Жаңа сабақтар

Сулейменова Нурсулу Болатовна

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Талдысай ауылы «Аққайың» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Сулейменова Нурсулу Болатовна

«Добым, добым дөңгелек. Тоқтамайсын дөңгелеп»

Мақсаты: Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру. Дөңгелек пішінімен таныстыруды жалғастыру. Әр түрлі көлемдегі доптарды ермексазбен мүсіндеуді үйрету. Балаларды ермексаздың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру.Ермексазды бөліп, бір үлкен, бір кіші домалақ жасауға үйрету. Ұсақ қол қимыл-қозғалыстарын, ойлау дағдыларын дамыту. Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Білім саласы: шығармашылық, коммуникация

Бөлімі: мүсіндеу

Қолданатын құралдар: түрлі-түсті доптар, ермексаз, тақтайша,сулық, таяқша

Билингвальді компанент: доп-мяч, үлкен-большой, кіші-маленький

Шаттық шеңбері: Біздің топта балалар

Тату-тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашанан

Тек жақсылық ойлайды.

-Балалар, сендер кілемнің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп-дөңгелек доптар күтіп тұр.

Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендер доптармен ойнағыларың келе ме? Олай болса, ең алдымен топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.

-Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін? Допты тым биік лақтырсақ жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ, терезеге тигізіп алуымыз мүмкін, немесе басқа заттарды құлатып алуымыз мүмкін.

-1олай болса топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады? Бір-бірімізге дөңгелетіп. Еденге соғып, немесе бір-біріміздің қолымызға лақтырамыз.

-Доптар сонда жеңіл, олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін.

-Енді доптарымыз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та, үстелімізге отырайық.

-Балалар, доп орыс тілінде-мяч, үлкен-большой, кіші-маленький.

(Балалар сөздерді қайталайды)

-Балалар, мына доптар бірдей ме?Түстері қандай? Қайсы үлкен, қайсы кіші? Пішіні қандай?

-Балалар, мен сендерге бүгін ермексаздан доп мүсіндеуді үйретемін. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?

-Олай болса мұқият болайық. Ермексазды таяқшамен екіге бөлеміз, доптың көлемін анықтаймыз. Бір үлкен. Бір кіші доп жасаймыз. Екі алақанымыздың ортасына ермексазды салып дөңгелетеміз. Осы іс-әрекетті ауада жасап көрейік.

-Балалар, жұмысты бастамай тұрып, саусаққа арналған жаттығуын жасайық:

Саусағым, қайда болдың?

Балалармен не істедің?

Бір баламен жүгірдім,

Бір баламен биледім,

Бір баламен қыдырдым,

Бір баламен ойнадым,

Бір баламен секірдім

Достарымды жинадым.

-Ал енді жұмысты бастауға болады. (Балалар өз бетімен жұмыс істеді)

-Балалар, бүгін ермексаздан не жасадық?Сендерге ұнады ма? Доп жасау үшін қандай түстері таңдадыңдар? Ендеше кімнің добы әдемі болып шықты?

(Көрмеге мүсіндерді орналастырып, ең әдемі допты таңдайды)

Сергіту сәті:

Ал балалар, тұрайық, алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып біз тынығып алайық

Жарайсыңдар, балалар. Ал енді доп туралы тақпақ айтайық.

«Доп»

Домала, доп, домала, балшыққа тек жолама.

Бүлдіресің қолымды, жек көремін оныңды.

Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.

Қуса күшік жетпесін, машина басып кетпесін.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: доптың дөңгелек пішінді екендігін, топ ішінде доппен ойнау ережелерін біледі

Игереді: домалақтау тәсілін

Меңгереді: мүсінді таза, ұқыпты жасауды

«Жау, жау, жаңбыр»

Мақсаты: Балаларды күз мезгілімен, күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыру. Балалардың алған білімдерін кеіейту. Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту (қылқаламды басу техникасы). Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, ойын, ән орындау, тақпақ, мадақтау, қорытындылау

Көрнекіліктер: күз мезгілінің суреті,үлгі, ақ парақ, акварель бояуы, су, сүлгі, қолшатыр, үнтаспа

Билингвальді компонент: күз-осень,жаңбыр-дождь

Шаттық шеңбері: Кәне, кане тұрайық, үлкен шеңбер құрайық,

Тұрсақ енді шеңберге алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға, сол жақтағы балаға.

Шапалақта қапалақ, шапалақта шапалақ.

