Жаңа сабақтар

Басқару аудандық деңгейден облыстық деңгейге берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім саласындағы өңірлік басқару жүйесі мен қаржыландыру механизмінің тиімсіздігіне ерекше тоқталып өткен болатын. Білім саласын басқарудың жаңа жүйесіне көшу нақты мақсатты көздейтін әрі толықтық пен бірлікке негізделген инновациялық менеджментті енгізуге мүмкіндік бермек. Ұсынылған басқару тетігі әрбір деңгейде сапалы және тиімді орындалған жағдайда, қазақстандық білім саласы жаңа сапалық деңгейге көтерілмек.

«Мемлекет басшысы білім саласын басқарудағы теңсіздікті жою бойынша тапсырма берген болатын. Бұл ретте сәйкесінше шешімдер қабылданып, Заңға өзгерістер енгізілді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап нақты шаралар іске асырылуда. Өз кезегінде мектептер мен балабақшалар аудандық білім бөлімдеріне бағынышты. Бұрын-соңды аудандық білім бөлімдері облыстық білім басқармаларына емес, жергілікті әкімдікке ғана бағынатын. Ал, облыстық білім басқармалары болса, арнайы мектептер мен колледжердің ғана жұмысын реттейді. Өз еңбек жолымды ауылдық жерден бастап, облыстық білім басқармасында жұмыс істегендіктен, аудандық білім бөлімдерімен жұмыс істеу қаншалықты күрделі екендігін білемін. Өйткені аудандық білім бөлімдерінің басшылары «біздің бюджетіміз бөлек, әкімнен ондай тапсырма келіп түскен жоқ» деп айтатын еді. Бұл мемлекеттік саясатты біркелкі жүзеге асыруда айтарлықтай қиындықтар тудыратын. Бүгінде бұл жүйеге айтарлықтай өзгертулер енгізіліп, 1 қаңтардан бастап аудандық білім бөлімдері облыстық білім басқармаларына бағынышты болып отыр. Ал, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет аудандық деңгейден облыстық деңгейге беріліп, туындаған барлық мәселелерді облыстық бюджет есебінен қамту мүмкін болады», — деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов «Қазақстан» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.