Жаңа сабақтар

Дюсембаева Куралай Абилгазиновна

ШҚО Семей қаласы «Семей қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектеп кешені» КММ. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Дюсембаева Куралай Абилгазиновна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақмерзімді жоспардың тарауы:

Мәңгілік Ел — мұратым

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Мәңгілік ел – бабалар арманы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) Т/А.9.1.1.1 Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.

Ж. 9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

«Мәңгілік ел – бабалар арманы» тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді, түпнұсқамен салыстырады.

«Мәңгілік ел – бабалар арманы» тақырыбында берілген мәтіннің әр бөліктеріне жазбаша күрделі жоспар құрады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

«Мәңгілік ел – бабалар арманы» тақырыбында дайындалған нақыл сөздерді пайдалана отырып пікір алмасады, айтылған ойға нақты дәлелдер келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Күрделі жоспардың бір бөліміне стильдердің бірін таңдап шағын мәтін жазады, айтылуында өзгерістер байқалған сөздер мен сөз тіркестерінің астын сызады.

Бағалау критерийі Сұрақтарға болжаммен жауап беріп, түпнұсқамен салыстырады.

Мәтінге жазбаша күрделі жоспар құрады.

Нақыл сөздерді пайдалана отырып пікір алмасады, нақты дәлелдер келтіреді.

Мәтін құрап жазады, мәтіндегі фонетикалық принципке қатысы бар сөздерді табады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

Болжаммен жауап беріп, түпнұсқамен салыстырады.

Жазбаша күрделі жоспар құрады.

Нақыл сөздерді пайдалана отырып пікір алмасады, нақты дәлелдер келтіреді.

Мәтін құрап жазады, мәтіндегі фонетикалық принципке қатысы бар сөздерді табады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мәңгілік, адамзат, интеллектуалдық, һәм, мүдде, формула, серпіліс, инфрақұрылым, идея.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Мәңгілік ел, Ұлы дала, кемел тұжырым, мемлекетшіл сана, мәңгі қала.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Мәңгілік» ұғымын қалай түсінесіңдер?

«М әңгі ел» ұлы интеллектуалдық серпіліс деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ата-бабаларымыз аңсаған арманға қол жеткізе алдық па?

«Мәңгілік ел»идеясы дегеніміз не?

Не себепті ата-бабаларымыздың мәңгілік ел болуды армандады деп ойлайсыздар?
Құндылықтарға баулу Жас ұрпақты мәңгілік елін, туған жерін құрметтеп, қадірлей білу құндылықтарына баулу.
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Алдыңғы оқу Мәңгілік ел туралы түсініктері қалыптасқан
Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың

Басы

7 мин

2 мин

2 мин

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал орнату.

«Жүректен жүрекке» әдісі.

Әр оқушы бір — біріне жүрек суреті арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

Топқа бөлу: сабақ тақырыбына байланысты қима қағаздарда жазылған нақыл сөздер жатады, сол бойынша үш топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» әдісі.

Сұрақтар қойылады.

«Мәңгілік ел» қақпасы туралы не білесіңдер?

Ата-бабаларымыз армандаған мәңгілік ел қандай?

«Мәңгілік ел» идеясының маңызы қандай?

Сабақтың ортасы

25 мин

12 мин

13 мин

1-тапсырма. Ж. Т.Ж

«Ара ұясы» әдісі.

Алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша оқушылар жауап беріп, мәтінді қайта тыңдай отырып түпнұсқамен салыстырады.

І топ.

1. Мәңгілік ел – бабалар арманы деген сөзді қалай түсінесің?

2. «Мәңгілік ел» қақпасы туралы не білесіңдер?

ІІ топ.

1.Барша адамзатқа ортақ мұра не?

2. Көне түркі жазбаларында «мәңгі» сөзі неше рет кезігеді және мәнісі қандай?

ІІІ топ.

1.«Мәңгілік ұғымын» қалай ашып бересің?

