Жаңа сабақтар

Маукимов Руслан Саулебаевич

Күні: 10.02.2020ж. Коучинг сессия

Өткізген: ЛА155/14 кешкі ауысымдық мектеп

Коуч Маукимов Руслан Саулебаевич

Коучинг тақырыбы «Жаңа бағдарламаның Қазақстан тарихы сабақтарындағы маңызы».

Критералды бағалаудың ерекшеліктері

Мақсаты Жаңа бағдарламаның мақсаты мен маңызын түсіну және білу.Критералды бағалауды сабақта қолдану.
Күтілетін нәтиже
  • Коучинг мақсаты мен маңызын түсінеді;
  • Топта жұмыс жасайды;
  • Жаңа бағдарламаның мақсатын түсінді;
  • Критериалды бағалаудың түрлерімен танысты,білді.
Дереккөздер 2017ж.шыққан БҒМ және НЗМ-нің жаңартылған бағдарлама нұсқалары. Топтық жұмыс туралы нұсқаулық» қосымшасы, Үлестірме материалдар
Ресурстар Маркерлер, постерлер, үлестірме материал «4_L1W1D2_Коучинг туралы, Топтық жұмыс туралы нұсқаулық» мәтіні, стикерлер презентация
Коучинг сессияның барысы уақыты Коуч пен коучингке қатысушы мұғалімдердің іс-әрекеті
1.Тренинг «Капитан»өткізу топқа бөліну 5 мин Коуч тренинг тәртібін таныстырады, қатысушы мұғалімдер топқа бөлінеді.
2.Топтың ережесін шығару 5 мин Қатысушылар топта ережелерді талқылап айтады, коуч тақтаға жазып тұрады
3.Коучинг тақырыбын айту. Мақсатын, күтілетін нәтижелерді айқындау. 5 мин Коуч слайд-презентация арқылы мақсатымен, күтілетін нәтижелерімен таныстырады. Қатысушылар мұқият тыңдайды.
4.« Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен ұлы ойшыл ақын Ж.Аймауытов.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың қзық педагогикалық тәсілдерін меңгермей,сауатты ,жан-жақты дамыған маман болу мүмкін емес.Жаңа тәсілдерді меңгеру мұғалімдердің интеллектуалдық,кәсіптік адамгершілік, рухани,адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Неліктен жаңартылған білім беру мазмұны өзгерді?

Бағдарламаны өзгерту қажетпе еді?

Неліктен критерий,дескриптор жасау керек?

Неліктен анализ,синтез жасау қажет?

5.Мотивацияны тудыруға байланысты видео үзінді көру.Оны талдау,ортаға өз ойларын айту.

Терминдер: Қалыптастырушы бағалау; Жиынтық бағалау; Дескриптор

35 мин Коуч үлестірме материалын таратады.

Берілген сұрақтарды топта талқылайды,постерге белгілеп ойларын ортаға салып қорғайды.

Коуч топтың 1, 2, 3-мүшелерін белгілейді, қатысушылар жеке тапсырманы орындайды.
Қатысушылар топта талқылау жүргізеді. Коуч сырттай бақылайды. Әр топ кезекпен постерлерін қорғайды.
Қатысушылар өздерінің тапсырмаларын ортаға салып, талқылайды, постерге түсіреді. Коуч бақылаушы, бағыт-бағдар беруші ролінде.
Постер қорғау

SWOT талдау

15 мин
Бағалау 15 мин
Сауалнама толтыру 5 мин
Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек» 5мин Берілген стикерлерге осы коучингте

не ұнағаны туралы жазып, тақтадағы «Өмір ағашына» жапсырады

Бағалау туралы түсіндірме жұмыс.

Бағалау
Қалыптастырушы

Жиынтық

«Бекітемін»__________

Сыныбы: 9 Күні: 11.02.2020 жыл.
Сабақтың тақырыбы §37. 1954-1965 жылдардағы республикадағы қоғамдық саяси- өмір.
Мақсаты Догмалық түсініктерге негізделген қатаң идеологиялық қыспаққа алу қоғамның рухани өмірінің барлық саласына қысым жасағанын түсіну.
Күтілетін нәтижелер А. 1953-1964 жылдары КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығында болған Н.С.Хрущевтің кезіндегі республикадағы қоғамдық саяси- өмір туралы біледі.

В.Сталиннің жекебасына табынушылықты айыптаған КОКП- ның ХХ съезінен кейінгі жылымықты саралап, қайта атала бастаған есімдерді анықтайды.

