Жаңа сабақтар

Жетпісова Гүлмира Ақшабайқызы

Жетпісова Гүлмира Ақшабайқызы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

№164 жалпы орта мектеп жанындағы

«Мейіржан» шағын орталығы әдіскері

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тобы: «Айгөлек»

Уақыты:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы: «Паровоз»

Мақсаты:

  • Балалардың паровоз туралы білімдерін кеңейтіп темір жолда журетін көлік екенін түсіндіру;
  • Шаршы, дөңгелек,үшбұрыш төртбұрыш пішіндерін желіммен жапсырып үйрету;
  • Ұсақ заттардан, күріштен жапсырып үйрету.
  • Шығармашылық ойды дамыту;
  • Тілдерін дамыту.
  • Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әнұран

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы.

Көп танысты көреміз

Бәрінеде ізетпен

Біздер салем береміз

Бүгінгі ашық оқу қызметінің тақырыбы «Паровоз»

Пойыздың даусы естіледі.

Ой қозғау мақсатында қойылатын сұрақ:

  • Балалар мынау ненің даусы екен?
  • Жарайсыңдар балалар. Балалар пойыз – көлік түрлерінің бірі екен.

Ол темір жолмен жүреді. Пойызда паровоз бен вагондар бар екен. Паровоздың арнайы жүргізушісі болады. Паровоз жүргізушісін – машинист деп атайды екен. Балалар пойыз жүк таситын және жолаушылар таситын екі түрі болады екен. Жүк таситын пойыздар коптеген астықтар: бидай, күріштерді және көмір, түрлі құрылысқа қажетті заттарды тасыса, жолаушыларға арналған пойыз адамдарды тасиды екен. Яғни біз алыс жерлерге қыдырғанда пойызға мінеді екенбіз. Балалар пойыз жолдың бойында жүруге, ойнауға болмайды. Ол өте қауіпті екен.

Балалар мына суретке назар аударайық.

Тіл дамыту мақсатында сұрақтар.

-Паровоз вагоннын алдында кетіп бара ма, артында ма?

  • Паравозды кім айдап бара жатыр екен?
  • Пойызда кімдер бар екен?

  • Олар қайда бара жатыр?

Сендерде осылай саяхатқа шыққыларың келе ме?

Ендеше біз өзімізге түрлі пішіндерден және күріштен паровозды жапсырып дайындап алайық.

Сергіту сәті:

Саусақтар мен буындар

Шаршап қалды дем алсын

1,2,3

Саусақ жина күш

1,2,3

Буын жина күш

-Балалар сендер паровоз дайындау үшін қандай пішін пайдаландындар

-Қанекей пішіндерді атап беріңдерші?

-Паровоз дайындау үшін қандай түстерді пайдаландыңдар?

Балалар паровозымыз дайын болды. Енді бізге жайғасып отыратын вагондар керек екен.

Ол үшін бізге мынадай сиқырлы таяқша көмектеседі.

Жарайсыңдар балалар. Енді біздің пойызымызда неше вагон бар екен? Үш тілде санайықшы.

-Жарайсыңдар балалар. Пойызды үш тілде айтып үйренейік.

Пойыз- поезд –train

Балалар бүгінгі ашық оқу қызметі ұнады ма?

Балалар мен сендерді бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін, әрдайым күлімдеп, жайдары болыңдар деген мақсатта көңілді сағат сыйлаймын.

-Саяхатқа дайынсыңдарма балалар.

Көңілді саяхат тілеймін. Хош сау болыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Паровоз көлік түрлерінің бірі екенін

Нені игереді:Пойыздың паровозбен вагоннан тұратынын.

Нені біледі:Темір жол көлігі екенін

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.