-Балалар, бүгін бізге тәрбиеші апайлар келді, амандасайық

-Балалар, бүгінгі күндерің нұрлы болсын, сабағымыз жақсы өтсін.

-Терезеге қараңдаршы қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгрістер болады? «күн суытады, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, т.б.)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ал қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын, тыңдаңдар: «Жапарақты бояды, атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын, сап-сары ғып қояды». Бұл қай мезгіл? (Күз мезгілі)

  • «Жерге тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады, шешуін кім табады?» (Жаңбыр)

-Жұмбақтарды дұрыс шештыңдер, ал енді тыңдаңдар, бұл ненің дыбысы? (Жаңбырдың)

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар. Бүгін бізде сурет оқу қызметы, бүгінгі тақырып «Жау, жау, жаңбыр».Жаңбыр суретін саламыз, суретімізді акварель бояуымен, қылқаламмен саламыз.

-Балалар, Күз орыс тілінде-осень, жаңбыр-дождь

-Балалар, жаңбыр қайдан жауады? (Аспаннан, бұлттан)

-Дұрыс, балалар, енді үлгіге назар аударыңдар. Мұнда не бейнеленген? (Бұлт)

-Иә, бұлт бейнеленген, енды осы бұлттан жаңбыр жауып тұрғанын саламыз. Қалай салатымызды мен қазір көрсетемін. Ол үшін қылқаламды суға саламыз,содан кейын көгілдір түсті бояуға саламыз да, басу техникасы арқылы бұлттың астына жаңбырдың тамшысын саламыз. (Көрсету)

-Енді, балалар, жұмысқа кірісуге болады.

(Балалардың өздык жұмысы)

-Балалар, шаршадыңдар ма? Ондай болса, орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Қолшатыр» ойыны

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу.

Шарты: «Күн шықты» деген кезде, балалар бойын сергітіп, күнге қыздырынып еркін ойнайды. Ал «Жаңбыр жауды»деген кезде, барлығы қолшатырдың астына тығылады.

-Өте жақсы, енді орнымызға барып орналасайық.

-Балалар, бүгін бізде қандай оқу қызметі болды?Не салдық?Орыс тілінде күзді не дейміз, жаңбырды не дейміз?Қазір суреттерімізді көрсетіп, бағалайық.

-Ал қазір, балалар, бәріміз қосылып, жаңбыр туралы ән орындайық.

( «Жаңбыр, жаңбыр, тук-тук-тук»)

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, бәріңе рахмет.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күз мезгілінің ерекшеліетерін

Игереді: қылқаламды басу арқылы жуан, жеңішке із қалдырулы

Меңгереді: табиғатты бағалай білуді

«Су қасиеттері»

Мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерінкеңійту. Судың табиғаттағы орнын, оның табиғат пен адамға маңыздылығын түсіндіру. Судың қасиеттерімен таныстыру. Суды үнемдеп пайдаланудың ережелерін түсіндіру. Балалардың ойлау қабілетін және зерделеуін дамыту. Табиғатты қорғауға, ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: тәжірибе жасап көрсету, жұмбақ жасыру, түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелесу, мақал-мәтел, тақпақ, ойын

Көрнекіліктер:су, шыны ыдыстар,сүт, бояу, қант, мұз, ұнтаспа

Билингвальді компанент: су-вода

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгін біздің топқа қонаққа апайлар келді, қане орнымыздан тұрып, шаттық шеңберінде амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Біз бақытты баламыз, балабақшаға барамыз,

Сәлем, сәлем, алтын күн, сәлем, сәлем, достарым.

Сәлем, сәлем, баұшаға, сәлем бердіе баршаға.

Сәлеметсіз бе, апайлар, сәлеметсіз бе, ағайлар.

-Өте жақсы, балалар, енді бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінің қандай ерекшіліктері бар? (Күн суық болады, қар жауады, боран соғады, т.б.)

-Балалар.Ал қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын, тыңдаңдар:

«Жылт-жылт еткен, жырыдан өткен. Ол не?» (Су)

«Дәмі де жоқ, түсі де жоқ, пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?» (Су)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол су. Су орыс тілінде-вода. Су-тіршілік көзі. Сусыз біз бір күнде өмір сүре алмаймыз. Су барлық тірі табиғатқа өмір береді. Суды үнемдеп сақтау керек. Босқа төгіп, шашуға болмайды. Суды біз қалай пайдаланамыз? (Суды ішеміз, жуынамыз, өсімдіктерді суарамыз, т.б.)