С. Н.С.Хрущевтің ел басқарудағы қабілетін зерделеп, қоғамдық саяси- өмірге әсерін бағалайды.

Керекті жабдықтар Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 5мин Ұйымдастыру. Амандасу.

«Бір шаңырақ астында» әдісі арқылы топқа бөлу,

«Сұрақты ұстап ал!» әдісімен үй тапсырмасын сұрау,

АББҚ бар оқушыға бағдар карта беру.

Топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.

«Сұрақты ұстап ал!» әдісімен берілген деңгейлік сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді. «Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды

АББҚ бар оқушылар Бағдар картаны алып жұмыстанады.

Тұсаукесер 5мин Табыс критерийлері:

А. 1953-1964 жылдары КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығында болған Н.С.Хрущевтің кезіндегі республикадағы қоғамдық саяси- өмір туралы білу.

В.Сталиннің жекебасына табынушылықты айыптаған КОКП- ның ХХ съезінен кейінгі жылымықты саралап, қайта атала бастаған есімдерді анықтау.

С. Н.С.Хрущевтің ел басқарудағы қабілетін зерделеп, қоғамдық саяси- өмірге әсерін бағалау.

Бейне фильмінен үзінді, слайд.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
Негізгі бөлім 25мин «Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру .

Постер шығару.

Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру.

Оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт таратып, тақырыпты ашу.

Бағалау критерилерін тарату.

Постер қорғау.

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалату.

Постерді бағалау критерилері:

Тақырып мазмұнының ашылуы

Безендірілуі

Шығармашылығы

Топтар оқулық материалы, видео роликтен алған мәліметтерін қосып постер құрады.

Дайындап болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды.Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» беру арқылы өз ара бағалайды.

Қорытынды 10 мин «Крестиктер- нөлдіктер» әдісі арқылы сабақты бекіту.

«3:2:1» арқылы кері байланыс жасау,

Табыс критерийлер арқылы өзін- өзі бағалайды.

Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.

Өзін –өзі бағалауда басшылыққа алатын табыс критерийлері

Табыс критерийлері Ұпайлары (егер сұрақты ашпасаңыз-

0-ді, егер сұрақ толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз)

Жалпы ұпай
А. 1953-1964 жылдары КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығында болған Н.С.Хрущевтің кезіндегі республикадағы қоғамдық саяси- өмір туралы білемін. 0 1 2 3 4 5
В.Сталиннің жекебасына табынушылықты айыптаған КОКП- ның ХХ съезінен кейінгі жылымықты саралап, қайта атала бастаған есімдерді анықтаймын. 0 1 2 3 4 5
С. Н.С.Хрущевтің ел басқарудағы қабілетін зерделеп, қоғамдық саяси- өмірге әсерін бағалай аламын. 0 1 2 3 4 5
Ұпай 0-5 6-9 10-12 13-15
Баға 2 3 4 5

«Бекітемін»__________

Сыныбы: 11б Күні: 11.02.2020жыл.
Сабақтың тақырыбы Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Мақсаты Ұжымшарларды кеңшарларға айналдырудың жалғасуы мен ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктерді анықтау.
Күтілетін нәтижелер А. Ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктер және оны басқарудағы кемшіліктер туралы біледі.

В. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру ісінде орын алған басты тенденцияларды анықтайды.

С. Ауыл шаруашылығының халықтың тұрмыс деңгейіне әсерін зерделейді.

Керекті жабдықтар Қазақстан тарихы /М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев Алматы «Мектеп» 2013ж /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба,

интербелсенді тақта.

Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 5мин Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушыларды тренинг арқылы 3 топқа бөлемін.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұрау .

АББҚ бар оқушыларға Бағдар картаны таратып, орындалуын бақылайды.

Топқа бөлініп, ынтымақтаса отырып бірлесе жұмыстанады.

«Серпілген сауал» әдісімен берілген деңгейлік сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмасына дайындығын көрсетеді.

Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды

Тұсаукесер 5мин Табыс критерийлері:

А. Ауыл шаруашылығының дамуындағы ерекшеліктер және оны басқарудағы кемшіліктер туралы білу.

В. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру ісінде орын алған басты тенденцияларды анықтау.

С. Ауыл шаруашылығының халықтың тұрмыс деңгейіне әсерін зерделеу.

«Он сұрақ» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.
Негізгі бөлім 25мин «Тыңдайтын үшбұрыштар» әдісі арқылы жаңа сабақты өздігінен меңгеру.

«Температураны өлшеу» әдісі арқылы жұмыс барысын бақылаймын.

