Жаңа сабақтар

Джаманбаева Жанылхан

Аты жөні Джаманбаева Жанылхан Мекен жай:Маңғыстау облысы Жанаозен қаласы «Арай»бөбекжай бақшасы тақырыбы Жобалау технологиясы

Тақырыбы: Жобалау технологиясы

Мақсаты: Жобалау әдісі- иновациялық педагогикалық технология.Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.

Жоба ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған орта кезеңінде процессімен мен алдын-ала жоспарланған тәжірбиелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жоба құрылымы 3 кезеңнен тұрады.

1.Дайындық.

2.Негізгі.

3. Қорытынды.

Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып,жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі.Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады.Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.

Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).

Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және қорытындыланады.

Даму перспективаларын анықтау жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек.Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.

Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ).

  1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).

2.Уақытына шектеу қою ( барлық жобаның басталып, аяқталатын мерзімі болуы керек).

3.Жобаның бірегейлігі.

4.Қажет қордың шектеулігі.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар: Шешімін іздейтін мәселенің болуы,жоба бұл байсалды ойын,баланың дербестігі және ата-ана мен баланың ортақ шығармашылығы;

Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет, сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы,оның белсенділігі және оның дербестігі;

Жобалау кезінде мектеп жасына дейінгі бала рөлінің өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады.Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды.Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігінің көптігі (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады.

Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді.Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Соынмен бірге жобалық іс-әрекет бала бақшада зерттеушілікпен зор қиюласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек.

Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты: тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады.Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы менжеке баламалардың жігер үйлестірушісі.Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып балалармен көп ізденеді.Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі.

Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.Одан басқа,әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады,оқиды, кітап жазады)барлығы да берілген тақырыпты жан — жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап,көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді.

Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында баланың өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп , дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. 21- ғасырда əлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі — мектеп білімін жаңарту.Баладардың неғұрылым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тəрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жəне жоба жұмысын жасауға мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екен- бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология əлемдік педагогикада жаңалық емес. Жоба түрлері: Зерттеушілік – шығармашылық; Рольдік, ойын түрінде; Ақпараттау – тәжірибелік – бағдарлау; Шығармашылық. Жобалау қызметінің үрдісі бойынша педагог тек дайын білімді беру емес, балалардың танымдық қызметін ұйымдастырушы рөлін атқарады. Жобалау қызметі белсенді, шығармашылық педагогқа білім беру салаларының мазмұнын тиімді ықпалдастыра отырып ,әртүрлі, қызықты, толық мазмұнды қызметтер арқылы мақсат – міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Жобалау әдісі тәрбиеленуші балалардың ата-аналарымен ынтымақты жұмыс жасау тиімділігіне және оларды балабақша өміріне тарту мүмкіндігінде оңынан.шешеді. Балабақшадағы жобалау қызметінің ерекшелігінің мәні, балабақша баласы өзінің мәселесін, ойларын өз бетімен тұжырымдай алмайды, сондықтан балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі жобалау қызметі балалардың, педагогтардың, ата-аналардың қатысуымен ынтымақтастық түрде өтеді. Мектепке дейінгі жастағы бала жобалау қызметінің ұйымдастырушысы, авторы бола алмайды, баланың қызығушылығын түсінетін үлкендердің көмегін қажет етеді. Қойылған мақсат – міндеттердің шешілуіне байланысты үлкендер балаға құрал – жабдықтар және мақсат қажет ету тәсілдерін табуға көмектеседі. Үлкендердің көмегіне сүйене отырып, балалар өз мәселелерінің шешімін ата-аналарына сұрақ қою арқылы, танымдық әдебиет кітаптарды оқу, бақылау жасау арқылы ізденіп табады. Олар бірігіп шығармашылық қызметпен: сурет салады, шеберлік қолөнерімен айналысады.Жобалау қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті жағдайлар: Баланың қызығушылығын есепке алу.Ерікті түрдегі қызмет.Тақырыптың түсініктілігі. Алынған мәселе жағдайы бәріне түсінікті болуы қажет.Балалардың аз болса да, жеке ынталы бастамаларын қолдау.Жоба жұмысына ата-аналарды өз еріктерімен тарту, балалармен бірге шығармашылық жұмыс жасауға жағдай туғызу.Жоба бойынша жұмыста бірізділік ұстанымды сақтау. Педагогпен бірге мақсатқа жету жұмысы. Жобалау әдісінде; мысалы «Құстар» тақырыбын алатын болсам Құстарға бір ай бойы бақылау жүргіземіз.Құстар қайдан қалай пайда болады.Күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кететіндігін түсіндіру. Құстар жыл құстары дала құстары болып топ топқа бөлінеді.Балаларға құстар туралы кеңінен түсіндіріп өту,Құстарға альбомдар,суреттер және слайд төрінде көрсетіп түсіндіре кету.

Балаларды серуенге шыққанда құстарды көрсетіп оларға ұя жасап,жем беруді көрсету.

Қортындылау; Балалардан бір ай бойы нені зертегенін нені бақылағанын сұрау.Сұра жауап алу.

Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.

Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.

Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.

Жобалап оқытудың артықшылықтары:логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы,жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады.Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін

дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет.

Әдістемелік қызметі өз жұмысын қарапайым ликбезден,яғни барлық мұғалімдерді қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден бастай алады.Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен кішігірім сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі.

Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды,ата — аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады(жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп,педагогтарға практикалық кеңестер,ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.