Музыка: Судың сылдыры естіледі.

-Балалар, бұл ненің дыбысы? (Судың дыбысы)

-Бүгінгі оқу қызметінде суға тәжірибе жасаймыз, судың қасиеттерімен танысамыз.

1тәжірибе. «Су сұйық, құйылады»

Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құямыз, не байқадыңдар?

2тәжірибе. «Су мөлдір»Бояулар қосу арқылы

Екі ыдыстың біріне су, екіншісіне сүт құйылыды. Ішіне қасық саламыз. Қай ыдыстағы қасық көрінеді? Сүттің тісі қандай?Судың түсі қандай?Бояулар қосу арқылы судың түсін өзгертуге болады. Суға бояу қосамыз, түсі өзгерді ме?Түсі қандай болды?

3тәжірибе. «Судың дәмі де, иісі де жоқ»

Әр балағаыдыспен су беріледі, оның дәмін татып, иіскеп кқрулері сұралады.

-Судың иісі бар ма?Енді алдыларында тұрған қантты қосып, араластырыңдар да, дәмін татып, иіскеп көріңдер, не байқадыңдар? (Судың дәмі өзгерді, тәтті болды).

4тәжірибе. «Су салқын, жылы, ыстық болады»

Арнайы ыдысқа құйылған температурасы ұстап, ажыратып, ыстық, суық, жылылығын айтады. Қауыпсыздық ережесі айту.

5тәжірибе. «Су қатты суықта мұзға айналады»

-Балалар, мынау не? (Мұз)

-Иә, суды салқынға қойсақ, ол мұзға айналады. Мұз салқын ба,жылы ма?

-Су ерігенде неге айналады? (Суға)

-Жарайсыңдар, балалар, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстық.

Сергіту сәті: Қимыл ойын «Ауа, жер, су»

Ойын шарты: «Ауа» дегенде құс болып ұшады, «жер» дегенде қоянша секіреді, «су» дегенде балықша жүзеді.

-Балалар, су туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Су бар жерде ырыс бар

Сумен ойнама-батарсың, отпен ойнама-жанарсың

Ағын су жолын табады, ақ адам оңын табады.

Су-тіршілік негізі

-Балалар, су туралы тақпақ айтайық.

Қарақат: Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу,

Жуынсаң сен әрдайым,таза бетің, мәңдайың.

Тазалықтын досы, су деген осы.

Гүлден: Білсін мұны балалар, сусыз құрғақ далалар,

Сусыз қараң қалалар.

Ескертеміз бар ұлға, ескертеміз бар қызға,

-Суды босқа ағызба.

-Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?Сусыз өмір сүруге болама?Суды қалай пайдаланамыз?Суды ластап, төгуге болама?Қандай тәжірибе жасадық?Суды орыс тілінде не дейміз?

-Су-табиғаттың берген сыйы, оны ешкім қолдан жасаған жоқ. «Судың да сұрауы бар»,-деген мақал осыдан қалған. Сол үшін суды үнемі ұқыпты пайдалану біздің азаматтық парызымыз.

-Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметіне белсене қатысқан үшін сендерге алғысымды білдіремін.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: су және оның маңзы туралы

Игерді: тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерін

Меңгереді: суды ластамауды, табиғатты аялауды.

«Нан қайдан келеді?»

Мақсаты: Балаларға нанның адам еңбегімен келетінің, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Ұннан жасалған тағам түрлерін ажырата білуін жетілдіру. Нанның қадір-қасиетін бағалауға және үлендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау, қорытындылау

Пәнаралық байланыс: коммуникация, шағармашылық

Көркем сөз, д/о: мақал-мәтел, өлең оқу, жұмбақ жасыру, д/о «Ұннан жасалған тағамдарды ата»

Көрнекіліктер: Слайд, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы

Билингвальді компонент: нан-хлеб, диірмен-мельница, наубайхана-пекарня, дүкен-магазин

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенмен тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіз бе, апайлар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Күз мезгілі)

-Күз мезгілінде неше ай бар, атап шығайық (қыркүйек, қазан, қараша)

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (күн суытады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жие жауады, т.б.)

-Өте жақсы, балалар. Бүгін аптаның сәрсенбі күні, қазір бізде сөйлеуді дамыту оқу қызметі. Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, тыңдаңдар:

«Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас. Ол не?» (Нан)

-Дұрыс, балалар. Нан бізге қайдан келетінін білгілерін келеді ме?