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:

СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).

ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.

ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.

(Рөлдерді анықтау үшін “Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).

Қорытынды 10 мин «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасау.

Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады.

ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Маукимов Руслан Саулебаевич

Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылындағы кешкі ауысымдық мектеп.

Мақсаты: Қазақстан тарихы сабағында оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын, шығармашылығын, кәсіби деңгейін жетілдіруде оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерін қолданудың тиімділігін көрсету.

Міндеттері:

  1. Қазіргі оқытуда қолданылып жүрген әдіс- тәсілдерге сипаттама жасау;
  2. «Қазақстан тарихы» сабағында оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің қолданылуы

Жоспар:

Кіріспе

  1. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістері
  2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүгінгі күні рeспубликамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгeріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бaғдaрламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.» деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде заманауи білім беру парадигмасы өзгеріс үстінде» — деп атап көрсетті. [1]

Ақпaраттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Білім алушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты[2].

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

  1. Оқушының белсенділігін арттыру.
  2. Шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Оқушы дарыны мен талантын анықтау.

Қазіргі оқытудағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.

«Инновация» деген латын тілінен аударғанда (жаңа, жаңару,өзгеру,жаңа нәрсені ендіру,жаңашылдық деген ұғымдарды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация – «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңаша әдістеме деген мағынада пайдаланылады. А.М.Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс, оның құрылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»-деп атап көрсетеді[7;25]. Инновациялық үрдіс- жаңалықтарды құру, (туғызу,жасау), меңгеру және тарату, қолдану, жүзеге асырудың тұтас қызметі. Инновациялық үрдіс-«жаңа әдістеме құралы» деп те қарастырылады.

Қазіргі дәуірдің әлеуметтік және экномикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматтандырылған және ақпараттық технологиялардың тегеурінін атауға болады. Бұл ерекшелік тұрақты кәсіптердің өз қасиеттерін жоғалтып, өзгерістерге ұшырап, уақытша сипаттарды иеленуіне әкеуде. Мұндай жағдайда үйрене білу жәнеүйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. [5;4]

Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:

-үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;

  • оқу / оқытуда жаңашыл және интербелсенді әдістерді қолдану;
  • оқу/оқытуды бағалау.

  • Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер мынадай: «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге незізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы үйренуге/үйреуге болады». Қазіргі күніәрекетті педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни оқу поцесін интербелсенді әдістемелер құрауы керек; әрбір оқытушы әр сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет.

    Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» — «әрекет жасау» дегенді білдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Сонымен, «интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену үйрену/үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін «үйретуші», «үйренуш»-үйренуш», «үйренуші-өзімен-өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер») құрайды.

    Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру пороцесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

    1. Бaрлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
    2. Әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.

    Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) мазмұны мен қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен түсінігімен алмасады, жоғары нәтижеге қалай жете алатындығын анықтайды. Мұндaй қaрым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, жаңа білім игеруге жағдай жасайды.

    Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, мәселен: бірлескен жұмыстaр(жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұрағат, басқа адамдар: оқушылар, мұғалімдер, мамандар, т.б.) шығармашылық жұмыстар, т.б[5;4]

    Осындай интербелсенді әдістер мыналар: «Джигсо», «Тыңдап отырған үштік», «Өкіл», «Алтын балыққа арналған аквариум», «Ақылдың алты қақпағы», «Тв шоу».

    «Джигсо» әдісінің артықшылығы — топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі. Оқытушы топты топшаларға бөліп, материалдың күрделілігіне байланысты тапсырмалар береді. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Нақты бір сұрақты немесе тапсырманы таңдаған топша Сарапшы топ деп аталып, ортақ проблеманың шешімін табу үшін бірлесе жұмыс істейді. Тапсырманы орындаудың бұл кезеңінің соңына қарай оқушы өзге «сарапшылармен» өзара қарым-қатынас жасап, мәселені талқылаудың арқасында өз сұрағы бойынша сарапшы болып қалыптасады. Оқушылар бастапқы топқа оралады. Бұл тапсырманың көздегені: тапсырманы сәтті аяқтау үшін оқушылар әрқайсысының сарапшы топтан алған мәліметтерін ескеріп, бастапқы топтың бірлескен ақылына сүйенуін қамтамасыз ету.

