Жаңа сабақтар

Берниязова Баян Бердибаевна

Берниязова Баян Бердибаевна
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Арай»бөбекжай бақшасы

Тақырыбы «Маңғыстау маңғаз мекенім»

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: «Маңғыстау маңғаз мекенім»

Тақырыбы: Мен және менің сүйікті қалам Жаңаөзен!

Мақсаты:

Білімділік: Туған жер туралы түсініктерін қалыптастыру. Жаңаөзен қаласының тарихымен мәдениетімен, таныстырып туған жерін,

Дамытушылық: Балалардың танымдылық және ізденушілік қасиетін дамыту. Тәрбиелік:қаласын қамқорлап сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Сөздік жұмыс: Әдіс –тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу,дид ойын.

Билингвальды компонент: город , әуежай-аэропорт т.б.

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің барысы:

І.Кіріспе бөлім: Қимылмен жасау: Есік қағылып топқа қонақ келеді.

-Балалар , мына адам кім болды екен?

(балалар амандасып , төрге отырғызып жөн сұрасты)

-Менің атым «Ұмытшақ апай». Мен үнемі ұмытып қала беремін.Сендерге келген себебім маған көмектесесіңдер ме?

ІІ.Негізгі бөлім:

1. «Ұмытшақ апай»: Мен үнемі ұмытып қала беремін

Сондықтан мен Б.Даулетовтың :Туған жерің бесігің-өлеңін оқып беріп, сендермен ойын ойнайын.

Ойынның бөлімдері:

-Сұрақ –жауап

-қолындағы заттары арқылы

-қаладағы ғимараттар

-қала көшелері туралы,жұмбақ жасыру

2.Дидактикалық ойын: «Бұл қаланың қай жері?»

Мақсаты:Бұл қаланың қай жері.

«Ұмытшақ апай» балаларға қаланың кез-келген жерін көрсетіп сұрақ қояды.

«Ұмытшақ апай» балаларға алғысын білдіріп , енді ұмытпайтын болып үйіне кетті.

3.Сергіту сәті:Жаттығу жасау: Мен келемін ,келемін

Туған қала көшесінде

Оң жағымда ….

Сол жағымда….

4.«Ұмытшақ апай» қойған сұрақтарға тез жауап беріп ,

-«Арайлы Жаңаөзен» альбомын қарап,қонақты шығарып салды.

ІІІ.Қорытынды.

Балалар бүгін қай қала туралы өткендерін айтады,сұрақтарға жауап береді.

Тексерілді:______________

№13 «Өркен» МАД тобы

Күні айы жылы;

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: «Маңғыстау маңғаз мекенім»

Тақырыбы: Қасиеті мол дәрілік шөптер. (Алтын тамыр,адыраспан,ащы мия,женьшень) Қайталау

Мақсаты :

Білімділік: Балаларды дәрілік шөптермен, соның ішінде Маңғыстауда өсетін дәрілік шөптермен таныстыру.Олардың ерекшеліктерін бір – бірінен өзгешеліктерін салыстыра отырып айту. Олардың гүлі мен сабағы,жапырақтарымен таныстыру.

Дамытушылық:Дәрілік шөптердің қасиеттері туралы түсінік беру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:дәрі-лекарство, шөп –трава,дәріхана-аптека.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы;

Кіріспе бөлім;

Топқа тісі ауырған қоян,басы ауырған тиін , және жөтеліп жүрген қасқыр келеді.

Олар бәрі жалынып балалардан көмек сұрайды.

Балалар келген аңдарға аяушылық білдіріп, оларды емдеуге кірісті. балаларға Маңғыстауда өсетін дәрілік шөптер туралы түсіндірді. -сурет бойынша дәрілік шөптің құрылысымен таныстыру.-дәрілік шөптің қасиетіне тоқталу.-мазмұнды -рөлдік ойын:«Дәріхана» Балалардың қажетті дәріні алып,аңдарды емдеуі. Маңғыстауда өсетін дәрілік шөптер туралы түсінді.Дәріхана ойыны арқылы балалар қажетті дәріні алып аңдарды емдеді.Дидактикалық ойын :«Бұл қандай шөп?» Жазылған аңдармен бірге ойын арқылы шөпті есте сақтау.Балалар аңдармен бірге ойын арқылы шөпті есте сақтады.

Қортындылау: Балалардан сұрақ жауап алады.мадақтайды.

Тексерілді;

№13 «Өркен» МАД тобы

Күні:айы жылы;

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: «Маңғыстау маңғаз мекенім»

Тақырыбы: «Домбырадан күй күмбірлеткен…» (Абыл Тарақұлы, Есбай Балұстаұлы,Құлшар Бахтығалиев күйшілермен және олардың күйлерімен танысу)

Мақсаты: Білімділік:Атақты күйшілер Абыл,Есбай,Құлшар өмірі мен өнері жөнінде таныстыру. Күй деген сөзге түсінік беру. Күйші туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Ұлттық аспаптардың ерекшеліктерін, дауыс ырғақтығын білдіру арқылы халықтық өнерге қызығушылық сезімдерін дамыту. Тәрбиелік: Халық даналығына, дәстүрлеріне бас иіп сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: саз- музыка, күй-кюй , аспап- инструмент

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы;

Кіріспе бөлім;

Әуенмен залға кіру.

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын ,көк аспан!

Мықты болсын іргеміз ,

Бәріміз біз біргеміз!

-саз жетекшісі әуен қосады.(домбырадан төгілген күй)

-Балалар, бұл қандай аспап және тыңдап отырғандарың не?

Саз жетекшісіне қонаққа келген балалар күмбірлеген күйді тыңдады.

Күйді қандай ұлттық аспаппен тартатынын айтып берді.

Саз жетекшісі балаларды

  • өмірі мен өнері (слайдтан көрсету)
  • Абыл,Есбай,Құлшар шығармаларын тыңдату.

-домбыраның құрылысымен таныстырды.

-домбыраны тартып көрсетті Күйшілердің өмірі мен өнерін тамашалап шығармаларын тыңдатты . Домбыраның құрылысын , тартылуын көрді.Дидактикалық ойын:

«Аспапты тап»

Үніне қарай аспаптың атын атау. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау : «қыз қуу», «арқан тартыс». Дидактикалық ойын арқылы аспаптардың атын білген балалар ұлттық ойындар ойнады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.