(Слайд көрсету)

-Алдымен көктемде егіс даласын , жерді тракторлармен жырады. Тракторды кім айдайды? (Үлкендер, трокторшы)

Әбден жұмсарған жерге тұқым себеді. Егінге жаңбырдың суының пайдасы көп. Күн көзі мен су мол болса, егін бітік шығады. Күзде, егін піскенде, оны комбайынмен жинайды. Жинаған дәндерді машинамен диерменге алып барады.Диірменде ұн қылып ұнтайды. Ұнды машинамен наубайханаға алып барады. Наубайханада неше түрлі нан пісіреді. Нан таситын машинамен дүкендерге әкеледі.Ал біздер дүкенге барып, сатып аламыз.

-Міне балалар, күнделіете жеп жүрген нанымыз осындай ұзақ, қиын жолдан өтіп, біздің дастарқанымызға келеді. Сондықтан нанды өсіретін адамдарға деген үлкен құрмет көрсетуіміз керек.

-Балалар, енді дайын піскен нанды жеп көрейік.

(Ғажайып сәт. Есік қағылады. Қоян қонаққа келеді.)

Қоян :- Сәлеметсіздер ме, балалар. (Сәлеметсіз бе, қоян)

-Мына жерден керемет, тәтті иіс шығады ғой, не жеп отырсыңдар? (Нан)

-Нан деген ол не?Балалар, мағанда беріңдерші, дәмін көрейінші.

-Қоян, сен біздің балалармен ойын ойнасаң, біз саған нанның дәмін көруге береміз.

Қоян: -Жақсы, жақсы келісемін. Ондай болса «Ақ қоян» ойынын ойнайқ.

Сергіту сәті: «Ақ қоян»қимыл ойыны

Қоян нанның дәмін көріп:

-Ммм, қандай дәмді, қандай тәтті! Сендер бұл нанды қайдан алдыңдар?

-Балалар, нан қайдан келетінін айтып берейік.

-Біріншіден жерді трактормен жырады. (Сонда нанды жеуге болама?)

-Жоқ, содан соң тұқым себеді. (Сонда нанды жеуге болама?)

-Жоқ,егін шыққан соң, оны комбайынмен жинайды. (Сонда нанды жинауға болама?)

-Жоқ,енді дәндерді машинамен диірменге апарады. (Сонда нанды жеуге болама?)

-Жоқ, енді дәмдерді ұн қылып, ұнтақтайды. (Сонда жеуге болама?)

-Жоқ, енді ұннан нан пісіреді. (Сонда нанды жеуге болама?

-Жоқ, содан кейін нанды машинамен дүкенге апарады. (Сонда нанды жеуге болама?)

-Осы кезде нанды дүкеншіден сатып алып, жеуге болады.

-Ой, бұл өте ауыр, әрі уақыт көп кететін жұмыс екен, оданда мен өз орманыма кетейін, ормандағы өсімдіктерді жеймін. Сау болыңдар, балалар.

-Балалар, қоян жалқау екен, адамдар еңбексүйгіш екен. Қазақ халқы «Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті» деп бекер айтпаған екен.

Дидактикалық ойын «Ұннан жасалған тағамдарды ата»

-Балалар, нан туралы қандай тақпақ білеміз?

«Нан қиқымын шашпаңдар, жерде жатса, баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп, торғайларға тастаңдар»

-Нан туралы қандай мақал-мәтел білеміз?

«Ас атасы-нан, нан-дастарханға сән»

«Нан бар жерде ән бар»

«Нан-тіршілік көзі»

-Қаншама адам күні-түні еңбек етіп, тер төккен қасиетті нанды біз қастерлеп, қасиеттеуміз керек. Нанды шашуға болады ма? (Жоқ)Жерге тастауға болады ма? (Жоқ)Нанды ойыншық қылып ойнауға болады ма? (Жоқ)

-Дұрыс, балалар, жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек.-Ал қазір, балалар, біз бәріміз қосылып ұжымдық жұмыс жасайық «Тарелкедегі печеньелер мен тоқаштар». Жұмысымызды қағаздан аппликация қылып жасаймыз.

(Балалардың өздік жұмысы)

-Балалар, қандай оқу қызметы болды? Не туралы әңгімелестік?Қонққа кім келді?Сабақта не істедік?

-Осымен сабағымыз аяқталды, балалардың бәрі сабаққа жақсы қатысты, рахмет сендерге.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: нан адамның еңбегімен келетінін

Игереді: ұннан жасалған тағамдарды атап, ажыратады

Меңгереді: нанды қастерлеп, ұлкендердің еңбегін құрметтеуді

Ашық қаралым.