    «Өкіл» әдісінің мақсаты: белсенді тыңдау, қауым алдында сөйлеу және анық баяндау, тәжірибе алмасу және өзара байланыста болу. Оқытушы топты үш- төрттен орналастырады. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланып, зерделенген материалды түсіну үшін немесе бұл туралы топтың ойын білу үшін топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай – ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.

    «Ақылдың алты қақпағы» әдісінің мақсаты: мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс. Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады.

    «Тв шоу» әдісінің мақсаты: көптеген оқушылардың сөйлеу және тыңдау, көру және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқытушы жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, құрдастар бағалайды.

    2. «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың заманауи әдістерін қолданудың тиімділігі

    Өзімнің сабақтарымда оқытудың заманауи әдістеін әр түлі қолдануға тырысамын. 1)Мысалы: «XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар» тақырыбында сабақтың үй тапсырмасын сұрау кезеңінде венн диаграммасын қолданамын.

    1- тапсырма:

    Кіші жүздегі Сырым Датұлы көтерілісі мен Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерінің ортақ сипаттары мен айырмашылықтары

    (Венн диаграммасын толтыру)

    2) Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың II ж Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Сабақтың жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде: «Джигсо» әдісін қолданамын. Интербелсенді әдістің бірі топтарды кездейсоқ бес топшаларға бөлемін. Таратпа қағаздарға өзі таңдаған санды жазып топтасады. Топ бес топшаға бөлінді. 1-топ «Реформа», 2- топ «Генерал-губернатор», 3- топ «Сот», 4-топ «Уезд», 5-топ «Округ». Жаңа тақырыптың осы жоспар бойынша тақырыпты өздері игеріп, постерге қорғайды.

    «ДЖИГСО» әдісі:

    Жаңа сабақ «Джигсо» әдісі бойынша тақырыпты талдап, бірігіп жұмыс жасауына жол ашу. Тапсырмаларды оқытушы топтарға барып, бақылайды, бағыт береді.

    • 1-топ: Ақпараттық жаналықтар бағдарламасы бойынша әкімшілік реформалар туралы ақпарат береді. (24кz жаңалықтар бағдарламасы) «Тв шоу» әдісі арқылы қорғайды;
    • 2-топ: «Фишбоун» әдісі бойынша проблеманың себептерін анықтау, дәлелдер келтіру, нәтижесін шығарады.
    • 3-топ: 1822/24 жылғы жарғылар мен 1867 -1868 ж реформаларды салыстыру.«SWOT» кестесі арқылы қорғайды;
    • 4 топ: Халық шаруашылығында қалыптасқан жағдай, реформалардың отаршылдық мәні туралы әңгімелесу;

    5-топ: Реформаның нәтижесі, салдары.

    «Джигсо» әдісі бойынша, әр топтағы оқушылар берілген тақырыптарды топта талқылайды. Талқылап болған соң, тақырыпты басқа топ мүшелеріне түсіндіреді, қалған оқушылар басқа топтың тапсырмаларын тыңдайды, сұрақтар қояды, маңызды жерлерін дәптерлеріне жазып отырады. Әр топ берілген тапсырмаларын флипчартқа түсіреді, білімдерін жинақтап, ортақ шешімге келеді.

    3) Сабақтың тақырыбы: Қазақстан өлкесіндегі XX ғасырдың басындағы саяси партиялар. Қазақ өлкесіндегі ұлттық автономиялар.Сабақта жаңа білімді игеру үшін«Өкіл» әдісін қолданамын. Топты төрт топшаға бөліп, «Алаш» партиясы, «Үш жүз» партиясы, «Түркістан автномиясы», «Кадеттер партиясы» деген тақырыптарды үлестірме карточкалар арқылы таратамын. Топтар бір-біріне берілген жаңа материалдарды түсіндіру арқылы жаңа мәлімет береді. Топтар талқылап болғаннан кейін, топта белсенді түсіндіргендер келесі топқа «елші» ретінде барып, жаңа мәлімет тыңдауға және өз мәліметімен бөлісуге барады. Бұл әдіс тыңдаушылардың мәліметін толықтырады.

