Жаңа сабақтар

Оспанова Эльмира Сәндібайқызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «№2 мектеп-гимназиясы» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Эльмира Сәндібайқызы

Пән: математика Мектеп: «№2 мектеп-гимназиясы» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Э.С

Күні: Қатысқандар саны:22

Сынып: 1 «Ә» Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Жиындарды салыстыру. Тең жиындар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.4.2. Берілген заттардың сипаты бойынша жиын құру, жұп құру арқылы жиындарды салыстыру.

1.2.4.3. Тең жиындар туралы түсінігі болу.

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: берілген заттардың сипаты бойынша жиын құрады.

Көптеген оқушылар: заттардың сипаты бойынша жиын құра алады.

Кейбір оқушылар: жиындарды салыстыруда теңестіру тәсілін дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері 1. Жиындарды салыстыруды үйренеді

2. Тең жиындар туралы түсінік қалыптасады.

Тілдік мақсаттар Негізгі сөздер мен тіркестер:

Тең жиындар

Берілген заттардан қандай жиын құруға болады?

«Жиындар тең бе?»

Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыс кезінде ынтымақтастыққа, бір-бірінің сөзін тыңдауға дағдыланады.

Оқушылар ойын ұжымда ашық айта алады (ашықтық)

Пәнаралық байланыс Заттарды бейнелейді (жаратылыстану, сауат ашу)
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім Жиын ұғымын, жиын элементтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстары
Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру:

Ширату жаттығуы:

(Ұ) Берілген кеспе қағаздардағы геометриялық фигуралардың қасиеттеріне қарай 4 топқа бөліп отыру.

«Артығын алып таста» әдісі бойынша:

(Сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын туғызу)

(Т) Парта үстіне қағаз қиындыларына жазылған сөздерді оқып, затты қолданылуына байланысты топтастыру.

Жарайсыңдар! (үш шапалақ)

Сабақ мақсатын анықтау:

Біз бүгін заттардың сипаты бойынша жиындар тобын құрып, саластырамыз. Тең жиындар туралы түсінік аламыз.

(сырға, білезік, сақина, алқа, шашбау, тоқаш, бауырсақ, бөлке, самса)
Сабақтың ортасы

30 минут

(ҰЖ) «Ойлан тап» әдісі

(Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында)

МК :Бейнеролик «Жиындар мен олардың элементтерінің мысалдары» көрсету

Берілген заттардан қандай жиын құрауға болады?

Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастырып, жиын бөліп ал.

Әр жиындағы элементтерді сана. Жауаптарын тыңдау.

(ҚБ) : Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастырады.

Ынталандыру «Бас бармақ»

БК-1 Жиындарды салыстыруды үйренеді

1. Жиындарды салыстыруды үйренеді

(Ж.Ж) «Сана және салыстыру»

(жаңа түсінігін бақылау мақсатында)

Суреттер жұбын салыстыра санайды.

Жиындар тең бе?

Дескриптор:

  • Заттың саны элементтер санымен тең емес екенін түсінеді.
  • Тең жиындар деп элементтері де, элементтерінің саны да тең жиынды айтады.
  • Тең жиындар туралы ұғым қалыптасады.

(Ж. Ж) «Ізден. Ойлан» әдісі (жаңа ұғымды меңгергендігін тексеру мақсатында)

Оқушылар суреттерді салыстырады.

Жауабы: 1-жиындар тең емес

2-жиындар тең

Дескриптор:

  • Тең емес жиындарды табады.
  • Тең жиындарды біледі.

Басқа топ мүшелері бағалайды. Өзін-өзі бағалау

ДЖ: «Ойлан Салыстыр» әдісі

(жаңа білімді пысықтау мақсатында)

1. Жиындарды салыстыр. Олардың арасында ≠,= таңбаларын қой.

2. Артық элементтерді сызып, жиындарды теңестір.

Дескриптор:

  • Жиындарды салыстырып арасына ≠,= таңбаларын қояды.
  • Артық элементтерін сызып, жиындарды теңестіреді.

БК- 2. Тең жиындар туралы түсінік қалыптасады.

Сергіту сәті.

Кітаппен жұмыс:

(Т.Ж)»Ойлан, бірік, бөліс!» әдіс

(Жаңа білімді қорыту мақсатында)

Суреттердегі заттарды қарап салыстыру және теңестіру.

(ҚБ):

1-креслоны алып тастауға болады.

2- креслоның суретін алып қосуға болады.