«Қызықты математика»

Білім беру саласы: Таным

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту. Пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. 5 ке дейін екі тілде санауға жаттықтыру.Заттың тобына бір затты қосу немесе көп заттың тобынан бір затты алу. «Қанша болды?», «Қанша қалды?» , «Барлығы неше?» деген сұрақтарға жауап беру. Математикаға деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабілетін дамыту.Балаларды топпен жұмыс жасауға, бір-біріне достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: тіл дамыту, көркем әдебиет.

Көрнекіліктер: хат, қорапша, геометриялық пішіндер, қоян, кірпі, тиіннің бейнелері, сәбіз, алма,саңырауқұлақтың суреттері, үйлестірмелі материалдар, жұлдыздар.

Билингвалды компанент: бір, екі, үш, төрт, бес- один,два, три, четыре, пять, қоян-заяц, тиін-белка, кірпі- ежик, алма-яблоко, саңырауқұлақ-гриб, сәбіз- морковь.

Шаттық шеңбері:

Сәлем, деймін мен күнге, сәлем деймін мен саған,

Сәлем, деймін апайға, жануарлар мен құстарға

Еркем, еркем, еркем-ай, еркелеген еркем-ай,

Жақсы көрем сендерді, жақсы көрем өмірді!

-Өте жақсы, балалар !

Бір жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл бар (қыс, көктем, жаз, күз)

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде неше ай бар?Аттарын атап беріңдерші. (Үш ай бар желтоқсан, қаңтар, ақпан)

-Қазір қыстың қай айы? (Ақпан айы)

-Жарайсыңдар, балалар. Бүгін бейсенбі күні, қазір бізде математика оқу қызметі.

(Осы кезде есік қағылады, хат тасушы апай кіреді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен хат тасушы апаймын. Бұл «Аққайың» балабақшасы ма? «Күншуақ тобы» ма?

  • Сәлеметсіз бе, хат тасушы апай! Иә, бұл «Аққайың» балабақшасы, «Күншуақ» тобы.
  • Ондай болса, мына хат пен мына қорапша сендерге. Сау болыңдар, балалар.

-Рахмет сізге. Сау болыңыз.

-Балалар, бізге хат тасушы апай хат пен қызықты бір қорапша алып келіпті, бұл хатты кім жазды екен? Мен хатты оқиын. Сәлеметсіңдер ме, балалар.Мен математика ханшайымымын. Сендерді сынап көргім келеді. Қорапшаның ішінде тапсырмалар жазылған жұлдыздар бар, сол тапсырмаларды орындасаңдар, менен сыйлық күтіңдер.Сау болыңдар.

  • Балалар, математика ханшайымының тапсырмаларын орындап, сыйлықтарын аламыз ба?

1-тапсырма:

-Бірінші жұлдызды алып, бірінші тапсырманы оқиын: «Геометриялық пішіндерді атап, ажырату».

-Балалар мынау қай геометриялық пішін? Түсі қандай? Бұрыштары бар ма, санайық. (Бұл төртбұрыш, түсі сары, төрт бұрышы бар.)

-Мынау қай геометриялық пішін? Түсі қандай?(Бұрыштары бар ма? (Бұл дөңгелек, түсі көк, бұрыштары жоқ)

-Мынау қай геометриялық пішін? Түсі қандай? Бұрыштары бар ма?

(сопақша,тіктөртбұрышты әңгімелейді)

  • Өте жақсы, балалар, математика ханшайымының бірінші тапсырмасын орындадық, ал енді екінші тапсырмаға кірісейік.

2 тапсырма: «5 ке дейін санау».

-Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырайын,тыңдаңдар:

«Орғыған қорқақ, көзі қыли еді,

Қыс пен жазда екі түрлі киім киеді». Ол не? (қоян)

-Дұрыс, балалар, қоян . Орыс тілінде қоянды не дейміз?(заяц)Қоян немен қоректенеді, не жақсы көреді?(сәбіз)

-Балалар сәбізді орыс тілінде не дейміз? (морковь)

-Жақсы балалар қоянға бір сәбіз берейік.Бір сәбізге тағы бір сәбіз қоссақ, қанша болады?Санайық (1,2, барлығы 2 сәбіз)

-Тағы бір сәбіз берейік, қанша сәбіз болды?( 1,2,3 барлығы 3 сәбіз)

