Жаңа сабақтар

Дүйісова Анар Бақытқызы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

«№2 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Дүйісова Анар Бақытқызы

Пән: Сауат ашу

Сынып: 1

«№ 2 мектеп-гимназиясы» КММ Мұғалімі: Дүйісова Анар Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы «Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдаламасына сілтеме) 1.2.9.1. Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2. Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу) қолдану

1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаты Барлық оқушы: Әріпті танып ,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазып, буындап оқиды.

Көптеген оқушы: . Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды.

Кейбір оқушы: жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи алады.

Бағалау критерийлері 1. Әріпті таниды,ажыратады,дыбыспен сәйкестендіреді.

2. Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды) қолданады.

3. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Құндылықтарды дарыту Топтық жұмыс кезінде оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.Өмір бойы білім алуға жетелеу.
Пәнаралық байланыс Қалыптастырушы бағалау кезінде сызба арқылы буындарды санауды математика пәнімен
АКТ қолдану дағдылары https://www.youtube.com/watch?v=aAb3CzkjftU,

https://www.youtube.com/watch?v=03oz0SttZHM&list=PLoFEAxxLvBLYmDjcyjjL7DYuyDa_yLMfY&index=31&t=0s

Бастапқы білім Өткен әріптерді таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, дауыссыз дыбыс екенін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңі Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті Ресурстар
Сабақтың басы

5-минут

Сабақтың ортасы

30 минут

Психологиялық ахуал:

Біз күштіміз,

Біз мықтымыз.

Биік шыңға шығамыз,

Білімді оқушы боламыз.

Ал балалар ендеше ойын ойнайық.

Ойын « Шындық па, жалған ба?»

Айтқан тұжырымдарға «Шындық», «Жалған» деп жауап береді.

  • Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. (шындық)
  • Бақа үш буынды (жалған)
  • Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді. (шындық)
  • П – үнді дауыссыз дыбыс. (жалған)
  • Ы – жуан дауысты дыбыс.(шындық)
  • Балық суда жүзеді. (шындық)
  • Дыбыстарды біз жазамыз, көреміз.(жалған)
  • Әріптерді біз жазамыз, көреміз.(шындық)

Топқа бөлу. Ақ, көк, қызыл түсті хат арқылы топқа бөлемін.

1-топ – «Алғыс хат»

2-топ – «Ашық хат»

3-топ – «Жеделхат»

БК1: Әріпті таниды,ажыратады,дыбыспен сәйкестендіреді.

Жұмбақ

Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Жүрмейтұғын жолы жоқ. (хат)

(М) «Дауыстап оқу» әдісі

асхана, дәріхана, хат сөздерін хормен дауыстап оқиды, буынға бөледі.

Дескриптор:

-Оқушылар сөздерді оқиды,буынға бөледі.

(М.С) «Білейік» әдісі

МК: «Сиқырлы әріптер» бейне баян тамашалау

Х- дыбысымен танысады.

Х дыбысы қандай дыбыс?

Х – дауыссыз, қатаң дыбыс.

Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

х әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді (мысалдарды оқушыларға келтірту).

  • Хат, хабар – басында
  • Асхана, дәріхана – ортасында
  • Тарих, шах — соңында

Х — дауыссыз дыбыс, қатаң

А — дауысты дыбыс, жуан

Т — дауыссыз дыбыс, қатаң,

Дескриптор:

  1. Х дыбысын білді
  2. Х дыбысын сөздің басында, ортасында, соңында келетін білді.
  3. «Хат» сөзіне дыбыстық талдау жасай алады.

Бағалау: «Бас бармақ» тәсілі

Тыңдалым

БК2: Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды) қолданады

ТЖ: «Шеңбер бойымен» әдісі бойынша әр топ сөздерді жалғастырып оқиды
Оқы.

Дескриптор:
1. Сөзді буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды.
2. «Хана» сөзіне түрлі қосымшалар жалғап, жаңа сөздерді оқиды

ҚБ «жұлдызшалар»

ҰЖ: «Ойлан -жұптас- талқыла» әдісі

Суреттен Х әрпіне ұқсас заттарды ажыратады. Х әрпінен келетін сөздер ойлайды.

Дескриптор:

1. Суретте не бейнеленгенін табады.

2. Сөздерінің буын санын ажырата алады.

3. «х» әрпі бар сөздерді айта алады.

Саралау: Адасқан әріптерді орнына қою арқылы сөздер құрайды.

1. т, а, м,х,и (Хамит)

2. с,а,т,н,а,а (Астана)
3. р, а, б, а, х (Хабар)

Бағалау: «Үш шапалақ!»

БК2:Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды) қолданады.

ТЖ:»Біз зерттеушіміз»әдісі

Әр топөлеңді мәнерлеп оқиды. Х дыбысы бар сөздерді табады, буынға бөледі. Х әрпі бар сөзге дыбыстық талдау жасайды.

1-топ

Хат жазуды балапан,

Үйреніпті жаңадан.

Хабар алып қуанды,

Дос таптым деп қаладан.

2-топ

Х дегенім халуа,

Хош иісі жоқ жаңылма.

Халуаны таны да,

Хамиттің қой алдына,-

3-топ

Хат, хабар -басында

Асхана,дәріхана — ортасында

Тарих, шах — соңында

Дескриптор :

1. Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

2.» Х» дыбысы бар сөздерді табады.

3. Сөздерді буынға бөле алады.

4. Дыбыстық талдау жасайды.

Бағалау: «Бас бармақ» тәсілі

Сергіту сәті

Әуен арқылы қимылмен жасайды.

Ха\ха\ха\ха\

Хо\хо\хо\хо\

Хи\хи\хи\хи\

Халәләкуләйләй.

Шаттық шеңбері

https://www.youtube.com/watch?v=03oz0SttZHM&list=PLoFEAxxLvBLYmDjcyjjL7DYuyDa_yLMfY&index=31&t=0s

Сауат ашу оқулығы

1-бөлім

Алматы «Атамұра»

2016,96-бет

Үлестірмелі қағаз

«ХА» жаттығуы

Сабақтың соңы

5 мин

Жазылым

БК3:Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтайды, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Ө.Ж: «Көзкем де,әдемі жаз» әдісі

Ауада жазады. Қимылмен жіппен «Х» дыбысын көрсетеді.

Жұмыс дәптерімен жұмыс:

  1. Әріп элементтерін дұрыс,көркем жазу
  2. Жазу дәптеріндегі -бетіндегі тапсырманы орындату

Дескриптор:

-ауада жазады

-әр топ жіптен, қимылмен «Х» әрпін бейнелейді.

-дәптерге көркем, сауатты жазады.

Бағалау — балалар бір-біріне дәптерлерін беріп тексереді.

ТЖ: «Кім шапшаң?» әдісіКөп нүктенің орнына қ немесе х әрпін қой. 1 сөзге дыбыстық талдау жаса. Ша… мат, ас… ана, … алам, … абар, … алық, …асық.

Т. Кітап

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.