Дескриптор:

— Жиындар салыстырады.

— Артық элементтерді табады.

— Жиындарды теңестіреді.

Шешімін тез әрі дұрыс тапқан топты смайлик арқылы бағалау.

(ҚБ): суреттерді салыстырып, теңестіре алады.

(Т. Ж)»Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі (саралау мақсатында)

Қоңыздарды салыстыру.

Қоңыздардың түрін, санына, түсіне назар аудару.

Дескриптор:

Заттарды санауды біледі.

Жаңа терминдерді қолдана отырып сөйлей алады.

1. Қабілетті оқушыларға проблемалық ізденіс әдісін қолданамын — пайымдау, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс жасайды.

2. Төмен деңгейлі оқушылардың жауабын сұрақтар арқылы саралаймын.

Қорытынды сараланады.

ДЖ: «Ойлан-тап» тәсілі (Өз бетінші жұмыс жасау мүмкіндігін қалыптастыру)

1. Артығын алып тастап, теңестір.

2. Тең жиындарды қос.

Дескриптор:

  • Заттарды салыстыра алады.
  • Теңестіру тәсілін таба біледі.
  • Тең жиындарды қосады.
https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/logika-ehlementteri/lesson/zhiyndar-zhiyndarha-qoldanylatyn-amaldar

Суреттер (кесе, тостаған, ожау, қазан, торсық, ағаш қасық, тымақ, шапан, бөрік, сәукеле, мәсі)

Суреттер (боялмаған және боялған асықтар)

Математика оқулығы

2-бөлім

Алматы «Атамұра»

2016

Математика 2-бөлім жұмыс дәптері

107 –бет

«Мектеп» баспасы,2016

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Сиқырлы микрофон» әдісі.

Бүгінгі сабақта болған көңіл — күйді микрофонмен бет — әлпеті салынған суреттер таңдау арқылы бағалау (смайликтер)

өте жақсы жақсы орташа

Саралау Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Оқушылардың қарқыны бойынша тапсырмалар саралап берілді. Жиындарды салыстыруда теңестіру тәсілін дәлелдей алады. «Орындап көр» тапсырмасы; Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастыра біледі, жиын бөліп ала алады. «Тап және салыстыр» тапсырмасы;

— Саралауда ерекше қабілетті оқушыларға өз бетінше пайымдау, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі кезінде өз бетінше пайымдауда көмек қажет еткен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек болды. Қорытынды сараланды.

2. Төмен деңгейлі оқушылардың жауабын сұрақтар арқылы саралаймын.

Оқушылардың білімін бағалауда үнемі ынталандыру сөздерін және «Басбармақ», «Үш шапалақ», «Сиқырлы микрофон» бағалау әдістерін пайдаланып отырамын. Партада түзу, дұрыс отыру;

Сергіту сәті. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуын орындау барысында қарастырамын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да,оқу туралы да ойланыңыз ?)

1. « Ойлан тап»

2. «Сана және салыстыр», «Ойлан, жұптас, бағала»

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз ?)

Саралап оқу: Оқушылардың қарқыны бойынша тапсырмалар саралап берілді. Жиындарды салыстыруда теңестіру тәсілін дәлелдей алады. «Орындап көр» тапсырмасы; Жиындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастыра біледі, жиын бөліп ала алады. «Тап және салыстыр» тапсырмасы;

Саралауда ерекше қабілетті оқушыларға өз бетінше пайымдау, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі кезінде өз бетінше пайымдауда көмек қажет еткен оқушыларға мұғалім тарапынан көмек болды. Қорытынды сараланды. Төмен деңгейлі оқушылардың жауабын сұрақтар арқылы саралаймын.

Белсенді оқу: Жиындарды салыстыру дағдысы қалыптасты, жинындарды сипаттап, ортақ белгісіне қарай топтастыра білді.

Сабақтың барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік , қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет ?

Сабақ барысында жиындарды салыстыру, тең жиындар туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында « Ойлан тап», «Сана және салыстыр», «Ойлан, жұптас, бағала» әдістерін қолдану арқылы жиындарды салыстыру, тең жиын ұғымын меңгерді. Осы әдістерді қолдану арқылы сабақ мақсатына жетуіне тиімді екенін түсіндім. Әріптестерімнің кері байланысы нәтижесінде топтық, жұптық жұмыстардың орнын ауыстырдым. Алдағы уақытта тапсырмаға сәйкес қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыруды жоспарладым.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.