-Тағы бір сәбіз берейік, қанша сәбіз болды? (1,2,3,4 барлығы 4 сәбіз)

-Тағы бір сәбіз қосайық, қанша болады? (1,2,3,4,5 барлығы 5 сәбіз)

-Балалар енді сәбіздерді орыс тілінде санайық. (Один,два,три,четыре,пять всего пять )

  • Балалар, сәбізден біреуін алдым, қанша қалды? (Төрт)

-Тағы бір сәбізді алдым, қанша қалды? (Үш)

-Тағы бір сәбізді алайын, қанша қалды? (Екі)

-Тағы біреуін алайын, қанша қалды? (бір)

-Балалар ,енді қоянға тақпақ айтып беріңдерші.

Ақ қоян-ау, ақ қоян, қорқақ қоян сақ қоян,

Қаша берсең қалыңға, қорқағым деп ат қоям.

-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы енді тағы бір жұмбақ тыңдаңдар:

Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты қадап инесін. Ол не?( кірпі)

-Балалар, кірпіні орысша не дейді?(еж)

-Кірпіге алма сыйлайық. Алманы орыс тілінде не дейміз? (яблоко)

(Балалар алмаларды екі тілде санайды) Кірпіге де тақпақ айтып берейік.

Кірпі, кірпі, кірпі үсті толған ине,

Бірін берсең шіркін, қадар едім түйме.

-Балалар енді соңғы жұмбақты тыңдаңдар:

Бұтадан, бұтаға секірген, кішкентай ғана шапшаң аң. Ол не? (тиін)

-Балалар,орыс тілінде тиінді не дейміз? (белка)

Тиінға саңырауқұлақтар сыйлайық. Саңырауқұлақ орыс тілінде( гриб)

(Балалар саңырауқұлақты екі тілде санайды)Тиінға да тақпақ айтып берейік:

Мен тиінмін, тиінмін, қысқа жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа, іші жылы үйімнің.

-Балалар беске дейін санамақ кім біледі?

Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық екеуміз.

Бас бармақ- атам, балалы үйрек-әжем,

Ортан терек-әкем, шылдыр шүмек- апам,

Кішкене бөбек-мен.

-Бір үйде нешеуміз?

  • Бір үйде бесеуміз.

Жарайсыңдар, балалар, математика ханшайымының екінші тапсырмасында орындадыңдар.Балалар, шаршадыңдар ма? Орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Ал балалар, тұрайық, алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп, солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып біз тынығып алайық

-Енді балалар, математика ханшайымының келесі тапсырмасына кірісейік:

3 тапсырма: «Тәулік бөліктерін анықтау»

-Балалар, бір тәулік неше бөліктен тұрады? Айтып беріңдерші. (Таңертең,түс,кеш,түн)

-балалар, сендер балабақшаға қай кезде келесіңдер?(Таңертең)

-Қай кезде балабақшада ұйықтайсыңдар? (Түсте)

-Қай кезде үйге қайтасыңдар? (Түнде)

  • 4- тапсырма Үйлестірмелі материалмен жұмыс жасау.

-5-тапсырма: Дидактикалық ойын: «сұрақ-жауап».

-бір қолымызда неше саусақ?( Бес)

-Бағдаршамның неше көзі бар? (Үш)

-Сиырдың неше мүйізі бар? (Екі)

-Машинаның неше дөңгелегі бар? (Төрт)

-Адамда неше ауыз бар? (Бір)

-Адамда неше құлағы бар? (Екі)

-Аспанда неше ай,неше күн бар? (Бір)

-Түлкінің құйрығы ұзын ба,қысқа ма? (Ұзын)

-Қоянның құйрығы ұзын ба,қысқа ма? (Қысқа)

-Жіп жуан ба, арқан жуан ба?( Арқан)

-Өте жақсы.Қандай сабақ болды?Сабаққа кім келді? Не алып келді?

Бүгінгі сабақта не істедік?

-Жарайсыңдар, балалар , сендер өте ақылды, білгіш балалар екенсіңдер. Бүгінгі сабақ маған өте ұнады, рахмет сендерге.Енді математика ханшайымының сыйлықтарын сендерге таратайын. Осымен сабақ аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Білуді: 5-ке дейін екі тілде санай білу,тәулік бөліктерін біледі

Игереді: Геометриялық пішіндерді танып, ажыратуды

Меңгереді: Өз бетімен іс- әрекет жасай білу. Алған білімдерін дамытып, іскерлікте пайдалана білу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.