2.Бабалар арманын тәуелсіздікпен қалай байланыстырасың?

«Мәңгілік ел — нұрлы жолдың бастауы»,

«Мәңгілік ел — өткеніңді ұмытпау, ертеңіңді ұлықтау», «Мәңгілік ел — тәуелсіздік тірегі» деген нақыл сөздерді пайдалана отырып «Мәңгілік ел – бабалар арманы» тақырыбында пікір алмасыңдар, айтылған ойға нақты дәлелдер келтіріңдер. Нақыл сөздер топтардың алдарына ұсынылады. /көпшілігі/

Дескриптор

Сұрақтарға жауап береді

Түпнұсқамен салыстырады

Нақыл сөздерді пайдаланады

Пікір алмасады, дәлелдейді.

ҚБ. Тапсырманы орындату критерийлері бойынша топ оқушылары бір-бірін бағалайды.

Критерийлер Дұрыс Бұрыс
Сұрақтарға дұрыс жауап беруі
Түпнұсқамен салыстыруы
Нақыл сөздерді пайдалануы
Пікір алмасуы, дәлелдеуі

2-тапсырма Ж.

«Ойыңды жина» әдісі

«Мәңгілік ел – бабалар арманы» тақырыбында берілген мәтіннің әр бөліктеріне жазбаша күрделі жоспар құрады.

Күрделі жоспар құру барысында оқушылар мәтіндегі әрбір абзацтар мен бөліктерге мән беріп, мағыналық компоненттерін бірге көрсетуі қажет. Әр бөлім өз ретімен тармақтарға бөлінуі керек, егер кейбір бөлімдері тармақтарға бөлуге келмесе, ол сол қалпында қалады. Бөлімдері арасында логикалық байланыстың болуын ескеру қажет.

Күрделі жоспардың бір бөліміне стильдердің бірін таңдап шағын мәтін жаз, орфоэпиялық заңдылықтар бойынша айтылуында өзгерістер байқалған сөздер мен сөз тіркестерінің астын сыз. /кейбірі/

Дескриптор

Күрделі жоспар құрады

Бөлімдер арасында логикалық байланыстың болуын ескер

Стильдердің біріне шағын мәтін жаз

Айтылуында өзгерістер байқалған сөздер мен сөз тіркестерінің астын сыз

ҚБ «Көршіңді бағала» әдісі

Тапсырманы орындату критерийлері бойынша жұптар бір-бірін бағалайды.

Күрделі жоспар Мәтін құрауы Айтылуында өзгерістер байқалған сөздер мен сөз тіркестерінің астын сыз
Қима қағаздар
Сабақтың соңы

8 мин

5 мин

3 мин

3-тапсырма Ж.

Ж/Ж«Раундробин» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша өз идеялары мен ойларын жазып, оң жағындаңы көршіге парағын ысырады. Көршісі алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды ары қарай жалғастырады.

Рефлексия

«БББ» әдісі.

Оқушылар алдарында жатқан кестені толтырады. Білемін, білдім, білгім келеді.

Қосымша мәлімет
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Бұл сабақта оқушылардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және жеке қабілеттері ескеріледі. Алдыңғы тақырыпты пысықтауда талқылауға арналған сұрақтар «Миға шабуыл» әдісі арқылы жеңілден күрделіге қарай ауысады.

Сыныптық жұмыс кезінде «Ара ұясы» әдісі жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін және ойын еркін жеткізіп сұрақтарға жауап беру үшін қолданамын.

«Ойыңды жина» әдісіНәтижеге немесе жауап арқылы саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады..

1-тапсырмадан соң оқушылар тапсырманы орындату критерийлері бойынша топ оқушылары бір-бірін бағалайды.

2-тапсырмадан Тапсырманы орындату критерийлері бойынша жұптар бір-бірін бағалайды.

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті пәндерімен байланысады. Топқа бөлу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалаймын. Жас ұрпақты мәңгілік елін, туған жерін құрметтеп, қадірлей білу құндылықтарына баулу.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.