Жаңа сабақтар

Ж.Мұхаммедкалиева М.Нурманова К.Катыран

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебі жанындағы «Балауса» шағын орталығы Тәрбиеші: Ж.Мұхаммедкалиева

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім берусаласы: Шығармашылық.

Бөлімі: жапсыру.

Тақырыбы: Мысық.

Мақсаты: Әдемі үймысығын салып оны жапсыру,ұсақ қол қимылдарын дамыту,

Көрнекіліктер: сюжетті суреттер,ойыншық мысық.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,ұстау.

Билингвальді компонент: мысық-кошка,үй жануары-домашнее животное.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Амансың ба алтын күн!

Амансың ба жер ана!

Амансың ба достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар қимылмен жасайды.

Бір-бірін құшақтайды.

Ұйымдастырушылық

ізденістік

Педагог балаларға мысық ойыншықты көрсетеді. Оны балалар қолдарымен ұстап көреді, мысық қандай

Ол жұмсақ кішкентай

әдемі, сүйкімді ол үй жануары педагог түсіндіреді. Олай болса

мысықтың суретін салып оны қайшымен қиып жапсырамыз.

Алдымен түрлі түсті қағазға мысықтың суретін салып алып оны бүктеу әдісін пайдаланып алдымен құлағын ,басын ,денесін,

аяғын,қолын қиып аламыз ,мысықтың түсі қандай?- Әр түрлі болады ,дұрыс айтасыңдар балалар.

Сергіту сәті:

Ортақ болсын асқар тау

Жеміс толыбақша бау,

Болсын жермен су ортақ

Болсын кең де, көл де ортақта

Балалар ойыншық мысықты қолдарымен ұстап көреді.

-Иә ол жұмсақ!

Балалар түрлі түсті қағаздан мысықты бүктеу әдісін қолданып мысықтың дене мүшесін қияды оны жапсырады.

Желімнің көмегімен.

Рефлексиялық қозғаушылық Балалардың жасаған жұмыстарын мақтап мадақтап баға беру.

Қорытындылау.

Балалар аяқтаған жұмысын көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымда жеке жұмыс жасауды;

Игереді: Мысықты бүктеп қиюды.

Меңгереді:қимылды бейнені жапсыруды.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек орта мектебі жанындағы «Балауса» шағын орталығы

Тәрбиеші.М.Нурманова

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Шығармашылық.

Бөлімі : Сурет салу

Тақырыбы: Автобус.

Мақсаты: Автобустың суретін салуға үйрету,таза,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру, олардың жерде, суда, ауада жүретін түрлерін салыстырып әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: қағаз,түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: қоғамдық көліктер

Оқу іс-әрекетінің кездері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері.

-педагог балалардан көлік

түрлерін сұрайды; жаңа сабақты автобус жайлы жұмбақ жасырудан бастайды;

-балалар,автобус қандай көлік түріне жатады?

-қандай қоғамдық көлік түрлерін білесіңдер?

-Педагог балаларға көлік түрлерінің суретін беріп қоғамдық көлік түрлерін ажыратып тақтаға ілуін сұрайды. Педагог ілінген суреттердің іщінен балалардың зейінін

автобусқа аударады.

Балалар көлік суреттерін қарай отырып әңгімелейді.

Сұрақтарға жауап береді.

Жұмбақтың жауабын балалар табады.

Ұйымдастыру- ізденістік Педагог үлгі бойынша талдау жасайды;

-құрылыс материалдарын пайдалануға

жұмыс барысында балаларға бағыт беріп көмек көрсетеді. Өздерінің қалауы бойынша автобусты өзгертуіне, өз ойынан қосып ауыстыруына жағдай жасалады.

Үлгіні

қарап,.педагогпен

бірге талдау жасайды.Орындалу ретін қайталап айтады.

Рефлексивті түзетушілі Балалардың салған суреттерін автобустарын ,

өздерімен бірге талдау жасап, көрме ұйымдастырылады, жақсы салынған автобусқа ең әдемі автобус атағы беріліп, сабақты қорытындылайды.

Балалар өздерінің салған суреттерін шығармашылық әңгіме құрап айтып береді. Автобустармен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:көлік түрлері оның іщінде қоғамдық көліктер түрлері жайында.

Игереді: үлгілерді талду жасауды және қоғамдық көліктердің ерекщелігі

туралы түсініктері

Меңгереді: құрылыс материалдарынан автобус құрастыра алуды және шығармашылық тұрғысынан әңгімелей білуді.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек орта мектебі жанындағы «Балауса» шағын орталығы

Тәрбиеші .К.Катыран

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі : Ертегілер елінде.

Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі.

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ- жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Міндеттері: Ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің сөздерін

айтып үйрету. Фланелеграф арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау,

қимыл қозғалыстарын көрсете біліуін дамыту.Бір бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: шалқан, үлкен, сарғылт.

Қостілдік компонент: шалқан — репа, үлкен — большая, сарғылт — оранжевая.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ –жауап, сұрақ- жауап, тамашалау.

Көрнекіліктер: Фланелеграф кейіпкерлер суреттері

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы — Біздің көзіміз.

— Біздің құлағымыз.

— Біздің қолымыз бізге бөгет болмайды, олар бізге көмектеседі.

— Көреді.

— Мұқият тыңдайды.

Іздену-ұйымдастырушы -Кім шалқанды екті?

Алдарына атаның суретін қою.

— Ата кемпірді қалай шақырады?

— Кемпір немере қызды қалай шақырады?

Сурет арқылы сөйлем құрастыру, тәрбиеші екі бейнені көрсетеді: ата кемпірді шақырады, кемпір Машаны шақырады, т.б….)

Ойын: «Кім кімді шақырады?»

Мақсаты: ертегіні қайталау.

Ойын: « Кім жоқ?»

Тәрбиеші: –Кім бірінші келді? Бейнесін алдында қояды.

— Кім жоқ? Бейнесін қояды т. б

-Кім кімге көмектеседі?

— Маша кімге көмек берді?

Сергіту сәті.

— Ата.

— Кемпір кел, шалқанды

тартайық.

Балалар бірге шақырады.

Балалар сөйлем

құрастырады.

Балалар сөйлем

құрастырады.

— Ата.

— Кемпір.

— Кемпір атаға көмек берді.

Бәрі айтып ертегіні қайталайды.

Рефлексивті-коррекциялаушы — Дұрыс, бәрі бір – біріне көмек беріп шалқанды тартып алды.

— Ал, сендер, үйлеріңде кімге көмек бересіңдер?

Сұрақтарға жауаптар

береді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.

Түсінеді: Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды

Қолданады: Өз ойларын жеткізе алады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.