен тыңдады. Осы динамикалық форматта Зияткерлік мектептегі тәрбиелік технологияларға арналған семинардың екінші бөлімі жалғасты.

Осы семинардың ерекшелігі оның жұмысына алғаш рет жалпы білім беретін мектептердің кәсіптік бағдар беру мамандары қатысты. Бұл жұмыс көптеген мектептер үшін жаңа және арнайы дағдыларды меңгеруді талап ететіні құпия емес. Кәсіптік бағдар орта мектеп оқушыларына жүйелі және көп сатылы көмек көрсетеді және ол оқушылардың қалыптасуында қол жетімді болуы тиіс. Қонақтар Назарбаев Зияткерлік мектебінің кәсіптік бағдар беру құрылымымен жақын танысты, жоғары оқу орындарымен байланыс қалай жолға қойылатынын, кәсіптік бағдар беру тесттері қалай жүргізіліп жатқанын білді.

Мұғалімдер семинардан кейін ұйымдастырушыларға алғыс айта отырып, өздері үшін көп жаңа мәлімет алғандарын, мектептерінің оқыту жүйесіне енгізуге болатын, ұстаздардың тәжірибелерін байытатын мазмүнды дүние алғандарын бір ауыздай айтып өтті.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.