    4) Сабақтың тақырыбы: Шетелдік интервенция және азамат соғысы кезіндегі қазақ өлкесі. Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде: интерактивті тақтаға Ақпан төнкерісі мен Қазан төнкерісінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн» диаграммасы арқылы сұраймын. Екінші стратегия «Миға шабуылдау» арқылы: Ақпан төнкерісінің нәтижесі қазақ үшін тиімді болды ма? немесе Қеңес үкіметінің орнауына «Алаш» партиясының пікірі қандай болды? деген сұрақтар арқылы ой қозғаймын. Ал жаңа тақырыпты түсіндіру үшін: Топты таратпа қағаздарда жазылған сандар арқылы топтастырып, 1-топқа: Азамат соғысының алғышарттары, 2-топқа: Әскери коммунизм саясаты, 3-топқа: Қазақ өлкесіндегі майдандар атты сұрақтарды бөліп беремін. Әр топ «джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты алдын-ала оқытушы дайындаған гипер-мәтін арқылы игеріп, түсіндіреді. Бұл әдістер уақыт үнемдеу үшін, білім алушы сабақты тиімді меңгеру үшін қажет.

    Тарихқа қатысты қатысты проблемалық сұрақтар:

    Зерттеу сұрақтары білім алушыларды тақырыптың белгілі бір аспектісімен таныстырып, оқыту жоспарына мазмұнды ұзын тізім жоспарына мазмұнды ұзын тізім етіп енгізуді болдырмау мақсатында әзірленеді. Әр білім алушы тиісті барлық ақпаратты тізімдеп жатқанша, білім алушыларға шешілетін проблеманы ұсынуға арналған сұрақтар әзірлеген дұрыс. Бұл проблеманы шешу үшін білім алушылардың пән мазмұнын білуге тиіс екендігі сөзсіз. Оқытушы өзінің пән бойынша білімдері мен педагогикалық білімдерін пайдалана отырып, білім алушыларға бұл сұраққа жауап беру үшін қандай әдісті қолданған дұрыс болатынын шешеді.

    Мысалдар:

    Нацистік Германия

    1. Неліктен билік басына Адольф Гитлер келді?
    2. Нацистер жақсы азамат па еді?

    Сталиндік Ресей

    1. Сталиндер қызылдар патшасы болды ма?
    2. Сталиндік Ресейдегі ең қауіпті адамдар кімдер еді?
    3. Бесжылдық жоспарлар қаншалықты табысты болды?

    Оқытушымен шеберлікпен өткізген сұрақ – жауабы оқушыларды анағұрлым қызықты және күрделі жауап беруге жігерлендіреді : айталық, жеке басқа табынудың орын алуына ықпал еткендер; басқалардың үстінен сөз тасыған адамдар; Кеңес үкіметіне күмән білдіруден бас тартқандар.

    Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа жеке бір саланы қарастыруды тапсыру : бір топ НКВД, екінші топ Ежовты қарастыратын болса, тағы біреулері арыз тасығыштарды қарастырады, т.с.с.

    Топтар түрлі көздерден ақпарат алады : кітаптар, құжаттар, интернет т.б

    Әр топ өз тақырыбы бойынша қандай ақпарат тапқаны туралы топқа хабарлайды. Топтар өздерінің негізгі қортындыоларын баяндау үшін таныстырылым әзірлей алады немесе жай ғана баяндап берулеріне болады.

    Бұл таныстырылымдардан кейін бүкіл топ болып, бастапқы сұрақты талқылайды : Сталиндік Ресейдегі ең қауіпті адамдар кімдер еді ?

    Оқытушы бұл сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы болмайтындығын атап көрсетті.

    Осы сұраққа жауап беру барысында, Сіз білім алушылардың көптеген тақырыптарды қамтитынын көре аласыз [3,4]

    Қорытынды

    Қорыта айтқанда, жаңа әдістердің көмегімен білім алушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.

    Қарапайым сұрақтан күрделі сұрақтарды қоя білу арқылы студенттер ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта жасауға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға жаттығады. Топтық жұмыс барысында да белсенділік таныту арқылы студенттер дарындылығын байқата отырып, топта өзіндік пікірлерімен ғана емес, көшбасшылық қырымен де таныла бастады.

    Оқытудың әдіс-тәсілдерін өз сабақтарымда қолдану барысында түсінгенім студенттердің бірін — бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын студенттің сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Мұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Білім беру процесі — ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жыл

    2.Интернет ресурсы: Қазақстан тарихын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану- сапалы білім негізі. Кайсарова Гулдаурен Тураркызының мақаласы

    1. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІ деңгей. НЗМ ДББҰ, 2017. -139 б.
  • Қазақ тарихы № 2 (141), 2016 -44 б

  • Әлімов Асхат Қамзаұлы. – Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану: Оқу құралы.-А 2015-180б

  • Қазақстан тарихы:әдістемелік журнал. №6, 2009ж., 25 б

  • Аннотация

    Заманауи әдістерді Қазақстан тарихы сабағында қолданудың тиімділігі көрсетілген.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.