Жаңа сабақтар

Хадал Саттигул

ҰОҚ. Тақырыбы: Ас атасы-нан. 5 санының құрамы Мектеп «Чернова орта мектебі» КММ
Күні: 12.04.2019 жыл Педагогтің аты-жөні: Хадал Саттигул
Мектепалды даярлық тобы Қатысқандардың саны:11 Қатыспаған: 0
Оқыту мақсаттары: 0.3.1.1 Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды және заттар тобын қайта санау арқылы шешеді.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешеді

Кейбір тәрбиеленушілер:

-қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады және содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді.

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды және заттар тобын қайта санау арқылы шешуді түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

-есеп, мысал, қосу.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

-5 санының алдында қандай сандар бар?

-сан құрамын жазуда қай амалды қолданамыз?

Жазу:

-сандарды толықтырып жаз, салыстыр.

Алдыңғы білім Қосу және алу, «+» және «-», «>», «<» таңбалары, сан және цифр.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Басталуы

0-10 минут

Балалар, бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық.

Қайырлы күн қонақтар!

Қайырлы күн ұстазым!

Қайырлы күн балалар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымызды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Енді бейнежазбаға назар аударайық.

-Бейне жазбадан не көрдіңдер?

-Нан.

-Ас атасы-нан. Нан атасы-дән. Ендеше, балалар, алдымен дастарханға не қоямыз?

-Нан

-Мына табақтағы нанның саны нешеу?

-Бесеу.

бейнежазба

Табақ, нан

Ортасы:

10-24

Біздің сынып бөлмесінде қандай бірдей бес зат бар?( Балалардың жауаптары.)

Ендеше бүгін бес санының құрамын оқимыз.

I тапсырма: «Кім тапқыр» ойыны.

-Бестің алдында қандай сандар бар?

Ауызша айтады, сандармен көрсетеді. Бірге қайталайды.

-Енді 2 санын көрсетіңдер. 2 санының достары қандай сандар, кім тақтаға жазып береді? Балалар санның құрамын жазу үшін, қай амалды қолданамыз?

-Қосу

3 санының, 4 санының құрамын кезепен тақтаға жазады.

«Ақылды үкі» әдісімен өздерін өздері бағалайды.

Сергіту сәті

II тапсырма:

«Қайсысы көп» ойыны.

Екі табаққа тоқашты бөліп салып, көрсетіп тұрамын. Олар алдарындағы сандарға артық, кем белгілерін қойып орындайды.

«Бағдаршам» әдісімен бағалайды.

III тапсырма:

«Ойлан, тап!» ойыны.

-Бес санын қалай құруға болады? Параққа жазылған тапсырмадағы бос орындарға сандарды қойып, бес саусақты қолданып орындайды.

«Жетістік баспалдағы» әдісімен бағалайды.

Бүгін қай сан туралы айттық? Балалардың жауабы.

Нан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп-теріп қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

кеспе сандар

сан құрамы жазылған үйлердің суреттері

қыстырғыштар

бейнежазба

Тоқаш, табақ, артық, кем таңбалары, кеспе сандар

стикерлер

Парақ беттер, бес саусақ,

жетістік баспалдағы, стикерлер

Рефлексия

25-30 минут

Педагог қорытынды жасап балаларды мадақтайды. Бүгінгі сабақ ұнаса , көңіл-күйлерің жақсы болса жасыл түсті алманы таңдайсыңдар.

Ал ұнамаса, көңіл-күйлерің болмаса сары түсті алманы таңдайсыңдар.

Өздеріңе ұнаған алманы таңдап «Жеміс ағашына» жапсырасыңдар.

Неге оны таңдадың сұрағына жауап береді.

Алма ағашы, стикерлер (жасыл, сары алмалар)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.